Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 07:14, задача

Описание

Меншік дегеніміз не деген сұраққа жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Француз социалисі Пьер Жозеф Прудонның \1809-1865жж\ меншік-ұрлау деген мағынаны береді деген.
Меншік-адамның затқа жай қатынасы ғана емес,меншік осы затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)
 

Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы

Қазақстандағы мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіру кезеңдері, формалары, әдістері және мәселелері.  

     Меншік дегеніміз не деген сұраққа жауап күнделікті тұрмыс тіршілікпен, иелік етумен байланысты беріліп жүр. Француз социалисі Пьер Жозеф Прудонның \1809-1865жж\ меншік-ұрлау деген мағынаны береді деген.

     Меншік-адамның затқа жай қатынасы ғана емес,меншік осы затпен байланысты, алайда күнделікті тұрмыстағы түсінігіміздей жай зат емес, осы заттарды иемденумен байланысты адамдар арасындағы қатынас. 

     К.Маркс меншіктің әлеуметтік-экономикалық мән-мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқаны даусыз мәселе.

Алайда жоғарыда келтірілген П.Ж. Прудонның меншік туралы түсініктемесі де оның адамдар  арасындағы қатынас екендігін сипаттайды.

Ал қазіргі  батыстық экономикалық пікірлерге көңіл  аударар болсақ, мысалы П. Хейненің «Экономикалық ойлау бейнесі» деген  әйгілі кітабында меншіктенуді адамдар  арасындағы қатынастар ретінде қарастырған.

     Мұнда П.Хейне 1991 жылы экономика саласындағыНобель сыйлығының лауреаты американдық экономист-Рональд Коуздың меншік және рыноктық қатынастар мәселелеріне арналған терең де, ерекше идеяларын негізге ала отырып, меншік адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың өзара қатынасы деп сипаттайды.  

Меншік қатынастарын бір жағында – жеке меншік, екінші жағында – қоғамдық меншік бар  екі поляс түсінуге болады.   

      Капиталистік жүйе жағдайында материалдық қорлар үкіметтік емес, институттар мен жеке адамдардың меншігі болып табылады.   

      Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша тауып, бақылап, қолданып және кәдеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынады, яғни жеке меншік иесі болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.   

      Бұл жеке меншік құқығының бұдан өзге де заңды шектеуі бар. Мәселен, есірткі өндіру үшін қажетті қандай да болмасын ресурстарды пайдалануға заң жүзінде тиым салынған.    

      Коуз теоремасы меншік құқығының мазмұны мен бөлінуінің қорлар бөлінуіне де, сондай-ақ айырбастың көлемі мен жағдайына, табыстың бөлінуі мен деңгейіне, бағаның құрылу процесіне және сыртқы эффектіге ықпалын дәлелдеуге арналған. Бұл теорема 1960 жылы жарияланған «Әлеуметтік шығындар проблемалары» деген мақаласында тұжырымдалынған. Қазір ол Батыста соғыстан кейінгі кезендегі экономикалық ойдың ең бір озық жетістігіндей қабылданған.    
 
 
 
 
 
 
 

     Коуз теоремасы төтенше (сыртқы) тиімділік проблемасына арналған. Ол меншік құқығын бөлісу арқылы рынок процесіне қатысушылардың ішкі шығындарын қалай өзгертуге болатындығын дәлелге келтіреді. Р. Коуз өзінің логикалық толғамын қараға таптауы арқылы түйіндейді. Егер ранчо қожайына өзінің табындарымен егінді таптатқаны үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылмаса, онда ол өзінің мал басы мәселесін шешкенімен, біреудің зиян шеккенін қаперіне де алмайды. Егер ранчо қожасынан оның біреуге келтірген зиянына тең боларлықтай айыппұл төлеуін талап етер болса, онда ол өз ісінің терістігін сөзсіз түсінер еді. Мұндай жағдайда оның сыртқы әрекеті ішкі жандүниесіндегі (интернальды) арпалысқа айналары хақ.   

      Р. Коуздың логикалық толғамында бұл басқаша түсінідірледі: ол фермер мен мал өсіруші қатынасынан мемлекетті төрелік міндеттен алып тастап, егіннің тапталынуына байланысты адамдардың өз беттерінше келісімге келулерінің мүмкін екендігін айтады. Ол мұндай жағдайда ранчо қожасы өзінің жасаған зиянкестігі үшін жауапкершілікке тартыла ма, тартылмай ма, оның ешқандай мәні жоқ деп ойлайды.    

      Р. Коуздың айтуынша, егер мал өсіруші егіндікті малына таптатқандығы үшін ешқандай жауапкершілікке тартылмаса, оған одан келер зиян да бірдей болып шығады. Бұндай жағдайда диқангер тапталған егіннің «құны» үшін, оның бұдан былай мал басын өсірмейтіндігіне уәдесін алады. Коуз мынандай қорытыңды жасайды: егер меншік құқығы айдай анық және түсінікті болса, егер адамдар өз еріктерінше жасалған алмасу нәтижесін нық сақтайтын болса, онда ешқандай сыртқы мәселе туындамайды. «Нарықтық ақсату» болмайды, олай болса, болған іске түзету ендіру мақсатында мемлекеттің араласуына ешқандай негіз жоқ.   

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабында меншік құқығының ұғымы мен мазмұны берілген. Нақтырақ айтқанда, оның 1-ші тармағында былай делінеді: «Меншік құқығы – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және иелік құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы».   

      Меншік  құқығы былай жіктеленеді:

1.     иемдену құқығы;

2.     пайдалану құқығы;

3.     басқару құқығы;

4.     табысқа құқығы;

5.     егемен құқығы;

6.     қауіпсіздікке құқығы;

7.     игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

8.     игілікті мәңгілік иемдену құқығы;

9.     қоршаған ортаға зиян келтіретін тәсілдерді пайдалануға тиым салу құқығы;

10. жаза түріндегі жауапкершілікке құқығы;

11. қалдық сипатындағы құқық яғни заңды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттар мен рәсімдердің болу құқығы.    
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 6-шы бабында былай  айтылады:

1.     Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қозғалады.

2.     Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудағы көлемі мен шегі, олардың қорғалу кепілдігі заңменен анықталынады.

3.     Жер және оның қойнауындағы қазба байлық, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады. Жер, сондай-ақ, бекітілген негізге, жағдайға және ауқымға орай жеке меншіктік те бола алады.   

Шынайы шындыққа келетін болсақ, «таза түрдегі» жеке және қоғамдық меншік сирек кездеседі. Мемлекеттік, әртүрлі топтық (кооперативтік, үлестік (пай), акционерлік) болып бөлінетін  көп түрлі формадағы меншіктердің араласып, құраласқан, әртүрлі нұсқалары бар.   

Сонымен, меншік дегеніміз экономика мен құқықтың бөлінбес тұтастығы болып шығады.   

Әкімшіл-әміршілдіктен  нарықтық жүйеге өту үшін игіліктерді мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді жүзеге асыру талап етіледі. Меншікті мемлекет иелігінен алуды, мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа формасына (мемлекеттік емес) қайта құру деп ұққан жөн. Әкімшіл - әміршіл жүйе кезінде постсоциалистік елдерде мемлекеттік меншік өктемдікте болды.   

Жекешелендіру дегеніміз азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, сондай-ақ кәсіпорындардың акцияларының (пайларының) барлығын немесе бір бөлігін жекеменшікке алуы болып табылады.   

Кәсіпорындарға  қатысты үкіметтің негізгі стратегиясы  мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық бәсеке жағдайында жұмыс істей алатындай  жекеменшік фирмаларға құру, сондай-ақ бұрыннан барларын жекешелендіру арқылы жүзеге асыружобаланған еді. Жекеменшік секторын дамытудыынталандыру мақсатында үлкен ұйымдастыру істері мен кеңмасштабы құқылық реформа қабылданды.   

Жеке меншіктің  құқық негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясына ендірілген, сондай-ақ ол құқық жекеменшік туралы, мемлекет иелінген алу және жекешелендіру туралы заңдармен бекітілген. Басқа да қосымша заңдар, дәлдеп айтқанда, кәсіпорындарға, мүліктік аманатқа, жалға беруге, банкротқа ұшыруға байланысты заңдар қабылданды.    

Жекешелендірудің  негізгі мақсаты – мемлекетке тиесілі өндірістік нысандарды, басқадай материалдық және материалдық емес активтерді төлеусіз және төлемді ету арқылы мемлекеттің республика халқына ұлттық мүліктерді қайтару процесінде меншік құқығын дербестеп, орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар тудыру болып табылады.    
 
 
 
 
 

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай басты мәселелерді шешу ойластырылған:

-         мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігін акциялауды, мемлекеттік меншік нысандарын шағын және жаппай жекешелендіруді жүзеге асыру арқылы нарықтық бағдарламалы шаруашылық құрылымдарының қалыптасуларын тездету.

-         аса шаруақой субъектілері есебінде жекеменшік иелері тобын қалыптастыру;

-         бәсекелестік орта құрып, өндірістегі монополиялы жоюды қамтамасыз ету;

-         шағын және орташа бизнестерді дамыту;

-         ірі және бірегей халық шаруашылығы нысандарын қайта құрудың жеке жобаларын жүзеге асыру;

-         шет ел инвесторларын тарта отырып, жеке меншік бизнесті қайта құруға байланысты ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

-         бағалы қағаздар рыногының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.   

Жекешелендірудің  ұлттық бағдарламасы үш жоспары стратегияны  қамтиды, атап айтқанда, мына элементтерді:

§        Дүкендер, қоғамдық тамақтандыру пунктері сияқты майда кәсіпорындарды аймақтық аукциондар немесе сауда шегінде қолма – қол есептесу немесе пайдалынылмаған жекешелендіру чектері арқылы тез сату. Бәсекелестікке жәрдемдесу мақсатында жекелеген аукциондар арқылы көтерме сауда кәсіпорындарын және еліміздегі жүк автокөлік кәсіпорындарының бір бөлігін бөлектеу және саудалау;  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы  Алматы, 1995ж.

2.      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  (Жалпы бөлім). Алматы, 1995ж.

3.      Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан  - 2030”; 1-3 тараулар. Алматы,1997ж.

4.      Президенттің Қазақстан халқына жолдауы “2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары” 2003ж. 4-сәуір.

5.      Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау туралы мемлкеттің 1996-1998 жылғы Бағдарламасы, 10-шілде 1996ж. №1727.

6.      “Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау” туралы Қазақстан Республикасының Заңы. № 3 Х11, 4-шілде 1996ж.

7.      Әубәкіров Я.. ҚаидиевА., Досқалиева В. және т.б, - Экономика. Оқулық, Алматы: Экономика, 1997ж.

8.      Әубәкіров Я., Ескалиев К. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Экономика,1996ж.

9.      Әубәкіров Я., Нәрібаев К. Ескалиев К.т.б. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Экономика, 1998ж.

10.  Дорнбуш Р.. Фишер Р.С. “Макроэкономика”. Алматы, КазМБА және білім баспасы, 1997ж.

11.  Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері. Алматы, 1997ж.

12.  Жүнісов Б., т.б. Нарықтық экономика негіздері. Алматы. 1996ж.

13.  Қожамкулов Т. Саяси экономия негіздері, Алматы,1996ж.

14.  Нүрпейсов Ж.К. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола, 1996ж.

15.  Мадешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Алматы. Экономика 1995ж.

Информация о работе Меншіктің экономикалық және құқықтық мағынасы