Паразит саңырауқұлақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 04:40, лекция

Описание

Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдік - тердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ үн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қарабидай, арпаның көбінесе сабақтарынан емен жапырақтарынан мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл - ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары. Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді. Жіпшумақта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп тұрған жеріне түседі немесе басқа өсімдіктерді зақымдайды

Работа состоит из  1 файл

макпал мик.docx

— 388.41 Кб (Скачать документ)

Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдік - тердің жапырақтарына, сабақтарына аппақ үн сеуіп тастаған сияқты болады. Оның күздік бидай, қарабидай, арпаның көбінесе сабақтарынан емен жапырақтарынан мақта тәрізді болып тұрғанын байқауға болады. Бұл - ақұнтақ саңырауқұлағының жіпшумақтары. Олар өсімдіктің жапырақ, сабағына жіпшелерін жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен қоректенеді. Жіпшумақта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп тұрған жеріне түседі немесе басқа өсімдіктерді зақымдайды. Өсімдіктердің зақымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында көптеген қызғылт түсті, кейінірек қоңыр түсті жемісті денелер түзіледі. Оларды жаздың екінші жартысында немесе күзге қарай байқауға болады. Ішіндегі түзілген жыныс жасушалары (жасуша қабығы жоқ) қосылып, зигота түзеді. Әрбір зиготадан - қалта, оның ішінде 8 спора түзіледі де, жемісті денелердің ішінде қыстал шығады. Олар көктемде сүректі өсімдіктерді зақымдайды. Сондай-ақ астық түсімін 30%-ға кемітеді.

Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сәл иіліп келген қара түсті қастауышты көруге болады. Ол - паразит саңырауқұлақ. Бидай гүлдегенде масағындағы аналықтың аузына қастауыш споралары келіп түседі. Спора өніп, жіпше, жіпшумақ түзіл, шырынданып, аналық түйінін толтырады. Сол жерде споралар түзіледі. Шырынға қойған бунақденелілер спораларды таратады. Бидай піскенде барлық зақымдалған аналық түйіннің орнында қастауыш пайда болады. Оның іші тола жіпшумақ. Бұл - қастауыштың қыстал шығатын кезеңі. Қыстал шыққан қастауыш денесінде көктемде жемісті денелер жетіледі. Олардың ішінде жынысты көбею жүреді. Споралар өсімдіктерді зақымдайды.

Кейде қастауыш астықпен бірге орылып кетсе, одан дайындалған  тамақтан адам уланады.

Тат саңырауқұлағы дәнді дақылдарды (бидай, арпа, күріш, сұлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды. Жапырақ, сабағында ұзынша таттың түсіндей қызғылт-қоңыр томпайған дақ пайда болады. Күзге қарай ол дақтар қара қоңыр түске өзгереді. Бұл дақтарда споралар пайда болады. Ол тат саңырауқұлағының зақымдауға бейімделгендігін көрсетеді. Жауын-шашынды, ылғалы мол жыл мезгілінде тез дамиды. Тат саңырауқұлағымен зақымдалған астықтың дені майда әрі жеңіл болады. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15%-ға төмендейді.

Астық дақылдарының, жабайы дәнді дақылдардың және басқа да өсімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған қара тозаңдар көрінеді. Еғістікте өсіп тұрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейт, томпаяды. Егер оны - пайда болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны қара тозаң басып кетеді. Бұл - қаракүйе саңырауқұлағының спорасы. Оның екі ядросы қосылып, жынысты көбейеді. Осы екі ядролы жасушадан пайда болған жіпшелер бидайдың, жүгерінің және басқа да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдың гүліндегі аналығының аузына споралар түсіп, кейін дәнін зақымдайды. Зақымдалған дәнді қайта сепкенде, одан ауру өскін пайда болады. Сыртынан қарағанда ауру өсімдік пен сау өсімдіктің айырмашылығы болмайды. Кейін масақтанған кезде ол қаракүйенің спорасы жетілетін орынға айналады. Олар қайтадан басқа өсімдіктердің гүліндегі аналығының аузына түсіп, зақымдайды.

Ағаштардың сабағында  өсетін пішіні малдың тұяғына ұқсас  саңырауқұлақ діңқұлақ деп аталады. Оның астыңғы бетінен жыл сайын жаңа спора түзетін қабат пайда болады. Бұрынғы қабаттары сүректеніп, өлі қабатқа айналады. Олардың споралары түтікшелердің ішін жауып тұрған жасушалардан түзіледі де, жел арқылы таралып, ағаштарды зақымдайды. Ағаш діңінің ішіне діңқұлақтың жіпшумағы өтіп, оның ағзалық заттарымен қоректенеді. Ағаш сүрегінің сапасын төмендетеді. Паразит саңырауқұлақтармен күресу кезінде улы химикаттар пайдаланылады. Саңырауқұлақтар зақымдамау үшін себер алдында тұқымды формалинмен өңдейді.

Ғалымдар түрлі  ауруларға төтеп беретін іріктемелер  шығаруда.

Саңырауқұлақтардың  көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде  өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарьшен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады. Өсімдіктерде әр түрлі ауру туғызатын паразит саңырауқұлақтарға ақұнтақ, қастауыш, тат, қаракүйе саңырауқұлақтары жатады. Мұндай паразиттер мәдени өсімдіктердің түсімін орта есеппен 10-30%-ға төмендетеді. Ағаш діңінде өсетін діңқұлақтан ағаш сүрегінің сапасы төмендегі. Мәдени өсімдіктердің зақымданбауы үшін себілетін тұқым міндетті түрде формалинмен өңделу қажет.[1]

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.

Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.

Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың  көбісінің мицелийлері субстраттың  ішінде жатады. Субстраттың бетінде  жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.

Гифалар төбе клеткалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды  бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі  мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің клеткасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, клетка ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің клеткасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.

 
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың клеткаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді.

 
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың  перделерінде клеткаларды бір-бірімен  байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.

 
Саңырауқұлақтардың клетка қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың клеткасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.

 

Fungi 
Қазбалық ауқымы: Early Devonian – Recent (but see text)

Clockwise from top right: Amanita muscaria, a basidiomycete; Sarcoscypha coccinea, an ascomycete; bread covered in mold; a chytrid; a Penicillium conidiophore.

Ғылыми  топтастыруы

Әлемі:

Eukaryota

(unranked)

Opisthokonta

Дүниесі:

Fungi 
(L., 1753) R.T. Moore, 1980[1]




Клекта ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай  болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың  бар екендігі байқалады. Протоплазма жас клеткалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек клеткаларда протоплазма клетканың қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан клетканың жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля клетка шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ клеткаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады.

Кейбір саңырауқұлақтарда  әр түрлі улы заттардың жиналуы  да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – клетка қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.

 
Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз талшықтар болмайды. Алайда жалған талшықтар жиі кездеседі, олар өз ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған ткань гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері болады.

Мицелийлердің сыртқы –  экзогенді және ішкі эндогенді болып  екіге бөлінеді.

  • Экзогенді мицелийлер субстраттың үстінде,
  • Эндогенді мицелийлер субстраттың ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында, тірі өсімдіктер денесінің ішінде жатады.

Эндогенді мицеллилер табиғатта  жиі тараған, олар сыртқы ортаның  қолайсыз жағдайларынан жақсы қорғалады  және қоректік заттармен мол қамтамасыз етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді.

Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен  көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар  мицелийлерінің жеке бөліктерге және клеткаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары клетканың бүршіктенуі, ал басқа  саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар клеткаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар клеткаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.

 
Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқұлақтар  жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл  споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии сағағы деп аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде өседі.

 
Экзогендік спораларды конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялардың пішіндерінің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратады.

Жыныссызға қарағанда, жынысты  көбею әр түрлі болып келеді. Қарапайым  саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе  құрылысы күрделілерді оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда  зигота біраз уақыт тыныштық күйде  болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангииі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың әрқайсысынан өздеріне тән споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі[2,3].

Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың көбісі жеке гаметангияларға бөлінбеген, сыртқы құрылысы жағынан әр түрлі  жыныс органдарының ұрықтануы қозғалмайтын спермациялар арқылы болады. Олар несекомдармен  немесе ауаның ағынымен таралады. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз  түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік клетканың протопласты екінші бір клеткаға жылжып барып құйылуы, яғни соматогамия арқылы болады. Мұнда ядролар бір-біріне бірден қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион түзіледі. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір-бірмен қосылып, диплоидты ядро – кариогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында гаплоидты, дикарионды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза аз уақыт, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты әр түрлі болады.

Клетаның бөлінуі

Жыныс процесінің нәтижесінде  пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен ерекше қалталарының ішінде 8-ден түзілсе, екінші біреулерінде базидия деп аталатын клеткалардың үстінде 4-тен экзогенді споралар түзеді. Эндогендік спораларды аскоспора, ал экзогендік спораларды базидиоспоралар деп атайды.

Жынысты және жыныссыз көбеюлер саңырауқұлақтардың даму циклында заңды  түрде ауысып отырады да, жынысты  көбею арқылы даму циклы аяқталады.

Біраз саңырауқұлақтарда  бір-бірінен айырмашылықтары бар  бірнеше жыныссыз спора түзу органдары  болады. Ондай саңырауқұлақтар спора  түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байлынысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екендігі, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте  алатына байқалады.

Саңырауқұлақтар хлорофилі  болмағандықтан сапрофитті, не паразитті  жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар  өлі субстраттар мен органикалық қалдықтарға шоғырланады. Паразитті саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі және тірі ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.

Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін, қолайлы ылғалды субстрат қажет. Субстраттың ылғалды болуы мицелийдің түзілуіне, ал құрғақ болуы – спора  құру органдарының өсіп дамуына себеп  тигізеді. Олардың көпшілігі оптималды  температураны +20-250С, ең төменгі +1-50 температураны да жақсы көтереді.

Жиналған жейтін саңырауқұлақтар

Біраз саңырауқұлақтарда  бір-бірінен айырмашылықтары бар  бірнеше жыныссыз спора түзу органдары  болады. Ондай саңырауқұлақтар спора  түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Ертеде мұндай әртүрлі жаныссыз көбею органы бар  саңырауқұлақты әр түрге, тіпті кейде  әр туысқа жатқызған. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екені, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте  алатыны байқалады.

 
Жоғарыда айтып кеткендей, клавициалды  саңырауқұлақтар қалталы саңырауқұлақтар  класына жатқызылады. Бұлардың басты  ерекшелігі – көп клеткалы мицелийдің және жыныс процесінің нәтижесінде  түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты  жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп таралған. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады[1,2].

Информация о работе Паразит саңырауқұлақтар