Мектеп – ұлттық мәдениетті сақтаушы фактор.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:04, доклад

Описание

Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз демократия мен нарықтақ экономиканы принціпті түрде жақтайды. Алайда әр қоғамның өз еркшелігі бар, ол қалайда ескерілуге тиіс қайталанбас этно мәдениетке, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал енді кімде-кім мұны түсінбесе, кімде-кім елжандылық және рухани тұрғыда өз халқының мәдени кейіпінде болмаса, онда ол тамырын ғана жоғалтып қоймайды сонымен бірге одан басқа мәдениет теріс айналады. Бұл тура мағанасында да, оның агрессияшыл көрінісі тұрғысында да мәңгүрттіке бастайтын тура жол» деп біздің қоғам үшін аса көкейксті мәселе жөніндегі орнықты пікірін айтты.

Работа состоит из  1 файл

Мектеп.docx

— 17.42 Кб (Скачать документ)

Мектеп – ұлттық мәдениетті сақтаушы фактор.

 

Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз демократия мен нарықтақ экономиканы  принціпті түрде жақтайды. Алайда әр қоғамның өз еркшелігі бар, ол қалайда  ескерілуге тиіс қайталанбас этно мәдениетке, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал енді кімде-кім мұны түсінбесе, кімде-кім  елжандылық және рухани тұрғыда өз халқының мәдени кейіпінде болмаса, онда ол тамырын ғана жоғалтып қоймайды сонымен бірге одан басқа мәдениет теріс айналады. Бұл тура мағанасында  да, оның агрессияшыл көрінісі тұрғысында да мәңгүрттіке бастайтын тура жол» деп біздің қоғам үшін аса көкейксті  мәселе жөніндегі орнықты пікірін  айтты. Жаһандану аясында ұлт  ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін рухани мәңгүттіктен сақтану, оның алдын алу шараларын бүгінгі  күннен бастаған жөн. Рухани  мәңгүттіктен сақтанудың басты іс-шарасы ұлттық мәдинетімізді сақтау қазақ халқының ұлттық мәдениеті – тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар  құбылыс. Қазақ халқының ұлттық мәдениетін өркендетуге негіз болатын ұлттық біліммен тәрбиенің көзі мектепте. Қазіргі таңда мектепте тәлім-тәрбие алып отырған бүлдіршіндер бүгінгі  күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттың тарихы мен мәдениетін қастерлейтін рухани кемелденген азамат болып жетілуі  тиіс.



 



 


 

 

 


Мектептегі ұлттық мәдениетті сақтаудың негізгі көрсеткіші - №1 сызба нұсқада көрсетілгендей ұлттық құндылықтарды меңгерген «мәдениетті»тұлға  тәрбиелеу. Сондықтан да төл мәдениетті терең біліп, мақатныш тұтуға негіз  салу үшін ұлттық мектептердің ұлт  мұраты етіп төмендегендей міндеттерді  жүктейді.

1. Ұлттық мәдениетті сақтау  үшін тілдік сана қажет. Тілдік  сана негізінде әдебиет арқылы  қалыптасады. Ендеше әуелі қазақ  әдебиетін білу – ұлтжандылық  пен ұлттық мақтаныш сезімін  асқақтатады. Қазақтың кейінгі  ұрпақтары бесік жырын ана  тілінде естімей мәңгүрттіке  ұрынады. Асан қайғыдан бастап, Сұлтанмахмұтпен аяқталатынын бес  ғасырлық дүл-дүлдердің туындыларын  оқымай өскен ұрпақтың бойында  ұлттық сезім кемшіл түсіп  жатады.

2. Оқушылардың тарихи  сана белгілерін меңгеруі.

3. Айналып келгенде тарихи  сана-этникалық және жалпы мемлекеттік  сананың негізі. Ұлттық ой-сана, этностық  мыңдаған жылдық аңыз-әдіс санасы бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді.

4. Мәдениет тарихын оқып  үйрету бұл пән әзірге мектеп  бағдарламасына орын алмай келеді. Пән мәдениеттері тарихын дәстүрлер  мен әдет-ғұрыптар тарихын оқытады. 

5. Графикалық сананы –  кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу  сезімін қатар таныстыру. Жұмыр  жердегі елінің, ел ортасындағы  туған жерінің орнын, қасиетін, шежіресін үйрету географиялық  сананы қалыптастырудың негізгі  міндеті. 

6. Ұлтты мәдениетті сақтауда  көркемдік сана тән. Ұшқыр құпия  нәзік сезім, әсемдікке құштарлық,  әдемілікті бағалай білу, көркемдік  талғам, өнер туындыларына тәнтті  болу қасиеттері болуы тиіс. Оның  қалыптасуы тұлғаға өз халқының  мәдениетіне тікелей қатыстылығын  сезінуге мүмкіндік береді.

7. Қазақстан Республикасының  Конститутциясын және заңдарын  басқа нормативтік құқықтық актілер  сақтау мен қолданудың бүкіл  тәжірибесімен, сол секілді азаматтардың  осы негізінде бекітілген құқықтары  мен бостандықтары сақталуының  жеке адамның құқықтық санасы  болуы тиіс.  
8. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық салт-сананың қалыптасуы әрбір ұлттың мәдени ірге негізі – әдеп ұлттық заңды қозғалысқа, дәстүрге айналуы. Дәстүрдің өмірге біржола кірісуі – салт болуы. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке айналуы салт-сана деп аталады. Сондықтан бізге жоғарыда ұлттық мәдениеттерді шешу жолдарын жеке-жеке талдап көрсету аз уақытта мүмкін емес екені белгілі. Сондықтан мен өзім сабақ беретін пәндер арқылы ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы ұлттық салт-сананы тәрбиелеудегі іс-тәжрибемді ұсынғым келеді.

Халқымыздың жыл мезгілдеріне, тұрмыс-саясатына, қайғысы мен ойын-сауығына, сөйлеу мен сөйлесуіне, жүріп-тұруына, ас дайындап, тамақ ішуіне, кісі қабылдап, қонақ күтуіне, киім киіп бой түзеуіне, қабілеттерін қалыптастыруда, танымдық көзқарастарын қалыптастыруда, танымдық көзқарастарын дамытуда зор роль атқарады.

«Ұлттық тән саулығы» бағдарламасы оқушылардың төмендегідей білімділік деңгейін көтереді. Ұлттық тән саулығы  рухани байлықтың көзі. Адамзаттың ақыл-ойы, білген түйгені дамып тереңдей береді. Білімі атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп дамиды, байиды. Ұлттық тән  саулығы халықтың ой-жүйесін, сана-сезімінің  дамуымен тығыз байланысты. Бұл пәнде  оқушылар қазақ халқының денсаулыққа  пайдалы ойын түрлерімен танысып, ойнау  тәртібін үйренеді. Өйткені ұлттық ойындар арқылы балалардың тәні де жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп  отырады. Ұлттық ойындардың ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырыпта қозғалыпта ойнайтын түрлері өте көп. Сонымен  бірге халықтың санитарлық - гигиеналық  түсінігі – өмір сүру, тұрмыс қажетін  кәсіп жасау, азық-түлік жинау, оны  сақтай білу ерекшеліктерін меңгеріп үйренеді. Жеке бас гигиенасы –  тұрғын үйде өзінің жеке бас тазалығын  сақтауы ұлтымыздың ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп отырған мәдениетінің жемісі. Халықтың санитарлық-гигиеналық шарттарға  ұқыптылығы – жоғарғы мәдениеттіліктің белгісі. Халық тұрмысына жеке бас гигиенасын сақтауда мұсылман дінін ұстауға байланысты әдет-дәстүрлер туралы түсініктер берілді. Ұлттық қоғамдық санитарлық-гигиеналық іс-әрекеттер, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын оқып үйренді. Тағам гигиенасы «Аспан емдеу», халық денсалығына қажетті жағдайлардың бәрінің ішінен «Ас адамның арқауы» деп тағам қасиетін өте жоғары бағалаған. Сондықтан да Ұлттық тағам түрлері жергілікті емдік өсімдіктер және олардың емдік қасиеттерімен даярлау әдістерін меңгерді. Сонымен бірге халық психотерапиасы сөзбен емдеу, сөздің денсаулыққа әсері, естірту, көңіл сұрау, көңіл айту әдет-ғұрыптарының маңызы туралы білімділік деңгейі артты. Осындай білімділік деңгейді меңгеру нәтижесінде икемділіктері төмендегідей болды:

1. Халықтық медецинаның  жетістіктерін өмірде пайдалану.

2. Ұлттық ойындарды білу.

3. Астың емдік қасиеттерін  меңгеру, пайдалана білу.

4. Санитарлық-гигиеналық  дәстүрді сақтауға қалыптастыру.

5. Сөздің денсаулыққа  әсері, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Әрбір мәдениетті, білімді  адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық  деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра  білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді  болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген  болсақ ондай тұлға ұлт алдында  «мәңгүрт», мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Ұлттық мәдениет сақталған жерде дамыған  дарынның мәдени жемістері көрінеді. Мектепте «Ұлттық тән саулығы» -  ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін  пән.

Біздің осындай қоғамға  жетуіміздің белгілеп берген Президентіміздің «Қазақстан – 2030» стратегиясы күн  өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды  құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғы шарттар толық  орындалуда. Алайда «Қазақстан – 2030»  стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде білімі мен білігі жағына шетелдегі замандастарынан бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатыр бойына ұлттық мәдениеті сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі  баса айтылған. Тек осындай ұрпақ  қана еліміздің мерейін бүгінгі  жеткен биігінен аласыртпай жаһандану  аталатын процестің теріс ықпалы бойына дарытпай, әлемдік даму көшіне іліспек. Сондықтан да болашақ ұрпақтың келбетін айқындайтын, оқу-тәрбие беру қызметінің негізгі мүндеті жүктеледі. Ұлттық мектептің ұлы мұраты –  өзінің Қазақстандық екенін, ұлттық мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген тұлға  тәрбиелеу. Сонда ғана біз, ұстаздар бүгінгі  бүгінгі заман алдымызға  қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ  азаматтарын тәрбиелеп өсірдік  деп сенімен айта аламыз.

 

 


Информация о работе Мектеп – ұлттық мәдениетті сақтаушы фактор.