Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 11:42, реферат
ХІІІ ғасырдың бас кезінде, яғни, 1219 жылы Орта Азияға Шыңғыс хан жорығының басталғаны белгілі. Бұл сол кездегі аса ірі жойқын соғыстың басталуы болса, екінші жағынан бұл соғыс мәдениеттер қақтығысының да бастауы болатын. Атап айтар болсақ, моңғол мәдениетімен түрік мәдениетінің, түрік мәдениетімен парсы мәдениетінің қақтығысы.
Шыңғыс хан және ол бастаған моңғол шапқыншылығы жалпы адамзатқа, әсіресе түріктерге, олардың болмысына, дініне, жалпы мәдениетіне не әкелді? Жақсылық немесе жамандық әкелді деп жәй айта салу мүмкін емес.