Мәдени өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:14, реферат

Описание

Мәдени өсімдіктер [1](plantae cultae) – адамдар өздерінің әр түрлі қажеттілігін (азықтық, талшықты, дәрілік, бояғыш, эфир майы, мал-азықтық, т.б.) қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай мен Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері,құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері

Работа состоит из  1 файл

биология мадени осим.docx

— 232.28 Кб (Скачать документ)

Картоп туралы тақпақ


Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл, көк, сарысы

Ащы-тұщы бәрісі.

 

Қыша


Sinapis

Sinapis arvensis

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Plantae

(unranked)

Eudicots

(unranked)

Rosids

Сабы:

Brassicales

Тұқымдасы:

Brassicaceae

Тегі:

Sinapis


Species

Sinapis alba 
Sinapis arvensis 
Sinapis flexuosa 
Sinapis pubescens


Қыша (Sinapis) [1]— крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. Қышаның бірнеше түрі бар, олар:

Ақ қыша (Sinapis alba) — бұрынғы КСРО-ның Орта және Оңтүстік алқаптарының егінжайларында арамшөп ретінде өсетін бір жылдық өсімдік, июнь-июль айларында гүлдейді; көк күйінде малға азық жасау үшін және тұқымынан май, ұн алу үшін егіледі.

Улы қыша (Sinapis arvensis немесе Brassica sinapistrum] — мұның сабағының ұзындығы 10-100 см, май айында гүлдеп, июньде тұқымы піседі; егінжайдың, бау-бақшаның арасында өсетін арамшөп. Бұрынғы КСРО-ның барлық жерінде өседі; улы қышаның тұқымы мен жапырағының құрамында қыша майы, синигрин дейтін глюкозид бар; мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады, мұны тамаққа, сабын жасауға пайдаланады;

Көгілдір қыша (Brassica juncea) — балауыз жұғынының салдарынан сабағы көгілдір болып өсетін шөптесін өсімдік, тұқымы қара көк, қуаңшылық пен аязға төзімді; вегетациялық дәуірі 75—140 күн. Көгілдір қыша көбінесе Төменгі Поволжьеде, ішінараСтаврополь өлкесінде, Орта Поволжьеде, Қазақстанда егіледі. Бұрынғы КСРО-да егілетін майлы өсімдіктердің ішінде жер көлемі жағынан бұл үшінші орын алады. Тұқымының құрамында 35-47% майы бар, мұны тамаққа және техникада қолданады, мұнымен қатар онда синигрин дейтін глюкозид және мирозиназа дейтін фермент бар. Көгілдір қышаның медицинада мәні үлкен.

 

Рапс


Rapeseed

Rapeseed (Brassica napus)

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Plantae

(unranked)

Eudicots

(unranked)

Rosids

Сабы:

Brassicales

Тұқымдасы:

Brassicaceae

Тегі:

Brassica

Түрі:

B. napus


Екі-есімді атауы

Brassica napus 
L.[1]


Рапс[2] — майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Дақыл ретінде б.з.б. 4-мыңжылдықтан бастап белгілі. Р. күздік және жаздық болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымы 1 — 3ӘС-та өне бастайды, жас өркені –3 — 5ӘС-қа үсімейді. Ылғалды ең көп қажет ететін кезеңі гүлдену, дәнінің толысып, пісу сәті. Күздік Р-қа қарағанда жаздық Р. климат жағдайларына төзімдірек. Вегетац. кезең күздік Р-та 270 — 300 күн, жаздық Р-та 80 — 100 күнге созылады. Айқас тозаңданады. Барлық майлы дақылдардың ішінде күздік Р. айрықша топырақ талғайды, ол қоректік заттары мол, қышқылдау ортасы бар топырақтарда жақсы өнім береді. Ал жаздық Р. ауыр саздақ және жеңіл құмдақ топырақтардан басқа жерлердің бәрінде өсіп, өнім бере алады. Күздік Р-тың алғы дақылдары ретінде күнбағыс, жүгері, ерте пісетін картоп, көк азық үшін себілетін күздік қара бидай дақылдарын атауға болады. Р-тың дәнінде 43%-дан (жаздық) 50%-ға (күздік) дейін май болады. Майын тағам ретінде және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде пайдаланады. Р-тың 100 кг көк балаусасында 15,7 кг мал азықтық өлшем бар және ол витаминдерге (А, С) бай, жақсы қорытылады. Ауыспалы егістерде аралық дақыл ретінде себілген Р. малға күз және көктем айларында жақсы жайылым. 1 га-дан 10 — 30 ц өнім алуға болады. Тұқымын қатар аралығын 15 см етіп, кең қатарлы әдіспен, 8 — 12 кг/га мөлшерде, 2 — 4 см тереңдікте себеді. Жаздық Р. Солт. Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, ал күздік Р. Атырау, Жамбыл, Оңт. Қазақстан облыстарында өсіріледі. Қарағанды және Іостанай облыстарында жаздық Р-ты дән алу үшін де, мал азықтық дақыл ретінде де егеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№104 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Мәдени өсімдіктер                                                           

 

 

Орындаған: Сағындық А.

                                                                

 

 

 

 

Алматы қаласы


Информация о работе Мәдени өсімдіктер