Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 20:14, реферат
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.