Мешел ауруының патофизиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 15:55, сочинение

Описание

Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д витаминінің жетіспеуі. Оған әсіресе ультра күлгін сәулесі жетпеуінің мәні зор. Д витамині тағамда жетіспегенде балалар – мешел (рахит; грек. zhachіs – арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер – остео­маляция (ostean – сүйек, malatіa – жұмсару), немесе остеодистро­фия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros – саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.Ересектер Д-авитаминозы көбіне асқаза-ішек ауруларының салдарынан бұл витамин дұрыс сіңірілмегенде немесе жүктілік,гипертиреоз,реналдық ацидоз сияқты себептерден Д витаминінің организмге қажетті мөлшері тым артқан жағдайда байқалады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Мешел ауруы жалпы түсінік
Этиологиясы
Патогенезі
Жіктелуі
Клиникасы
Емі,профилоктикасы
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Асем Малик.ppt

— 6.50 Мб (Скачать документ)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 
Паталогиялық физиология кафедрасы

 

 

СӨЖ

  

 

 

 

 

Тақырыбы: Мешел ауруының патофизиологиясы.

                                                                                                     

 

 

                                                                                                                                                                                                            Орындаған Малик.А.М

                                                                 326– топ ЖМФ

                                                                      Қабылдаған Мамитов Б.А.

 

Қарағанды 2013 ж

 

ЖОСПАРЫ:

 

  • Кіріспе 
  • Негізгі бөлім
  • Мешел ауруы жалпы түсінік
  • Этиологиясы
  • Патогенезі
  • Жіктелуі
  • Клиникасы
  • Емі,профилоктикасы
  • Қорытынды

Кіріспе

 

 

Мешел - Д витамині аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің менералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалармен жүйелер қызыметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.

 

Мешел (Рахит) – гректің  « арқа қыры » деген мағынаны  білдіретін « рахис» сөзінен  шыққан, өйткені мешелмен ауырған  бала омыртқасының зақымдануы  ертеден белгілі.Мешелмен 20-60% балалар  ауырады,әсіресе солтүстік аудандарда  көп ауырады.

 

    Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д витаминінің жетіспеуі. Оған әсіресе ультра күлгін сәулесі жетпеуінің мәні зор. Д витамині тағамда жетіспегенде балалар – мешел (рахит; грек. zhachіs – арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер – остео­маляция (ostean – сүйек, malatіa – жұмсару), немесе остеодистро­фия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros – саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.Ересектер Д-авитаминозы көбіне асқаза-ішек ауруларының салдарынан бұл витамин дұрыс сіңірілмегенде немесе жүктілік,гипертиреоз,реналдық ацидоз сияқты себептерден Д витаминінің организмге қажетті мөлшері тым артқан жағдайда байқалады.

 

 

Этиологиясы

Д витаминінің жеткіліксіздігі

 

  • Тұқым қуалаушылықтан
  • Д3 витаминінің түзілуіне қажетті ультракүлгін сәуле тапшы болғанда.
  • Тағамда Д витамині аз болғанда
  • Д витамині ішек арқылы дұрыс сіңірілмегенде
  • Д витамині жеткілікті түскенмен организмге қажеттілігі тым артқанда
  • Созылмалы бүйрек және бауыр ауруларының әсерінен Д3 витаминінің белсенді метаболиттері 1,25(ОН) Д3 дұрыс қалыптаспағанда дамиды.
  •  Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар: 

 

  

1.Таза ауа мен күн  сәулесінің жеткіліксіздігі;

2. Сәбидің жедел өсуі;

3. Полигиповитаминоз;

4. Шала және егіз  туу;

5. Нәрсіз, бірыңғай жасанды  тамақтандыру;

6. Диарея, ішек дисбактериоздары

7. Перинаталдық энцефалопатиялар,  құрысуға   қарсы емдік дәрілер  әсерлері және дене қимылының  аздығы

8. Ішектен ас сіңу  бұзылысының синдромдары

9. Экологиялық жағымсыз  әсерлер.

 

Патогенезі

 

  • Д витаминінің тапшылығы тағаммен аз түсуінен,теріде табиғи жолмен түзілуімен бауыр және бүйректе бұл витаминнің белсенді өнімдерінің (Д 3 витамині)түзілу бұзылыстарынан байқалады.Д3 витаминінен кальцитирол түзілуі азайып ащы ішектерде кальций мен фосфордың сіңірілуі бұзылады,остеобласттарда цитокиндер мен остеокальциннің өндірілуі азаяды.Содан жаңадан құрылған сүйек құрамында болбыр кальций-фосфаттың мөлшері артады,сүйек қатаюы әлсіз болады.Сүйектің қалыпты бөліктері кері сорылып кетеді,минералдардың,әсіресе кальцийдің мөлшері азайып кетеді,су мөлшері артып,мешел белгілері пайда болады.

Жіктелуі

 

  • Д витаммнінің жетіспеушілігі ауруы клиникасына,ағымына,дәрежесіне ,кезеңіне қарай жіктеледі.
  • 1.Клиникалақ варианты қандағы фосфор,кальций концентрациясының өзгеруіне байланысты бөлінеді:
  • Кальцийпениялық
  • Фосфопениялық
  • Ешбір зақымдаусыз Ca және P өзгерісі

 

2.Ағымына қарай

3.Ауырлық дәрежесіне қарай

 

Жеңіл

 

Орташа

 

Ауыр дәрежесі

 

4.Ауру озінің ағымында  4 кезеңнен өтеді

                      

 

 

Бастапқы кезең

 

Дер кезеңі

 

Айығу кезеңі

 

Қалдық өзгерістер кезеңі

Клиникасы

 

    4 кезеңі бар:

    1. Бастапқы кезең- вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістері мен сипатталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады, бас сүйек жігі яғни желке жұмсарады (краниотабес). Бас сүйектің жұмсақтығы қара құстың ( желке сүйегінің) жалпаюына әкеледі. Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершеңдік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. Қандағы негіздік фосфатаза белсенділігінің жоғарлап, зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол ащы иісті болады.

 

. Дер кезеңі- сүйек  жүйесінде анық талатын өзгерістерімен  сипатталады 

 

   

  • а/ Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі,үлкен еңбектің уақтынан кеш жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады

    

       б/ Кеуде сүйектері жағынан-5-8 қабырғаларында « мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш,көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көк еттің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайша Гаррисон  сайы – мешелдік патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс табады. Баланың төсі «құс төс» немесе «етікші төс» болып өзгереді.

 

  • в/ Аяғы «Х» немесе «О» тәріздес болып өзгереді, жамбасы қушық болады, табаны жалпақ «түйе табан» болып келеді, түтікше сүйектердің өзгеруі –білек және балтыр сүйектерінің бас жағының « мешелдік білезік», саусақ буындарының жалпаюы « інжу жіптер» білінеді.

 

 

  •  г/ Бұлшық еттердің күші төмендеп сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді «құрбақа іші» , оның уақытында басын ұстауы, отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді.Бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады.

 

 

Рентгенологиялық көрінісі

Айығу (Реконвалесценция) кезеңі

 

 

 

  • 3. Айығу (Реконвалесценция) кезеңінде сәбидің жағдайы жақсарады,статикалық функциялары  қалпына келеді .Қанда фосфордың құрамы калпына келеді немесе жоғарылайды.Гиаокальцемия аз мөлшерде сақталуы мүмкін,кейде күшейеді.нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүруі қалпына келеді.

Қалдық өзгерістер кезеңінде 

 

 

 

       4. Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит процесі аяқталып , бұлшық ет гипотониясы, анемия т.б өзгерістердің мүлдем жойылуы не олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін . Сүйек өзгерістері өмірлік қалады.

Емі

 

  •      Емі - Комплексті, жүйелі және жеке басты болуы керек. Витаминдер, минералды заттар, әсіресе құрамында кальциі бар тағамдар беру, таза ауада жеткілікті серуендеу, массаж бен гимнастиканың емдік маңызы зор. Ультракүлгін сәулесін қолдану мешелді емдеудің әсерлі тәсіліне жатады.Мешелде цитраттарды берудің маңызы  бар.Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда тұзды, қылқан жапырақты, құмды ванналар, УФ сәулесі, бұлшық ет және сүйек диатермиясы, массаж бен гимнастика, теңізбен күн сәулесі ванналар пайдалы.Кальций және фосфор препараттарын мешелдің арнаулы ем ретінде, тек тым шала туған сәбилерге береді.

 

 

  Мешелдің алдын алуы: 
 

 

      Антенаталдық алдын- алу-нәресте тумастан бұрынғы алдын- алу шаралары:

  • Жалпы, арнайы емес алдын-алу- жүкті әйелдің режим сақтап сүт, жеміс- жидек тағамдар қабылдап, маңызда және жеткілікті тамақтану, таза ауада көп уақыт болуымен ұштасады.
  • Арнайы алдын- алу. Жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500 ХБ-тен Д витаминін береді.Жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит поливитаминін күніне 1-2 дражеден беруге болады.Жасы 35-тен асқан, сонымен бірге жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары бар жүкті әйелге Д витаминімен мешел профилактикасын жүргізуге болмайды.

 

 
Мешелден   постнаталдық сақтандыру-туылғаннан  кейінгі                                                          мешел  ауруымен күрес 

 

  • а/ Арнайы емес алдын-алу- міндетті түрде табиғат факторларын барынша мол және дұрыс пайдаланған жөн:күн, ауа және су, сондай – ақ уқалау мен гимнастика.Мешелдің алдын-алуда табиғи тамақтандыру, қосымша тамақтарды уақтылы енгізу, сонымен бірге баланы дұрыс күте білу және режим сақтау маңызды орын алады.

 

  • б/ Арнайы алдын-алу- Д витаминінің майлы ерітіндісін 1 айдан бастап қыс- күз айларында  аптасына 2 рет (тәулігіне 500 ХБ) 1 жасқа толғанша беру.

 

Қорытынды

 

  • Мешел кальций мен фосфор алмасуының терең зақымдалуына негізделген.Соның салдарынан остеоидтық ткань кальций фосфатын сіңіре алмайды да,дұрыс ізбестенбейді.Мешелдің қанында бейорганикалық фосфор азайып (гипофосфатемия),тканьдерінде тотығу процесі бәсеңдеп,ацидоз дамиды,белоктар мен липидтер дұрыс алмаспайды,әрі май қышқылдарының мешел ауруының ағымын жандандырғыш қасиеті бар.

Қолданылған әдебиеттер

 

  • В.В. Новицкий “Патофизиология”
  • Ә. Нұрмұхамбетов “Патофизиология”
  • Интернет (www.google.ru, www.rambler. ru)
  • Пропедевтика внутренних болезней,В.Х.Василенко,А.Л.Гребнева
  • 2.Патофизиология под редакцией акад РАМН В.В.Новицкого

 

 

13


Информация о работе Мешел ауруының патофизиологиясы