Энергетикалық сусындар адам денсаулығына аса қауіпті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:01, реферат

Описание

Еліміздің нарығына шөліңді әп сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жас-тар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына аса қатерлі улы сусын сатып әперіп жатқанын білмейді. Қай сауда орнына барсаңыз да, сусындардың түр-түрін көресіз. «Кока-кола», «Пепси-кола», «Спраит», «Макси шай» т.б. жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты үлкен зардап әкелетіндігі жайлы кейінгі уақыттта ғана айтыла бастады.

Работа состоит из  1 файл

Энергетикалық сусындар адам денсаулығына аса қауіпті.docx

— 14.02 Кб (Скачать документ)

Энергетикалық сусындар адам денсаулығына аса қауіпті

Еліміздің нарығына шөліңді  әп сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жас-тар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына аса қатерлі улы сусын сатып әперіп жатқанын білмейді. Қай сауда орнына барсаңыз да, сусындардың түр-түрін көресіз. «Кока-кола», «Пепси-кола», «Спраит», «Макси шай» т.б. жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты үлкен зардап әкелетіндігі жайлы кейінгі уақыттта ғана айтыла бастады.

Парламент мәжілісінің  депутаты Владимир Нехорошев Қазақстанда  энергетикалық және құрамында алкоголі аз сусындардың құрамында адам денсаулығына зиянды заттар бар болғандықтан сатуға тыйым салу туралы ұсыныс айтқан соң, бұл мәселе төңірегінде пікірталас орын алды. Тіпті мамандар «энергетикалық сусындар дүкендерде сатылмауы тиіс, адам ағзасына пайдасы мен зияны қатар тарайтындықтан, оны дәріханаларда ғана сату керек» десе, тағамтанушылар мен санэпидемиолог мамандардың біразы дүкен сөрелерінен тез арада алынып, мүлде тыйым салу керектігін айтты. Мұндай сусын құтыларында жүкті әйелдерге, балаларға, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүрек ауруы және жүйке жүйесі ауыратындарға және қан қысымы жоғары, глаукомасы бар адамдарға ішуге болмайды деген ескертпе болуы тиіс екендігін де ескертті.

«Энергетикалық сусынға  деген көзқарасым аса күдікті. Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі, адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады»

 

Қазіргі таңда кез келген дүкендерде, тіпті көшелерде салқындатылған шай түрлерін көп сататын болды. Мәселен, үйреншікті әдіспен дайындалған кәдімгі шайдың өзін қоюлап жиі ішсе, оның өзі зиян. Ал «Макси шайға» т.б. салқындатылған шайларға әртүрлі зиянды, улы қоспалар қосылатыны белгілі. Жастарға «шетелден әкелінетін сусындарға үйір болмаңдар» деп түсіндіру — баршамыздың міндетіміз. Себебі, бізге дені сау ұрпақ қажет. Өкінішке орай, энергетикалық сусындардың, жалпы шетелдік тағамдардың зияндылығын қанша айтсақ та дүкендердің сөрелерінде толып тұр. Мұның шетелдіктермен тым араздаспайық деген саяси мәні де бар болар.

Т.Г.Шевченко атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

«Энергетикалық сусындар адам денсаулығына аса қауіпті»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жыл

 


Информация о работе Энергетикалық сусындар адам денсаулығына аса қауіпті