Инклюзивті және интеграциялы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:53, реферат

Описание

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

инклюзивті және интеграциялы білім беру.docx

— 26.34 Кб (Скачать документ)

               Инклюзивті және интеграциялы білім беру

               Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2011 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212-сі немесе 19, 5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% -ды ғана құрайды. 2. Жобаның мақсаты: дамуында ауытқулары бар балаларды қалыпты ортаға қосу технологиясын зерделе

1.Теориялық негіздемесі «Бәріне  бірдей мүмкіндік» принципін  ұстанатын инклюзивтік білім  берудің енгізіле бастағанына  көп бола қойған жоқ. Бұл  термин көбіне «Сапалы білім  -барлығы үшін» түсінігімен бірге  қолданылады. Яғни жалпы білім  беретін мектептерде мүмкіндігі  шектеулі бала мен басқа да  әлеуметтік қорғалатын топтарға  жататын оқушыларға өзгелермен  теңдей білім беру, соған жағдай  жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда  мүмкіндігі шектеулі балалар  көбіне-көп арнайы мектеп-интернаттарда  білім алады. Шындығында олар  оқшауланған, қоғамдық өмірге  аса бейім емес. Мәселенің бұлай  қалыптасуына бүгінгі қоғамның  да кінәсі бар. Өйткені біз  мүмкіндігі шектеулі жандарға  мүсіркей қараудан арыла алмай  келеміз. Жалпы білім беретін  орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау  енді-енді қолға алына бастады.  Инклюзивті білім берудің негізі  мектептегі барлық балаға олардың  ерекшеліктерінен тыс сапалы  білім беру болып табылады. Мүмкіндігі  шектеулі балаларды жалпыға білім  беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан  ТМД елдерінің арасында алғаш  рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік және медика-педагогикалық  тұрғыдан қолдау» туралы заңды  қабылдады. Осы заң аясында  жарымжан балаларға ерте бастан  білім беру мәселесіне мән  берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдау-ға дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Орта білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілу керек. Республиканың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесінде ерекше қажеттілікті балаларды оқыту мен тәрбиелеу қазіргі заманғы қазақстандық әлеуметтік экономикалық жағдайларды, ұлттық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Оның үстіне, интеграция мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сезімтал бағдарлама мен кадрлық базамен қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асуы қажет, ал әдістемелер баланың ерекше мүмкіндіктері мен қабілетіне, сонымен қатар оның дамуындағы ерекше қиындықтар сипатына сәйкес болғаны жөн. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған: 1. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады. 2. Әр бала білім алуға құқылы. 3. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар. 4. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды. Балаға бағдарланған балабақшалар мен мектептер әр баланың әлеуетін ашуға ұмтылады, бала бойына адамдардың айырмашылығына шыдамдылық таныту дарытылады, отбасымен өзара қарым-қатынасты нығайтады. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер қажет болады.Оның үстіне педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема - оған қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді.мысалы, педагогтар (тәрбиешілер) , оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, мұғалімдер бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс. Соңғы жылдары шетелдік тәжірибеде «интеграция» түсінігінің орнына «енгізу» (включение) (inclusion) түсінігі келді.Білім берудің бұл формасы жағдайында ерекше мұқтаждықтары бар балалар олардың аға, апалары, көршілері оқитын мектепте оқиды; өздерімен жасты балалармен бір сыныпта, тіпті бір партада отырады; тиісті қолдау мен қамқорлыққа ие болады.

Түсініктірек болу үшін сіздердің  назарларыңызға  «инклюзивті білім  беру» түсінігінің әртүрлі ақпараттық көздерде берілген анықтамасы, аталған білім беру кеңістігінің ерекшеліктері сипатталған  слайдтар   ұсынылады.

Инклюзия - бұл балаларды олардың  жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық  жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі  мен басқа да айырмашылықтарына  қарамастан жалпы білім беретін  үдеріске толық енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған  тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік  саясат.

Инклюзивті оқыту негізінде  балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты  қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқу қажеттілігі бар балаларға  арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы  жатыр.

Тәжірибе көрсеткеніндей, бүгінгі  қатаң білім беру жүйесінен балалардың бұл  бөлігі шығып қалады, өйткені  қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Ал,инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін  қалыптастырады.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға  мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене  қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту –оқушылардың тең құқығын  анықтайды және ұжым іс-әрекетіне  қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-адамдармен қарым-қатынасқа қажетті  қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік  береді. Инклюзивті білім беру - бұл  тәсіл, оның ортасында әртүрлі білімділік қажеттіліктері бар бала орналасады.Ендеше, инклюзивті білім беру барлық балалардың дамуындағы ауытқуларға қарамастан шынайы ортада бірдей бағдарламамен  оқып, білім алуын қамтамасыз ететін тәсіл. Негізгі идеясы – барлық балалар  бірдей қарым – қатынасқа мұқтаж.Олай болса, төменгі жастағы балаларды  инклюзивті оқыту идеясының қандай артықшылықтары бар? Кімге пайда  әкеледі Артықшылықтың сипаттамасы  Дамуында ауытқуы бар балалар 1.Олар сегрегация(қалыпты балалардан бөлек  ұстау) салдарынан құтылады, оның ішінде «ақыл-есі аз» деген «мөр» тағылудан  және қалыпты балалармен шектеулі байланыс әсерінен жағымсыз қарым –қатынастың  қалыптасуынан құтылады 2.Олар басқа балаларға еліктеу арқылы бейімделудің жаңа дағдыларын, сәйкес үлгілерді меңгереді. 3.Олар өз қатарластарының қалыпты ортасына түседі, олармен қарым –қатынасқа түседі, жаңа әлеуметтік дағдылар, коммуникативті дағдылар және әлеуметтік қолдау шеңберін игереді. 4.Шынайы өмір тәжірибесіне ие бола отырып, олар ересек өмір сүру жағдайына қажетті дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болады. 5.Оларға дамуы қалыпты балалармен достасу мүмкіндігі беріледі. Дамуы қалыпты балалар Оларға мынадай мүмкіндіктер беріледі: 1.өзі қатарлас-мүгедек балалар жөнінде неғұрлы толық және шынайы түсінік алу, оларды және айырмашылығын қабылдау 2.олардан ерекшеленетін адамдарға жағымды қатынас қалыптастыру. 3.бөгет болатын кедергілерге қарамастан олардың табысқа жетуін көру.

Қоғамдастық 1.Дамуында ауытқуы бар  балаларды оқытудың арнайы бағдарламаларын  жүзеге асыруға бөлінген қаржыны  үнемдеу мүмкіндігіне ие болады.

Дамуында ауытқуы бар балалар  отбасы 1.Олар қалыпты даму үстіндегі  балалар өмірімен таныс болады. 2.Мүмкін олар олар өздерін қоғамның басқа  мүшелерінен тым көп оқшауланбағанын  сезінер. 3.Оларда дамуы қалыпты балалар  отбасымен достық қарым-қатынас  қалыптасуы мүмкін.Ол отбасы қажетті  көмек көрсетуі мүмкін.

 Дамуы қалыпты балалар отбасы 1.Оларда дамуы мүмкіндігі шектеулі  балалар отбасымен достық қарым-қатынас  қалыптасуы мүмкін.Ол отбасына  қажетті көмек көрсетуі мүмкін. 2.Өз балаларын олардан ерекшеленетін  балаларды сол қалпында өз  қатарына қабылдауды үйрету мүмкіндігі  туады. 

Аталған артықшылықтардың көпшілігі  жүзеге аспай жатады. Оны жүзеге асыру үшін мақсатты және сақтық шаралары қажет.Көп жағдайда ол инклюзивті білім  беру бағдарламасының практика жүзінде  іске асуымен тығыз байланысты.

2. Қазақстан Республикасында инклюзивті  білім беруді дамыту қажеттілігін  негіздеу. Өткен жылдың желтоқсан  айында бекітілген Қазақстан  Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  бағдарламасында, орта білім жүйесінің  ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын оқыту 35 арнайы балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 арнайы топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». Жасыратыны жоқ, жалпы білім беретін мектептердегі үдеріске мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу еріксіз, шарасыздықпен, жүйесіз түрде іске асуда, оның факторлары мыналар: • Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру мекемелер санының аздығы (әсіресе, кіші қалалар мен ауылдық жерлерде); • Ата-аналар өз балаларын арнайы білім беру мекемелеріне беруден бас тартады: олар арнайы мектептің алыстығын, балаларды тасымалдаудың қиындығын алға тартады, баласын интернат жағдайында тәрбиелегісі келмейді; Әрбір ата-ана өз баласын дамуы қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды.

Инклюзивті білім берудің негізгі  принциптері:

1. Адамның құндылығы оның қабілеті  мен жетістіктеріне тәуелді емес 2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге  қабілетті 3. Әрбір адам қарым-қатынасқа  құқылы 4. Барлық адамдар бір-біріне қажет 5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады 6. Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж 7. Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдау-ға психологиялық тұрғыда дайын болды. Ал ата-аналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді. Бірақ шешімін таппаған мәселелер көп. Жалпы орта білім беретін мектептерде педагогтарды дайындау, мектептердің ондай балаларды қабылдауға дайын болуы секілді мәселелер шешілуі керек. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.Оның негізіне төмендегідей қатаң тұжырымдар салынған: 5. Балалар отбасы мен қоғамдастықтың мүшесі болып табылады. 6. Әр бала білім алуға құқылы. 7. Әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі, қызығушылығы, қабілеті мен қажеттіліктері бар. 8. Балалардың қажеттіліктері назардан тыс қалмай және дербес түрде қанағаттандырылған жағдайда олар жақсы оқиды.

Инклюзивті білім беру деген не? Инклюзивті білім беру негізіне баланы кез-келген дискриминациядан құтқаратын, барлық адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білімділік қажеттілікті талап ететін балаларға арнайы жағдай жасайтын идеология салынған. Кез-келген қатыгез білімділік жүйеден балалардың белгілі бөлігінің шығып қалатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Өйткені, жүйе бұндай балалардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын емес.Бұл салыстыру мектептегі барлық балалар санының 15 % құрайды, шығып қалған балалар оқшауланып қалады. Инклюзивті тәсілдер бұндай балаларды оқыту мен жетістікке жеткізуде қолдау танытады, жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді. Принциптері: 1.Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістігіне байланысты емес. 2.Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қатысымға құқылы. 4. Адамдар бір-біріне қажет. 5. Білім тек қана шынайы өзара қарым-қатынаста жүзеге асады. 6.Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына және достастығына мұқтаж. 7. Әртүрлілік адам өмірінің барлық қырларын күшейтеді. Инклюзивті білім берудің артықшылығы: бұл білім кімге пайдалы? Артықшылықтың сипаттамалары. Әлемдік тәжірибеге шолу: АҚШ, Швеция,Франция, Италия елдеріндегі дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту тәжірибесі. Ресейдегі инклюзивті білім берудің жәйі. Қазақстандағы инклюзивті білім беру жөнінде. Елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.Негізгі бағыттары. Инклюзивті білім берудің технологиясы Педагогтер мен мамандарға арналған ұсынымдар: даму мүмкіндігі шектеулі балалар бір-біріне ұқсамайды; диагноз -оқытудың дәлме-дәл рецептісіне немесе бала дамуының дәлме-дәл жорамалына негіз бола алмайды;ауытқудың себептерін анықтау - оқытудың дәлме-дәл әдісін таңдауға негіз бола алмайды. Естуінде, көруінде ауытқуы бар, дене кемістігі бар, оқу материалын меңгерумен байланысты ерекше қажеттілігі бар баламен, ерекше коммуникативті қажеттілігі бар баламен, психикалық дамуында кемістігі бар баламен жұмыс кезіндегі нақты стратегиялар. Түрлі бағыттағы мамандардың(психолог,логопед, дефектолог,әлеуметтік педагог, дәрігердің) ынтымақтастығы. Өзара кеңестер. Табысты ынтымақтастықтың ережесі. Сыныптағы табысты жұмыстың ортасын ұйымдастыру. 1.Әр баланы бірінші күннен бастап құшақ жайып қарсы ал. Оны сол қалпында қабылда. 2.Сыныптағы ортаны бейімде. 3.Әр баланың сыныптағы қоғамның мүшесі болуына қол жеткіз. Сынып бөлмесінің (тобының ) жиһазы: негізгі жиһаз және құрал-жабдықтар. Оқыту үдерісіне бейімделу: уақыт, комфорт, алаңдатушы факторлар, шу, жарық, материалдарды іріктеу. Дене кеңістігі және материалдар. Әдістемелік ұсынымдар: 1.Егер қажет болса, балаға ойыншықпен және материалдармен ойнауға көмектес. 2.Ойыншықты баланың қызығушылығы мен қалауы бойынша таңда. 3.Баланың жұмысбастылығын, ойынмен әуестенуін, танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін ойыншықтар мен материалдарды таңдаңыз. 4.Ойыншықтар мен материалдарды зейінін, ойынмен әуестігін, жұмысбастылығын дамытатындай мақсатта бейімдеуге ұмтылыңыз. Балалардың жәйіне баға: байқау, тестілеу, топтастыру, диагностика, даму мониторингі.

Қорытынды Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін: мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, әртүрлі бұзушылықтары бар балалар үшін интеграция нысандары анықталады; мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру ережесі әзірленеді. 830 мектепте мүгедек балалар үшін санитарлық бөлмелерде көтергіш құралдар, пандустар, арнайы құрылғылар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық алып жүрудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы). Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техника мен компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі. III.Жоба тиімділігін бағалау критерийлері 1. Балалардың түрлі даму деңгейіне сай, сыныптар мен топтардағы табысты жұмысты қамтамасыз етудің ұсынымдарын игеруі. 2. Дамуында ауытқуы бар балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыра білуі. 3. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жәйін бағалау жүйесін меңгеруі. 4. Оқыту мен тәрбиелеудің дара оқу жоспарларын жасауды меңгеру

Жалпы білім бетерін мектептердегі  мүмкіндігі шектеулі балалар оқу  материалын меңгеруде,   жеке тәсілдің  жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық,  әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.    

Мектеп педагогтері бұндай категориялы  балаларды оқыту тәсілдерін білмейді. Соның нәтижесінде бұл оқушылар үлгермеушілер, әлеуметтік бейімделмеген  оқушылар қатарына жатқызылады. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім  беретін мектептің ортасына енгізу республикада жекелеге фактілер мен  тәжірибелер түрінде іске асуда, әзірше ғылыми-әдістемелік негіздемесі, нормативті –құқықтық тұғырнамасы, кадрлық, материалды-техникалық, оқу-әдістемелік  базасы жасалмаған.

Инклюзия - бұл балаларды олардың  жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық  жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі  мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық енгізу  үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Информация о работе Инклюзивті және интеграциялы білім беру