Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 04:21, практическая работа
Жүйелер мен ағзалардың жылдам зақымдануымен сипатталатын қатты улану жағдайының барлық кезеңі, ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңнен бастап бірден жедел интенсивті медициналық көмекті қажет етеді. Бұл пікір кез келген қиын жағдайға (жарақат, ауру, бақытсыз оқиға) келеді десек те, улану жағдайында уақытымен көмек көрсету өте маңызды. Бұл токсиндердің фармакокинетикалық ерекшеліктері мен олардың зат алмасу үрдісіне араласуына байланысты, сонымен қоса көмектің кешеуілдеуі ағзадағы гомеостаздық кері айналмайтын өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жүйелер мен ағзалардың жылдам зақымдануымен
сипатталатын қатты улану жағдайының
барлық кезеңі, ауруханаға жатқызуға
дейінгі кезеңнен бастап бірден жедел
интенсивті медициналық көмекті
қажет етеді. Бұл пікір кез
келген қиын жағдайға (жарақат, ауру, бақытсыз
оқиға) келеді десек те, улану жағдайында
уақытымен көмек көрсету өте
маңызды. Бұл токсиндердің фармакокинетикалық
ерекшеліктері мен олардың зат
алмасу үрдісіне араласуына байланысты,
сонымен қоса көмектің кешеуілдеуі
ағзадағы гомеостаздық кері айналмайтын
өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтан медициналық көмек көрсетудің
қарапайым ұстанымдарын нақты білу, зардап
шегушілердің өмірін құтқарып, денсаулығын
сақтап қалу үшін өте маңызды. Қатты улану
барысындағы алғашқы медициналық көмек
арнайы у қайтаратындарды салуға бағытталады,
ағзаны удан тазартуға, адам өміріне маңызды
зақымдалған ағзалардың жұмысын демеп
отыру. Жедел медицина көмегі келгенге
дейін терінің умен ластанған жерлері
мен шырышты сумен жууға, асқазанды жууға,
30-50г. активтенген көмір (ересек адамға)
беруге, немесе іш жүргізетін (20-30г. магний
сульфаты, 50-100г. майсана майын) беруге
болады. Дем алысы бұзылған (құсу, тілінің
көмейге кетіп қалуы) жағдайда, зардап
шегушінің басын ыңғайлы етіп қойып, тілін
шығару керек, дем алысы тоқтап қалған
жағдайда – қолдан дем алдыру (тұрмыстық
химиялық заттармен және өндірістік улармен
уланған жағдайда ауздан ауызға дем алдыру
қауіпін естен шығармаған жөн, өйткені
көмек беруші өзі уланып қалуы мүмкін)
қажет.
Зардап шегуші есінен танып қалған жағдайда
оны төсекке немесе кушеткаға жатқызып,
басын тілі көмейіне кетіп қалмайтындай
қылып және тыныс алу жолдары құсықпен
немесе шырышпен бітеліп қалмайтындай
етіп жатқызу керек. Денесін қырына жатқызып,
басын денесінен сәл төменірек салған
дұрыс болады. Елестеушілікке ұшыраған
науқасты медицина көмегі келгенге дейін
бөлмеде ұстауға тырысу керек және терезеден,
басқыштан, қылтимадан құлап түспеуін
қадағалау керек. Сипатталған алғашқы
көмек шаралары жалпы болып есептеледі
және уланудың барлық түрлерінде өткізіледі.
Өйткені көбінде удың түрі мен атауы белгісіз
болады. Сондай-ақ бұл шаралардың кешені
уланудың сыртқы белгілерімен анықталады,
олар ағзаға түскен токсиннің механизміне
байланысты болады.
Күттірмейтін көмек. Тамақ арқылы уланған
жағдайда, уды қайтаруға, су-электролит
балансы мен қан айналымын орнына келтіруге
бағытталған, патогенетикалық терапия
жүргізіледі. Ем жүргізу аурудың этиологиясына
емес оның өту күрделілігіне қарай анықталып
жүргізіледі. Алғашқы күттірмейтін емдік
шара асқазанды 2-3 л жылы сумен жуу болып
табылады, 2% натрий гидрокарбонат немесе
0,1 % калий перманганат ерітінділерімен
шайынды су тазарғанға дейін жуу қажет.
Осы мақсатта асқазандық зондты пайдаланған
жөн. Науқастың жүрегі айнып, құсқысы келген
жағдайда аурудың басталғанына қанша
уақыт өткеніне қарамай, міндетті түрде
асқазанды шаю қажет. Науқасқа ыстық тәтті
шай ішкізу керек. Сондай-ақ аяқ-қолын
жылыту қажет (аяғына жылытқыш қою). Аурудың
бас кезінде сорбенттер қолдану ұсынылады
(активтенген көмір, энтерополисорб, энтеродез
т.б.). Көрсетілім бойынша антисептикалық
препараттар да пайдаланылады. Бұл шаралар
тамақ арқылы улану жеңіл өткен жағдайда
жүргізіледі.
Асқазанын шайғаннан кейін науқастың
жүрек айнуы, құсуы, ішінің өтуі басылмаса,
сусызданудың І-ІІ деңгейінің белгілері
және шамалы немесе орташа уланудың белгілері
білінсе, ауз арқылы регидратация және
у қайтаратын терапия жүргізіледі, осы
шараларды бүгінгі күні госпитальға дейінгі
кезеңде өткізу ұсынылады.
Бұл терапия тамақ арқылы жаппай улану
жағдайында өте тиімді. Науқастарды емдеу
үшін 1л қайнаған суға 3,5 г натрий хлорид,
2,5 г натрия гидрокарбонат, 1,5 г калия хлорид
және 20 г глюкозасы бар тұз-су ерітінділерін
қолданады. Дайын ерітінділерді 12-18 сағаттан
артық сақтауға болмайтындықтан, құрамы
осындай пакеттелген глюкосолан препаратын
пайдаланған тиімді. Сақтауға төзімді
препараттардың бірі регидрон мен цитраглюкосолан,
олардағы натрий гидрокарбонат гидроцитратпен
алмастырылған. Пакеттің ішіндегіні 0,5
немесе 1 л қайнаған жылы суға еріту қажет.
Науқас ерітіндіні бірнеше сағат ішінде
ішуі қажет, соңғы 4-6 с. ішіндегі нәжіспен
жоғалтқан сұйықтың 1 мөлшеріне ерітіндінің
1,5 мөлшері есебінде ішілуі қажет. Құсуы
қайталанған жағдайда ерітіндіні назогастралды
зонд арқылы құюға болады. Тұз-су терапиясы
бірден жағымды регидратация мен у қайтару
тиімділігін арттыруға қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Тамақ арқылы уланудың
ауыр жағдайында, немесе удың әсерінен
естен танып қалған жағдайда, құсуы тиылмағанда,
сусызданудың ІІІ, кей кезде ІҮ деңгейінде
регидратацияны көк тамыр ішіне жылы «Трисоль»,
«Хлосоль», «Квартасоль» полиион ерітінділерін
жылдамдығы 80 — 120 мл/мин. құю арқылы да
іске асырады.
Полиион ерітінділерінің жалпы мөлшері
сусыздану деңгейіне байланысты болады.
Осы орайда анамнез мәліметтері, клиникалық
көрініс, гомеостаздың шұғыл лабораториялық
зерттеу нәтижелері, науқастың дене салмағының
мөлшері, қан айналымының көрсеткіштері
және диурез есепке алынады. Тұз ерітіндісін
құйған кезде реакция пайда болса, сұйықты
құю жылдамдығы азайтылады және қосымша
ретінде көк тамырға инфузия жүйесі арқылы
60 — 90 мг преднизолон, 2 % промедол ерітіндісімен
бірге 5 % пипольфен ерітіндісін немесе
1 % димедрол ерітіндісін ( 1- 2 мл) құяды.
Теңгерілмеген ерітінділерді (изотоникалық
натрия хлорид ерітіндісі, 5 % глюкоза ерітіндісі)
немесе коллоидті қаналмастырғыштарды
(реополиглюкина полиглюкин) пайдалану
ағзаның көп шамада сусызданған жағдайында
бүйрек үсті безінің жетімсіздігі дамуына
әкеліп соғады.
Тамақ арқылы уланған патогенездер ерекшеліктеріне
қарағанда, антибиотиктер мен химио препараттарды
тағайындау тиімсіз болып табылады, өйткені
олар эндотоксиндердің көптеп босап шығуына
ықпал етіп, ішек дисбактериозының дамуына
әкеледі. Тамақ арқылы улану жағдайында
ауруханаға жатқызу мәселесі індеттік
жағдай мен клиникалық көрсетілімдерге
байланысты әр жағдайда жеке шешіледі.
Жеңіл түрде аурған науқастарды үй-ішілік
жағдайда емдеуге болады. Жұқпа бөлімшелеріне
орташа ауыр және ауыр түрде тамақ арқылы
уланып, қосымша аурулары бар науқастар
мен жатақханада жататын адамдар жатқызылуы
қажет және декреттелген контингентке
жататын: қоғамдық тамақтану, сауда, балалар
тамақ блогі, емдік және денсаулық сақтау
мекемелер жұмыскерлері госпиталдануы
қажет. Тамақ арқылы уланған науқастарды
аурухананың жұқпа бөлімшелерінен басқа
регидратация терапиясын өткізуге қажетті
препараттар мен жабдықтары бар бөлімшелерге
де жатқызуға болады, өйткені тамақ арқылы
улану контагиозды ауру болып есептелмейді.
Науқастарды арнайы көлік арқылы тасымалдайды.
Соңғы жылдары күштіәсерлі улы заттармен
улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі,
олар жаппай уланудың себепкері болуы
мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына
өндірісте (химиялық, мұнайгазөңдеу, металлургия,
фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы
хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын
түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды,
жануарларды жаппай уландыру жағынан
және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі
жағынан қауіп төндіретіндер көбінде
газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі
апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға
шығып, олар улану аймағын құрайды, оның
мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне,
ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық
пен ауа температурасы) байланысты болады.
Бұл заттардың көбі ауадан ауырырақ болады
да бұлт ретінде төмен жерлерде, жер асты
қоймаларында шоғырлануы мүмкін. Уланған
бұлт орнынан қозғалып жаңа жерлерді уландыруы
мүмкін. Қатты жел бұлттың тез тарқауына
ықпал етіп, улы заттың шоғырлануын азайтады,
ал жаңбыр удың жерге сіңуіне ықпал етеді.
Күштіәсерлі улы зат (КӘУЗ) деп әдетте
шоғырлану мүмкіндік шегі (ШМШ) асып кеткен
жағдайда, белгілі мөлшерде адамдарға,
ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге
зиян келтіріп, оларға түрлі деңгейде
зақым келтіретін химиялық қосындыларды
атайды. Өндірістің түрлі саласында бүгінгі
күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады.
Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын
немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер,
апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер
мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында
тұрғындарға да қауіп төндіреді.
Хлор – тыныстарылтқыш өзіндік күшті
иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе
ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді.
Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен
қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін
пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде,
каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары
стансасында залалсыздандырғыш құрал
ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады.
Зақымдалған құбырлардан атмосфераға
шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу
барысында және ауада су буымен қосылу
барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті
тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға
жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор
буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге
қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен
тыныс алу жолдары арқылы енеді.
Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты
ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының
бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу.
Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда
өлімге әкелу мүмкіндігі бар.
Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен
уланған адамға «В» немесе «М» маркалы
өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық
газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация
жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп,
жедел умен ластанбаған жерге шығарып,
қысатын киімдерден босату қажет. Дем
алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан
ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет.
Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5
%-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза
сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық
ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық
мерзімде оны жылыту қажет және толық
тыныштықты қамтамасыз ету керек.
Аммияк – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан
жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында
хладогент ретінде, тыңайтқыштар және
басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады.
Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан
кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді.
Зақымданған құбырлардан шыққан кезде
түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті.
Аммияк буы дем алу ағзаларын, көз бен
теріні қатты тітіркендіреді. Аммиякпен
улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі,
тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу,
көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың
қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек
айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы,
сандырақтау.
Аммиякпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиякпен
уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы
өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация
жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп,
жедел умен ластанған жерден таза ауаға
шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған
адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы
нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға»
әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммияк
асқазанға енген жағдайда бір стақан суға
бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше
стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммияк
көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю
қажет.
Күкірт сутегімен және
күкірт газымен уланған кездегі
алғашқы көмек
Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз
газ. Тұтану температурасы — 246° С. Тығыздығы
1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда
жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.
Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз
қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын
(SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде
жанады.
Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан
өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс
алу жолдары мен көзді тітіркендіреді.
Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда
қызартады немесе қышыма болады.
Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 –
2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір
иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады.
Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша
ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.
200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады,
көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ
тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі,
шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.
750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.
1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден
өлімге әкелуі мүмкін.
Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің
шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі — ШРҚ)
– 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында –
3 мг/м3.
Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің
ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 %
дейін (көлемдік).
Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа
әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады.
Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің,
тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің
бұзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру
бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына
әкеледі.
Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері:
сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің
ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың
ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл
дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.
Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған
жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет
болған жағдайда – реанимациялық қызметті
шақыртады.
Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні
дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе
желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу),
ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып,
жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты
тазалайды. Егер зардап шегуші есінен
танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп,
қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап
кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап
шегушіні газданған аймақтан шығару (алып
шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.
Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және
жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде
сода немесе минералды сілті суы қосылған
жылы сүтті береді.
Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит)
көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тағамдық
сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты
қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған
және суытылған вазелин және зәйтүн майынан
2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты
ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе
0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған қалыпты
дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады.
Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге
түскен кезде дененің зақымданған аумағын
ағынды сумен жуады.
Күкірт газымен уланған жағдайда көзді,
мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен
шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды.
Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық
соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы
ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут
сайын 2-3 рет).
Егер зардап шегушінің тыныс алуы тоқтаса,
жасанды тыныс алу жасау керек. Жүрек соғысы
сезілмесе, жасанды тыныс алуға қосымша
жүректің сыртынан массаж жасалады. Көмек
әрқашанда жасанды тыныс алудан басталады.
Тақырып бойынша глоссарий: Күшті әсер етуші улы заттар, адам тіршілігі, Химиялық ластану, Хлор, Аммиак, Күттірмейтін көмек, терапия, күкірт сутегі, күкірт газы.