Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 20:35, реферат
Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әр түрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, клеткалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммуналогияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.
Иммунология (иммунитет
және грек. logos – ілім) – организмнің
әр түрлі антигендерге (организмге
түскен жат текті агенттер) молекулалық,
клеткалық және басқа физиологиялық
реакцияларын және осыған байланысты
организмде пайда болатын өзіндік
ерекше және өзіндік емес құбылыстарды
зерттейтін медицина және биология ғылымдарының
сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің
қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын
иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина,
ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым
салаларымен тығыз байланысты. Иммуналогияның
дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен
биологияда ашылған жаңалықтар үлкен
ықпал етті.
Мысалы, 1796 жылы
ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш
шешекке қарсы егуді ұсынып, соның
нәтижесінде организмде иммунитет
қалыптасатынын дәлелдеген. 1880 жылы Л.Пастер
күйдіргі мен құтыруға қарсы егілетін
вакцинаны тапты. 1887 жылы И.И.Мечников
ғылымдағы үлкен жаңалық – фагоцитоз
процесін ашып, иммунитеттің клеткалық
теориясын ұсынды. 1900 жылы австралиялық
ғалым К.Ландштейнер адам қанының тобы
мен резус-факторын ашып, соның нәтижесінде
тіндік бірдей антигендер теориясының
негізін салды. Иммуналогияның зерттейтін
нысаны – организмнің иммундық жүйесіне
өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп,
оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін
жат заттар – антигендер; иммунды компотентті
органдар (сүйек кемігі, қалқанша без,
көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың
лимфоидты аппараты); клеткалар (лимфоциттер,
макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен
олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды-глобулиндер,
медиаторлар, комплементтер, цитокиндер,
т. б.) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен
болатын құбылыстар мен патологиялық
жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет,
аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар,
трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық
төзімділік) болып табылады.
Зерттеу нысанына қарай:
жалпы (тәжірибелік) Иммуналогия,
медициналық Иммуналогия,
ветеринариялық Иммуналогия,
инфекциялық Иммуналогия,
клиникалық Иммуналогия,
радиациялық Иммуналогия,
онкологиялық Иммуналогия,
ғарыштық Иммуналогия
аллергология, иммундық патология, иммундық гематология, эмбриогенез Иммуналогия,
өсімдіктер Иммуналогиясы
сияқты салаларға бөлінеді.
Иммуналогияның
мақсаты: қалыпты және патологиялық
жағдайларда иммундық жүйе қызметінің
жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың
(әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында,
дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің
атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою,
емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммуналогиялық
тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру.
Иммуналогияда микробиол., серологиялық,
аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол.,
иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік,
т. б. әдістер қолданылады. Иммуналогияның
тәжірибелік ғылыми-зертеулік жетістіктерін
қазір медицинада, ветеринария мен жалпы
биология саласында қолданып, жұқпалы
ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу шараларын
жүргізуде зор табысқа жетіп отыр. Келешекте
Иммуналогия ғылымының жетістіктеріне
сүйене отырып, ғасыр індеті – жүре пайда
болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД)
ауруына қарсы вакцина жасау; орган алмастырғанда
жиі кездесетін басқа адамның органын
қабылдамаушылықты болдырмау; эндокринді
(қант диабеті) және әр түрлі аллергиялық
ауруларды тиімді емдеу әдістерін табу;
ауылы шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын
шығарып, өсімдіктердің жоғары сорттары
мен түрлерін анықтау міндеттері қойылып
отыр.
Иммуналогия медициналық,
биология, ауылы шаруашылығы жоғары
оқу орындарында негізгі пән
ретінде оқытылады. 1963 жылдан Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған
арнайы Иммуналогия бағдарламасы орындалуда.
Осы бағдарлама бойынша құрылған иммунология
және иммунды глобулин анықтамалық орталықтарында
иммундық патология, паразиттік аурулардың
иммунологиясы, қатерлі ісік иммундық
терапиясы және клеткалық иммунитеттің
тіндік үйлеспейтін антигендерін реттеу
мәселелері туралы симпозиумдар мен ғылыми
конференциялар өткізілді. Қазақстанның
Ұлттық иммунологтар қоғамы халықаралық
иммунологиялық қоғамға мүше.
Қазақстанда Иммуналогия саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар – академигі Х.Жұматов, Н.Д.Беклемишев, малдәрігерлік ғылыми докторы, профессор К.Н.Бучнев, медициналық ғылыми докторы, профессор ауылы Шортанбаев пен Б.В.Каральник, т. б. Иммуналогиялық зерттеулермен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министнің Гигиена және эпидемиология ғылыми-зертеулік Орталық, Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министнің Онкология және радиология ғылыми-зертеулік институты, Микробиология және вирусология ғылыми-зертеулік институты шұғылданады.
↑ Қазақ энциклопедиясы, 4-том