Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 16:34, реферат
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады.
Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор - делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс с а ң л а у ы болады. Ол - клетка аралық сұйыққа толы кеңістік.
Әрбір нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе алады.
Қазіргі кезде
жұлын мен мидың түрлі
Әрбір нерв клеткаларында көптеген тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір-бірімен байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ьі деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бұл талшықтар арқылы қозудың өту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: І мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққа тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Жүйкенің көпшілігі аралас нервтерден тұрады. Оның құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.
Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке
жүйесі ми мен жұлыннан тұрады.
Жұлын - омыртқа өзегінде орналасқан,
ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық,
салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша
мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып
омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып
кеткен симметриялы оң және сол жақ екі
жарты бөлімдерден тұрады. Адамның
жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум
-бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде,
5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері.
Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв
түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады
(орталыққа тебетін немесе сезгіш және
орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер).
Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан
аталған бөлімдер омыртқаның аттарына
сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын
өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің
терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының
еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір
бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады. Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады. Сопақша мидың арт жағында мишық орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейондардан (нерв клеткаларынан) құралған: І-сыртқы, молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III -ішкі, түйіршік баттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері - тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың кұртында сұр заттан құралған екі ядро бар.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
Вароли көпірі-сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден V, VI ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидын дамуы аяқталуға жақындайды.
Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуынын жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бұған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.
Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төмпешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық нервтерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация ( торлы құрылым ) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан оны торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым негізінен орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық және үлкен ми сыңарлары. Ол жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Торлы құрылымның әсерінен жұлынның байланыс жолдары жеңілденіп, әлсіз тітіркендіргіштің өзіне жұлын рефлекстері толығынан және жақсы пайда болады. Ал тежеп әсер еткенде жұлын рефлексі әлсіреп, нашарлап тітіркендіргіштің күшті әсерін қажет етеді. Ми сыңарларына белсенділендіріп әсер етуіне байланысты оның қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді. Торлы құрылымның әсеріне байланысты рецепторлардан келген арнайы мәліметтер ми сыңарларында талданып, дұрыс ұғым пайда болады. Ми сыңарлары мен торлы құрылым бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тек қана торлы құрылым ми сыңарларын белсенділендіріп қоймай, керісінше, ми сыңарларының қыртыстары да торлы құрылымға белгілі шамада әсер етеді.
Қыртысасты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Ол ядролардың ішінде ең маңыздысы - бозарған, қауызды және құйрықты ядролар.
Бозарған ядро
қозғалу кезінде көмекші
Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бүлшық еттің хонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Он-дай адамның беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз, бір-біріне сәйкестелмейді.
Қ ұ й р ы қ т ы ядро мен қ а у ы з д ы ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бүлардың қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі темендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мүндайда паркинсон ауруын-дағы тәрізді белгілер байқалады. Ал оның қызметі нашарла-ғанда хореяға үқсас кемшіліктер пайда болады.
2-3 жаста қыртыс асты ядроларының мөлшері ересек адамның мөлшерінің 40%-ындай болады. Оның нейрондары бүл мерзімде әлі де болса дифференцияланып (нейрондардың белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі) үлгермейді, аксондарының көпшілігінде миелин қабығы жетілмеген, сондықтан балалардың қимылдары әлі де болса ыңғайсыз-дау, дүрыс бағытталмаған.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-ындай болады.
7-13 жаста оның
аксондары толық миелинденіп,
ересектердің ядроларына
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шарлары). Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиардтай нерв клеткалары бар, яғни жүйке жүйесінің нейрондарының тең жартысы осы ми сы-ңарларында орналасқан. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетіне жатқызады. Ол өзінен төмен орналасқан орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметін реттеп отырады. Бүған қоса, біздің санамыз, ойлау қабілетіміз осы ми сыңарларының қызметіне негізделген.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайларды орталық немесе Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артында төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігің маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бүл атал-ған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.