Каспий теңізін қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 15:52, доклад

Описание

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.

Содержание

Кіріспе
1.Каспий теңізінің пайда болуы
2.Каспий теңізінің балықтары
3.Еаспий теңізінің экологиялық ахуалы
Қортынды
Әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Каспий теңізін қорғау.doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

   Үшіншіден,  су деңгейінің көтерілуі теңіз  жағалауларындағы мұнай ұнғыларын,  мұнай коймаларын, мұнай өндейтін  өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын,  елді мекендерді су басып, орасан  зор шығын келтіре бастады.

Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр. 

Қорытынды

   Каспий  проблемасы бүгінгі таңда күрделі  аймақтык экологиялық проблемаға  айналды. Каспий мұнайын игеру  жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ  жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы бұл деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында "Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау" тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестік мақсаты - Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз эко-жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.

Информация о работе Каспий теңізін қорғау