Дәрілік өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 13:13, реферат

Описание

Курс барысында оқушылар дәрілік өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін, өсіп - өнетін жерлері мен шикізат ретінде оларды күтіп баптау мен жинау, сақтау ережелері қамтылады.
Дәрілік өсімдіктерден үй жағдайында халық медицинасында ежелден бері қолданып келе жатқан дәрі – дәрмектер жасау әдістерін, ауру адамның жасына және оның ауруының түріне байланысты дәрілердің қолданылуы.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер, олардың соңғы жылдары қазіргі медицина талабына сай, дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтетіні. Дәрілік өсімдіктерді зерттеген ғалымдардың еңбектері мен олардың еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіптерде алатын орны.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 15.92 Кб (Скачать документ)

Қазақстан – Еуразия орталығында орналасқан байтақ ел. Қазақстанның табиғат зоналары да географилық ендік бойынша орналасқан, өзара үйлесімді. Мұндай үйлесімділік еліміздің өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жан – жақты әрі әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. Әр ланшафтың бейнесі бірінші кезекте бар тіршіліктің тірегі жасыл өсімдіктерден құралады.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда жоғарғы сатыдағы 5754 өсімдік түрі кездеседі, олар: қырықбуындар, папоротниктер, жалаңаштұқымдылар және гүлдесін өсімдіктер. Ботаниктердің үздіксіз зерттеулері әрбір аймақ үшін, сондай – ақ ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылып отырады.

Қазақстанда өсетін көп өсімдіктер түрлерінің арасында дәрілік өсімдіктердің маңызы ерекше. Елімізде дәрілік өсімдіктердің түрлері көп, олар үлкен көлемді алып жатыр, өндіріс қажетіне дайындалып келеді.

Курс барысында оқушылар дәрілік өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерін, өсіп - өнетін жерлері мен шикізат ретінде оларды күтіп баптау мен жинау, сақтау ережелері қамтылады.

Дәрілік өсімдіктерден үй жағдайында халық медицинасында ежелден бері қолданып келе жатқан дәрі – дәрмектер жасау әдістерін, ауру адамның жасына және оның ауруының түріне байланысты дәрілердің қолданылуы.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер, олардың соңғы жылдары қазіргі медицина талабына сай, дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтетіні. Дәрілік өсімдіктерді зерттеген ғалымдардың еңбектері мен олардың еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіптерде алатын орны.

 Жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер тақырыбында пайдалану ісі (18 сағат)

Ғалымдардың болжауынша жүрек жұмысының созылмалы жетіспеушілігі таяудағы елу жылдың ішінде әлемдік кардиологиядағы негізгі тауқыметтің біріне айналмақ. Жүрек жұмысының созылмалы жетіспеушілігінен өлім жетім қарқыны да аса жоғары. Зерттеушілер жүрек жұмысындағы жетіспеушілік кезінде қимыл-қозғалыстың шипалық көмек жасайтынын, дәрілік өсімдіктердің оң ықпал етіп емдік қызмет атқаратынын анықтады. Мың жыл дерлік өмір сүрген Ибн Сина ауыру адамдарды долана дәрісімен емдеген. Долананың жемістерімен гүлдері жүрек ауруы үшін мың да бір ем – тамаша дәрі болып табылады. Долана дәрілері көк (вена) тамырларында, ми тамырларында қан айналымын күшейтіп, жүректің әсеріне деген сезімталдығын арттырады. Гүлден жасалған су тұнбамен жемістен жасалған сұйық экстрактты жүрек және гипертония ауруларына қолданады.

 Сарымсақ. Оның микробтарды жою мен қатар жүректің бұлшық еттерінің күшінкөбейтетін қасиеттері бар. Мәдени дақыл ретінде қолдан егіледі.

 Орман бүлдіргені. Қан азайғанда, қан қысымы көтерілгенде, атеросклероз ауруына қарсы, жүрек ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Қолдану тәсілі: 20 грамм өсімдік жемісін қайнап тұрған бір стакан сұға салып 20 минут тұндырадыда шай ретінде ішеді. Тағы басқа да көптеген дәрілік өсімдіктер қарастырылады.

Көрнекті ғалымдардың қазіргі кездегі бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланып жүрген дәрілік өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізілуі.

Әрбір өсімдік түріне медициналық көзқарас тұрғыда талдау жасалынады.

 Дәрілік өсімдіктерді дайындау тәсілдері және оларды жүйекте өсіру (6 сағат)

Дәрілік өсімдіктерді жинау, өсімдіктіңботоникалық сипаттамаларын, олардың Қазақстанда таралған жерлерін, дәрілік өсімдіктерді дайындаудың әдіс – тәсілдері және дәрілік өсімдіктердің сұранысын шешу мақсатында үй жағдайында, бау – бақшаларда, жүйектерде өсіру, жинау, кеппе нұсқаларын дайындау тәсілдері.

 Дәрілік шөптерді халық медицинасында қолдану тәсілдері (4 сағат)

Тәжірибе жасау және ғылыми сараптамаларғасүйене отырып жасалған препараттадың, тұнбалардың дәрілік қасиеттеріне баға беру.

Жалпы халық медицинасы пайдаланып келген шипалы өсімдіктермен емдеу мәселесі.

 Топ серуен (2 сағат)

Дендрологиялық бақтарға топ серуен ұйымдастыру барысында дәрілік өсімдіктердің өсірілу, кептірілу технологиясы.

 Қорытынды (2 сағат)

Оқушылардың өз беттерінше жасаған жұмыстарына сай шығармашылық есептері (реферат, баяндама, тест жұмыстары т. б)


Информация о работе Дәрілік өсімдіктер