Митоз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 16:30, реферат

Описание

Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз клетка көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас клеткаларға тең бөлінуін және клетка ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.
Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас клеткаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір клетка жаңа екі клеткаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.

Работа состоит из  1 файл

Митоз.docx

— 66.09 Кб (Скачать документ)

Митоз


                                                                   

 

 

 

 

Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз клетка көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас клеткаларға тең бөлінуін және клетка ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.

Митоздың биологиялық  маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас клеткаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір клетка жаңа екі клеткаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.

Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Интерфаза – клетканың екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.

Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ дерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады.Профаза (prophasis, гр. pro, protos — бірінші, phasis — фаза) — митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан мигоз ұршығы қалыптасады. Мейоз профазасы — біріншілік сперматоцштер мен овоциттердің бірінші бөлінуінің бастапқы сатысы. Мейоз профазасы кезінде жыныс жасушаларындағы гомологиялық хромосомаларда күрделі өзгерістер болып, олар бір-бірімен жақындасып гендерімен алмасады. Профаза бес сатыдан: лептотен, зиготен, пахитен, диплотен, диакинез сатыларынан өтеді. 

Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар клетканың экватор аймағына жиналып шоғырланады, клетка бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кзеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін. Метафаза (грек. meta – аралық, кейін және фаза) [1] – клетка және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы. 
Митоз процесінде көптеген организмдердің клеткалары ядросының бөлінуі кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған хромосомалар цитоплазмада қалады. Бұл фазада (стадияда) хромосомалар клетканың бөліну ұршығының екі полюсы арасында орналасқан жазықтыққа жиналады. Түзілген метафазалық негізгі пластинка метафазаның ерекшелігі болып табылады. Бірінен соң бірі жүретін гаметаның түзілуі кезінде екі мейоздық бөлінудің (мейоз І және мейоз ІІ) әрқайсысының Метафаза стадияларын бөлуге болады. 
Мейоздың Метафаза І бөліну кезінде биваленттер ұршық жіпшелеріне центромераларымен бекініп Метафазалық пластинка құрады, мұнда гомологтық хромосомалардың центромералары пластинканың қарама-қарсы жағына орналасады. Гомологтық хромосомалар бір-бірімен хромосомалар ұшына жылжыған хиазмалар арқылы байланысады. Метафаза І-де аталық және аналық хромосомалардың Метафазалық пластинканың екі жағына теңдей бөлінуі мүмкін нәтижесінде әрбір гаметада аталық немесе аналық хромосомалар болуы мүмкін. Метафаза ІІ-де хромосома центромералары ұршық жіпшелерге бекініп Метафаза пластинкасында орналасады.

Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас клеткалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар клетканың полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір клетка екіге бөлініп, жас клеткалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың клетка полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді. Анафаза (anaphasis; гр. апа — кері, тең; гр. phasis - фаза, кезең) [1] — жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі[2]; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы полюстеріне ажырайтын ядроның күрделі бөлінуі кариокинездің үшінші кезеңі.

Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клтека денесі бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі клетка құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы клетка құрылады. Телофаза (грекше telos – соңы, соңғы және phases – фаза, кезең) [1]–аналық клеткадан екі жас клетка түзілетін митоздың соңғы фазасы. Телофазада клетканың қарамауылықарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады. Хромосомалардың айналасындағы мембраналы көпіршіктерден ядро қабықшасы (кариолемма) түзіледі. Клетка аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейіп, ядрошық пайда болады. Телофаза кезінде митоздық аппарат біртіндеп ыдырайды. Жас клеткалар ядролары түзілгеннен кейін аналық клетканың цитоплазмасы екіге бөлініп, тең екі клетка пайда болады. Мұнда хромосомалар саны диплоидты (2n). Ал жыныс клеткалары екі бөлінуден тұратындағыықтан (қаласы Мейоз.) Телофаза процесі де телофаза I және телофаза II кезеңдерінен тұрады. Мейоздың екі бөлінуінен кейін гаплоидты хромосома саны бар (n) жаңа төрт клетка пайда болады. Телофаза кезеңінің әр клеткадағы ұзақтығы 1,5 мин-тан 400 мин-қа дейін созылады. 


Информация о работе Митоз