Гидробионттардың тыныс алу мүшелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:10, аттестационная работа

Описание

Көптеген шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. Ostrapoda,Maxillopoda-олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері-эпиподиттер. Decapoda отряд өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір қабырғасымен ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында орналасады. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.

Работа состоит из  1 файл

гидробиология.pptx

— 288.47 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

      Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері

 

        

              Коловраткалар

Коловратканың тыныс алу мүшесі болмайды. Олар бүкіл денесімен тыныс алады.

                                             Шаянтәріздділер

Көптеген шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. Ostrapoda,Maxillopoda-олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтардың протоподиттерінен басталатын тақталы немесе бұтақталған жұқа қабырғалы өсінділері-эпиподиттер. Decapoda отряд өкілдерінің желбезектері алдымен кеуде аяқтарының протоподиттерінде дамып, соңында дененің бүйір қабырғасымен ауысып, бас қалқаншасындағы бүйір шеттерінің астында, ерекше желбезек қуысында орналасады. Басқа жоғарғы сатыдағы шаяндарда желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.

 

Decapoda

 

Maxillopoda

                               Азқылтандылар

Олигохеттердің тыныс алу бүкіл денесімен өтеді. Терісіндегі капиллярлар тығыз тор түзейді де, газ алмасуды қамтамасыз етеді.

                               Көпқылтандылар

Полихеттердің басым көпшілігі бүкіл денесімен, кейбір түрлері параподияларында орналасқан желбезек арқылы тыныс алады, ал желбезектері қан тамырларына бай келеді.

                                          Насекомдар

Суда тіршілік ететін, атмосферадағы ауамен тыныс алатын насекомдар (сүңгуір қоңыз,су қандаласы) құрсағындағы түктері арқылы ауа қорын ұстап сақтайды, ол үшін насеком ауық-ауық су бетіне көтеріліп түктер арасына ауаны жинайды. Суда еріген оттегімен тыныс алатын насекомдардың личинкаларында (инеліктердің, веснянкалардың) кеңірдек желбезектері дамыған, олар суда еріген оттегін ауа оттегіне бөліп трахея жүйесіне өткізеді.

 

Веснянка

 

Сүңгуір қоңыз

                                     Моллюскалар-Mollusca

Теңіз моллюскаларының тыныс алу мүшесі- сыртқы желбезектер, дененің екі бүйір жағында, мантия жылғасында қатарласып орналасқан. Олардың саны өзгермелі, 4 пен 8 жұп аралығында болады. Кейбір түрлерінде желбезектері денесінің алдыңғы жағынан аналь тесігіне дейін созылып жатады. Мысалы, Chitonb,Tonicia,Enoplochiton туысының өкілдерінде, басқаларында денесінің артқы жағына жиналған. 

   Әрбір желбезек кеңейген ланцет тәріді тақта түрінде болады. Тақтаның екі жағында кітаптың беттері сияқта қатарласып тұратын,тақтаға перпендикуляр жапырақшалары болады. Осылайша,желбезек екі жақты қауырсында құрылысты болып келеді. Оның үстіңгі беті кірпікшелі эпителимен қапталған. 

   Желбезек тақтасының аяққа қараған жіңішке жағын бойлай веноздық қан әкелетін желбезек тамыры, ал мантияға қараған жағын бойлай (желбезектің бомс ұшынан түбіне дейін) тотыққан қанды әкететін желбезек тамырлары өтеді. Екі тамырдың бұтақтары желбезек жапырақшаларына жалғасады.

  Жабынды эпителий қабатындағы кірпікшелердің жұмыс істеуі нәтижесінде желбезектің аймағында су ағымы пайда болып,газ алмасуын қамтамасыз етеді,олар тері жамылғысы арқылы тыныс алады.

phylum Mollusca

 

Viviparus sp


Информация о работе Гидробионттардың тыныс алу мүшелері