Клебсиеллалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:13, реферат

Описание

Клебсиеллалар (лат. klebsiella) – грам теріс, факультативті анаэробты, шартты патогенді бактериялар өкілі. Клебсиелла атауы -бұл бактерияны алғаш ашқан Э.Клебс есімімен байланысты. Мөлшері 0,6–6,0 дан 0,3–1,0 мкм. Пішіні эллипстәрізі қысқа.
Клебсиеллалар қозғалмайды, спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсулаға ие. Капсуласы қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды және суда, басқа да заттарда ұзақ сақталады. Клебсиеллалар сүт өнімдерінде тіршілік етіп, бөлменің сонымен қатар, тоңазытқыш температурасында да көбейе алады. 65 °С температурада қыздырғанда бір сағатта өледі. Кейбір штамдарында кірпікшелері бар. Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады.

Работа состоит из  1 файл

микробиология.docx

— 23.76 Кб (Скачать документ)

    Клебсиеллалар (лат. klebsiella) – грам теріс, факультативті анаэробты, шартты патогенді бактериялар өкілі. Клебсиелла атауы -бұл бактерияны алғаш ашқан Э.Клебс есімімен байланысты. Мөлшері 0,6–6,0 дан 0,3–1,0 мкм. Пішіні эллипстәрізі қысқа.

    Клебсиеллалар қозғалмайды, спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсулаға ие. Капсуласы қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды және суда, басқа да заттарда ұзақ сақталады. Клебсиеллалар сүт өнімдерінде тіршілік етіп, бөлменің сонымен қатар, тоңазытқыш температурасында да көбейе алады.  65 °С температурада қыздырғанда бір сағатта өледі. Кейбір штамдарында кірпікшелері бар. Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады.

    Классификациясы. Клебсиеллалар энтеробактериялар (лат.enterobacteriaceae) тұқымдастығына, гамма- протеобактериялар (лат. γ proteobacteria) класына, протеобактериялар (лат. proteobacteria) типіне, клебсиеллалар (klebsiella) туыстастығына жатады. Клебсиеллалар колиформды бактерияларға жатады.

Клебсиеллаларға келесі түр  өкілдері қатысты:

-klebsiella pneumoniae (клебсиелла пневмония)

-klebsiella ozaenae (клебсиелла озена)

-klebsiella rhinoscleromatis (клебсиелла риносклером)

-klebsiella ornithinolytica

-klebsiella oxytoca (клебсиелла окситок)

-klebsiella planticola

-klebsiella terrigena

    Клебсиеллалар адамның және жануарлардың терісінде, кілегей қабығында барлық уақытта кездеседі. Klebsiella pneumoniae – ауруханаішілік инфекциялардың маңызды қоздырғышы.

    Дақылдандырылуы. Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-37ᵒС. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмірсутегі көзі ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр, кілегейлі колониялар түзеді. Ет пептонды сорпада клебсиеллалар ортаны толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілегейлі қабықша пайда болады. Жартылай сұйық ортада орта бетінде жақсы көбейеді.

    Биохимиялық белсенділігі. Клебсиеллалар глюкозаны және басқа да көмірсуларды газ түзбей ыдыратады, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді ыдыратпайды. Индол, күкірт сутегін түзбейді. Уреазалық белсенділігі бар, сүтті ірітпейді. Адонит, инозитті ыдыратпайды. Зәр қышқылын гидролиздемейді. Гликолитикалық құрылымы жақсы.

    Антигендік құрылымы. Клебсиеллалардың О және К антигендері бар. О антигені бойынша 11 серологиялық топтары, ал К антигені бойынша 82 серологиялық топтары анықталған.

    Экологиясы. Ішек, жоғарғы тыныс жолдары, қынаптың факультативті микрофлорасының құрамына кіреді. Капсуласына байланысты қоршаған орта факторларына тұрақты және топырақта, суда, бөлмелерде ұзақ уақыт сақталады.

    Эпидемиологиясы. Клебсиеллалық инфекция  көбінесе ауруханаішілік ауру. Инфекция көзі-науқас адам мен бактерия тасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жұқтырулар кездеседі. Жұғу жолдары-тағам, ауа-тамшы, және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы.

    Соңғы жылдары қоздырғыштың патогенді қасиеттерінің күшеюіне және адам ағзасының резистенттілігінің төмендеуіне байланысты клебсилезбен ауыратындар саны артты.

    Клебсиеллалар түрлі дезинфектанттар әсеріне сезімтал. Кілегейлі капсуласы оны құрғаудан сақтайды. Сондықтан олар топырақта, аурухана бөлмелерінің шаңында, жиһаздарда апта, айлап сақталады.

    Патогенезі және клиникасы. Клебсиеллалар несеп-жыныс мүшелерінің , әсіресе шұғыл және созылмалы простатит, цистит, пиелонефрит сияқты аурулардың қоздырғышы болып табылады.

    Клебсиеллалар асқазан-ішек жолдарының патологиялық үдерісін тудырып, интенсивті түрде көбейеді. Бұл көбіне антибактериалдық препаратты терапиядан соң болатын, оның кері әсері клебсиеллалардың шектен тыс көбеюін тежейтін асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасын (бифидобактериялар және басқа да), бұзылуына әкеледі (Щербаков П.Л.).

    Клебсиеллез науқастарда көбінесе асқазан инфекциясы түрінде өтеді және жылдам басталады. Лоқсу, құсу, іштің ауырсынуы, температураның  көтерілуі және жалпы әлсіздікпен көрінеді. Аурудың ұзақтығы 1–5 күн. Инфекция көзі - ауру адам және бактериятасымалдаушы.

Аурудың ауыр түрі генерализацияланған  септико-пиемиялық үрдіс дамуы өлімге әкеледі.

    Клебсиелла пневмония (лат. klebsiella pneumoniae), ескі атауы Фридлендер таяқшасы. Медицинада өте маңызды  клебсиеллалар түрі болып табылады. Клебсиелла пневмония қалыпты жағдайда адамның тоқ ішегінде тіршілік ететін шартты патогенді бактериялар.

    Klebsiella pneumoniae, сонымен қатар, klebsiella oxytoca ми қабаттарын, зәр шағару жолдарын, буындарды, көзді зақымдайды, және  бактериемия мен септикопиемияға әкеледі. Өте сирек жағдайда klebsiella pneumoniae адамда пневмония ауруына алып келеді. Алайда бұндай пневмонияның летальділігі 35,7 % құрайды.

    Клебсиелла пневмония антибиотиктерді көп қолдану нәтижесінде қынаптың қалыпты  микрофлорасының жойылуынан қынапта да кездеседі. Клебсиеллала пневмония несеп-жыныс жолдарында  ауруханаішілік инфекция садарынан болады.

    Клебсиеллалар (әсіресе, клебсиелла пневмония) адамның ішегінің қалыпты микрофлорасы өкілдерінің бірі  болып табылады. Сонымен қоса, клебсиелла гастроэнтерологиялық аурулар қатарын шақырады. Мысалы, асқазанның кілегейлі қабатының зақымдануынан туындайтын-созылмалы гастрит. Әдетте бұл пайдасыз тағамдарды жеу, гигиеналық талаптарды дұрыс сақтамаудан болады (Шабалов Н.П.).

    Клебсиелла риносклером (лат. klebsiella rhinoscleromatis) таяқша риносклером немесе Фриш-Волкович таяқшасы деп те аталады. Склерома, мұрынның және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының гранулематозды қабынуы- сияқты созылмалы инфекциялық аурулардың қоздырғышы болып табылады. Клебсиелла риносклерома жоғарғы тыныс жолдарының, бронхтардың шырышты қабатында қабыну процестерін шақырып, инфильтрацияға ұшыратады. Олар жасуша мен жасушадан тыс орналасатын гранулемаларда болады.

    Клебсиелла озена (лат. klebsiella ozaenae), ескі атауы озена таяқшасы немесе Абеля-Левенберг таяқшасы. Озенамен ауырушыларда мұрын қуысының шырышты қабаты мен сүйектік қабырғасының атрофиялық процесі жүреді. Клебсиелла озена жұтқыншақ, көмей, трахеяның қабынуымен қатысты созылмалы тыныс алу жүйесінің ауруларын шақырады. Ауру қоймалжың секреттің бөлінуімен жүреді.

    Иммунитеті. Инфекциядан кейін дамитын иммунитет тұрақты емес, негізінде жасушалық. Инфекцияға қарсы тұрудың негізгі факторы-фагоцитоз. Созылмалы түрінде гиперсезімталдықтың баяу типі дамиды.

    Микробиологиялық диагностикасы. Негізгі диагностикалық әдіс – бактериологиялық. Тексеруге алынатын материалдар: ірің, қан, экссудант, жұлын сұйықтығы, нәжіс, зәр, жиһаздардан алынған жұғын т.б. алынған материалды дифференциалды-диагностикалық К-2 қоректік ортаға (құрамында мочевина, рафиноза, бромтимол көгі бар) себеді, бір тәулік инкубациялайды.  Сары, жасыл-көк сарғыш немесе көгілдір, үлкен, жылтыр кілегейлі колониялар түзеді. Бактериялардың қозғалысын және орнитиндекарбоксилазасын анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларға тән емес. Келесі идентификациясы серологиялық әдіс қолданумен жүргізіледі. К-сарысуларымен агглютинация реакциясы қойылады. Диагностикалық белгісі-антиденелер титрі төрт есе жоғарлауы байқалғанда оң нәтижелі деп есептеледі. Бөліп алынған таза дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

    Алдын алуы және емдеу. Арнайы сақтандыруы жоқ. Жалпы алдын алу шаралары:

  • тағамдарды сақтаудың санитарлы-гигиеналық ережелерін қатал орындау,
  • ауруханаларда асептика мен антисептиканы қадағалау,
  • диагностика және науқасты изоляциялау,
  • ошақтарда дезинфекция жүргізу.
  • ауру мерзіміне сәйкес, сонымен қатар эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты ауруды алдын алу үшін ауру ошақтарында дизентериялық бактериофаг қолдануға болады.
  • Өлі вакциналардың әсері төмен. Сондықтан ауыз арқылы қабылдайтын және жергілікті иммунитетті қалыптастыратын тірі вакцина жасалады.

    Клебсиеллездің  емдеуі стационар жағдайында жүргізіледі. Ішек зақымдалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды. Диарея кезінде тұзды ерітінділер құю керек. Жайылған, әлсіз созылмалы түрінде антибиотиктер (стрептомицин, левомицетин, неомицин, тетрациклин) және аутовакцина тағайындалады. Иммунитетті жоғарылату үшін аутогемотерапия, пирогемотерапия т.б. шаралар қолданылады. Нитрофуранды препараттар (фуразолидон) этиотропты заттар ретінде қолданылады. Антибиотиктердің әсері шамалы. Әдетте поливалентті бактериофагтар пайдаланады. Клебсиеллездің вакцинапрофилактикасы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Жоспар:

 

І. Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

А) Клебсиеллалар патогенділігі.

Б) Клебсиеллалар түр өкілдеріне сипаттама.

В) Клебсиеллалар тудыратын  аурулар.

Г) Алдын алу және емдеу  шаралары.

ІІІ.Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Пайдаланған әдебиеттер:

  • Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы «Медициналық микробиология» Алматы, 2010ж.
  • Интернет материалдары.

Информация о работе Клебсиеллалар