Патогенді анаэробтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:58, доклад

Описание

Сабақтың мақсаты. Бактериологиялық зерттеуге патологиялық материалдарды алу және оларды зерттеуге жіберу тәртіптерін меңгеру. Патогенді анаэробтардың морфологиялық, өсінділік, биохимиялық қасиеттерін зерттеуді үйрену.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 107.16 Кб (Скачать документ)

Тоғызыншы сабақ

Тақырыбы: ПАТОГЕНДІ  АНАЭРОБТАР 

 

Сабақтың мақсаты. Бактериологиялық зерттеуге патологиялық материалдарды алу және оларды зерттеуге жіберу тәртіптерін меңгеру. Патогенді анаэробтардың морфологиялық, өсінділік, биохимиялық қасиеттерін зерттеуді үйрену.

Материалдар мен  жабдықтар. Clostridium perfringens, Clostridium septicum, Clostridium chauvoei культураларымен жұқтырылған теңіз шошқаларының өлекселері және ботулизм мен сіреспе ауруларының клиникалық белгілері бар ақ тышқандар. Clostridium tetani, Clostridium botulinum өсінділерінен дайындалған жағынды-препараттар. Fusobacterium necrophorum-мен жұқтырылған қояндардың некрозға ұшыраған ұлпаларынан дайындалған жағындылар. Китта-Тароццидің ет пептонды бауыр сорпасы, Петри шыныларындағы глюкоза қосылған қанды агар, Вильсон-Блер ортасы. Стерильді пастер түтікшелері, өлекселерді жарып союға арналған стерильді саймандар жиынтығы, дезинфекциялық еретенделері (3-5%-ды фенол немесе лизол) бар ыдыстар, гигроскопиялық мақта, микроанаэростаттар немесе эксикаторлар, биопрепараттар мен кестелер.

Патогенді анаэробтар. Некробактериоз бен фузобактериоз қоздырғыштарынан басқалары Clostridium тұқымына жатады. Бұл топқа жататын микроорганизмдердің барлықтары қатаң анаэробтарға жатады. Сондықтан олар Китта-Тароццидің ет пептонды бауыр сорпасында, Вильсон-Блердің тығыз қоректік ортасында, Цейсслердің глюкоза қосылған қанды агарда, қоймалжың бауыр агарында, мартен сорпасы мен агарында, ЕПЖ, сүт, қан сарысуы қосылған орталарда және көмірсулары мен индикаторлары бар қоректік орталарда өсіріледі.

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ  – Clostridium perfringens, Clostridium septicum, Clostridium novyi (oedematiens), Clostridium histoliticum, сонымен қатар Clostridium sordellii, Clostridium gigas және басқалары. Қатерлі ісік полимикробты этиологиясы бар жара. Ол жарақат бетінен ұлпалардың төменгі қабаттарына енуі салдарынан пайда болады.

Патологиялық  материал. Зертханаға қабынған ошақтардан алынған жарақаттардың кесіндісі мен олардың экссудаттары жіберіледі. Зерттеуге үлгілерді жедел түрде жеткізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, оларды глицериннің 40%-ды судағы ерітіндісінде консервілейді немесе ұлпа кесінділерін дәкенің астында (шыбын шіркейлерден қорғау үшін) кептіреді. Зерттеу жүргізудің алдында кепкен үлгілерді стерильді ступкада физиологиялық ерітінді қоса отыра езеді, ал глицеринмен консервіленгендерін алдын ала физиологиялық ерітіндімен шайып алады. Дайн болған үлгілердің суспензияларды Пастер түтікшесінің көмегімен Китта-Тароцци және Вильсон-Блер орталарына себінді жасайды. Өсіп шыққан аралас микроорганизмдердің өсінділерінен қатерлі ісіктің қоздырғышын басқаларынан жеке бөліп алу үшін Дригальский тәсілімен қан қосылған агарға қайта себеді.

Морфологиясы. Clostridium perfringens ірі, ұштары дөңгеленген, ұзындығы 4-8 мкм болатын, жылжымайтын, грам-оң полиморфты таяқша (16-сурет). Топырақта, суда, қида және қоректік ортада ұзақ уақыт бойы өсіргенде спора түзеді. Перфрингенс жасушаларының капсула түзуі басқа анаэробтардан бірден-бір айырмашылығы болып табылады. 

 

 

 

16-сурет. C. perfringens микроскопиясы 

 

Clostridium septicum-нің морфологиясы Clostridium perfringens-ке ұқсас. Ол спораны тек топырақта, суда емес, сонымен қатар коректік орталар мен жұқтырылған организмдерде де түзеді. Спорасы жасуша ортасында орналасады, Грам тәсілімен оң боялады, перитрих (жақсы жылжи алады). Культуралардан дайындалған препараттарда жеке немесе қысқа тізбек түрінде (17-сурет), ал патологиялық материалдардың жағындысында бактерия ұзын жіпше тәрізді болып ораласады. Clostridium novyi (C. oedematiens) ірі таяқша, ұзындығы 10 мкм-ге дейін жетеді, сілтілі

17-сурет. C. septicum  микроскопиясы 

18-ші сурет – C. novyi микроскопиясы

орталар мен қоректік заттары  аз орталарда спора түзетін грам-оң бактерия (18-сурет).

Clostridium histolyticum жіңішке, ұзындығы 3-5 мкм, ені 0,2-0,5 мкм, жылжымалы, грам-оң таяқша. Капсула түзбейді, спорасы субтерминальды орналасқан микроб.

Өсінділік қасиеттері. Патогенді анаэробтар сұйық қоректік орталарды (ЕПБС) біркелкі лайлап, Clostridium histolyticum-нан басқалары газ түзе отыра өседі, 2-3 күннен кейін микроб массасы тұнбаға түсіп, қоректік орта мөлдірленеді. Қан қосылған агарда C.perfringens дөңгеленген, дөңес, шеттері тегіс, гемолиз аймағы байқалған колонияларды қалыптастыра өседі. C.novyi (C. oedematiens) ірі, шеттері тегіс емес, ылғалдылығы мол колонияларды түзеді. C.histolyticum глюкозалы-қанды агарда ұсақ тамшыларға ұқсас колонияларды қалыптастырады. C.histolyticum-ның гемолиттік қасиеті жоқ.

Ферментативтік  қасиеті.

C.perfringens лактозаны, сахарозаны, мальтозаны және крахмалды қышқыл мен газ түзе отыра ыдыратады. Сүтті ұйытып, казеиннің қоймалжың түйіршіктері түзілген газ көмегімен жоғарыға көтеріледі (басқаларында мұндай қасиет жоқ), желатинді баяу сұйылтады.

C.septicum сахарозаны ферменттемейді, сүтті баяу ұйытады, желатинді баяу сұйылтса, ұйыған қан сарысуын тіпті сұйылтпайды. Сұйық қоректік ортада өскенде күкіртсутек пен аммиак түзеді. Индол түзбейді.

C.histolyticum көмірсуларды ыдырата алмайды. Протеолиттік қасиеті бар: желатинді сұйылтады, сүтті пептониза-циялайды. Некротикалық және леталь-дық қасиеттері бар цитотоксин түзеді.

C.novyi глюкозаны ферменттейді, сүтті баяу ұйытады, желатинді баяу сұйылтады. Бауыр және пептон қосылған орталарда күкіртсутек пен индол түзеді. 

Биологиялық сынауда теңіз шошқалары, көгершіндер, үй қояндары және ақ тышқандардың материалды бұлшық етіне немесе тері астына жұқтырғаннан кейін, өлекселердің органдарына бактериологиялық зерттеу жүргізеді.

Антигендік құрылымы. C.perfringens A, B, C, D, E, F –  экзотоксиндерді түзеді. B немесе C, D – токсиндер малдардың спецификалық ауруларының қоздырғышы болып табылады. A, C, D және E – токсиндер бұзаулардың энтеротоксемиясы мен ересек қара малдардың гастроэнтеритін, С – токсин торайлардың некротикалық энтеритін, D – токсин қойлардың энтеротоксемиясы мен адамдардың ішек ауруларын, ал F – токсин адамдардың некротикалық энтеритін қоздыруға мүмкіндік береді.

ҚОЙ БРАДЗОТЫНЫҢ (ЖЫБЫРЛАҚ) ҚОЗДЫРҒЫШЫ – C.septicum, C. оedematiens. Брадзот қойлардың жіті түрде өтетін септикалық жұқпалы ауруы. Ауру құрысып-тырысу белгілерімен және көп жағдайда малдардың өлуімен сипатталады. Брадзотқа күдік туған жағдайда бактериологиялық зерттеуге аш ішек пен жұмыршақ қарынның кілегейлі қабатының ұлпаларын, бауырдың некрозға ұшыраған ошақтарын, көкірек және құрсақ қуысының экссудатын жібереді. Бөлініп алынған культураның морфологиялық және биохимиялық қасиеттері зерттеліп, басқа анаэробтардан ажыратылады.

ҚОЗЫ ДИЗЕНТЕРИЯСЫНЫҢ  ҚОЗДЫРҒЫШЫ – C.perfringens В, жаңа туылған төлдердің жедел түрде өтетін ауруы. Патологиялық материал ретінде зерттеуге жаңа өлген қозыны немесе екі жағынан байланған ішектің кесіндісін, ішіндегі сұйықтығымен бірге жібереді.

ҚОЙ ЭНТЕРОТОКСЕМИЯСЫНЫҢ (СЕКІРТПЕ) ҚОЗДЫРҒЫШЫ - C.perfringens C, D. Энтеротоксемия брадзотқа ұқсас болып келеді. Бұл ауруға барлық жастағы малдар шалдығады. Тәжірибеде бұл ауру «жұмсақ бүйрек» деп те аталады. Бактериологиялық зерттеуге өлексе тұтас немесе жұмсарған бүйрек алынады. Зертханада бүйректен, ішектің кілегей қабатынан, құрсақ қуысының экссудатынан, тері асты ісіктерінен, жілік майынан Китта-Тароццидің ЕПБС-на себінді жасайды.

ҚАРАСАН ҚОЗДЫРҒЫШЫ – Clostridium chauvoei. Ірі қара малдың (сирек қой мен ешкінің) жіті түрде өтетін ауруы.Ауру алиментарлы жолмен жұғып, бұлшық етке бай жерлерде газды ісіктердің пайда болуымен сипатталады. Газды ісіктерді басқанда крепитациялық дыбыс естіледі.  Газ көпіршіктері тканьдердің бактерия ферменттерімен ыдырауы кезінде түзіледі.

Патологиялық  материал ретінде зақымдалған ет тканьдері алынады.

Микроскопиясы. Clostridium chauvoei – жуан, ірі, грам-оң жылжымалы (перитрих), спорасы ортасында немесе субтерминальды орналасқан таяқша. Спорасының диаметрі вегетативті жасушасынан үлкен болғандықтан ұршық немесе ожауға ұқсас болып келеді.

Өсінділік-биохимиялық  қасиеттері. Қоздырғыштың қолайлы өсу температурасы 36-38оС. Сұйық қоректік орталарды 16-24 сағаттан кейін лайлайды, газ түзіп, кейіннен тұнбаға түседі, глюкоза мен қан қосылған агарда жүзім жапырағы тәрізді колонияларды түзіп, өседі. Желатинды сұйылтады, сүтті ұйытады. Қышқыл мен газ түзе отыра глюкоза, лактоза және мальтозаны ыдыратады. Салицин, маннит, глицеринді ашытпайды.

Биологиялық сынау. Өсіндінің патогенділігі теңіз шошқаларының бұлшық етіне егу арқылы анықталады. Жұқтырылған жануарлар 24-96 сағаттан кейін өледі.

 
СІРЕСПЕ ҚОЗДЫРҒЫШЫ – Clostridium tetani топырақта, суда, қида, нәжісте, кең таралған. Ол жануарлар мен адамдарды өзінің тіршілік өнімдерімен уландыратын ауру (19-сурет).   

 

 

 

19-сурет. Сіреспеге  шалдыққан бұзаудың өлексесі 

 

Патологиялық  материал. Зерттеуге жіберілген жарақат экссудаттарынан Пастер түтікшесінің көмегімен Китта-Тароцци ортасына себінді жасайды. 5-7 күннен кейін пайда болған аралас өсінділер асбестті сүзгіш пластиналармен сүзіп, оны ақ тышқандар мен теңіз шошқаларының тері астына жұқтырады. Жұқтырылған материал құрамында сіреспе токсиндері болған жағдайда нақты клиникалық белгілері байқалып, өледі. Сонымен қатар материал микроскопиялық және бактериологиялық зерттеуден өткізіледі.

Морфологиялық, өсінділік  және биохимиялық қасиеттері. C.tetani– жіңішке болып келген, грам-оң, жылжымалы, ұзындығы 4-8 мкм, субтерминальды орналасқан споралары вегетативті жасушаларынан үлкен болып келген  (барабан таяғына) таяқша. Споралары ұзақ уақыт қайнатуға төзімді келеді. Қолайлы өсу температурасы 37о. Сұйық қоректік ортада біркелкі лайланып, 3-4 күннен соң тұнбаның түзілуінен орта мөлдірленеді. Висмут-сульфит агардаC.tetani қараяды. Глюкоза мен қан қосылған агарда шеттері тегіс емес ұсақ колонияларды құрады. Желатинді баяу сұйылтады, сүтті ұйытпайды, көмірсуларды ыдыратпайды. Күкірт пен аммиак түзеді. Сіреспеде антитоксикалық иммунитет пайда болады.

БОТУЛИЗМ ҚОЗДЫРҒЫШЫ – Clostridium botulinum. Ауру малдар мен адамдардың азық (тағам) арқылы улануымен, 85-100%-ының өлуімен  сипатталады. 

Патологиялық  материал ретінде зертханаға ірі малдардың уланған азықтарының қалдықтары, ит пен мысықтың құсықтары жіберіледі. Өлген жануарлардың ішек-қарын ішіндегі массасы, лимфа түйіндері, көк бауыр, бауыр, бас миы тексеріледі. Токсиндердің инактивациялануының алдын алу үшін патологиялық материалдарды күңгірт түсті шыны ыдыстарға жеке-жеке салады. Материалдардан қоздырғыштың токсиндері зерттеледі. Қоздырғышты бөліп алу үшін үлгілерді сұйық және тығыз қоректік орталарға себеді.

Морфологиялық, өсінділік  және биохимиялық қасиеттері. C.botulinum ірі (4-6 мкм), жылжымалы, грам-оң таяқша. Спорасы бар жасушалар теннис ракеткаларына ұқсас болып келеді. Сұйық қоректік орталарда қарасан қоздырғышы тәрізді өседі. Қан қосылған агарда гемолиз аймағы байқалады. Желатинді сұйылтады, сүтті газ түзе отыра пептонизациялайды, күкіртсутек, аммиак, май қышқылын түзеді. Глюкоза, мальтоза, глицеринді ферменттейді. Антигендік құрылымы жағынан әр түрлі болып келетін өте күшті A, B, C, D, E, F – токсиндерді түзеді. Ішекке түскен токсин қан арқылы бас миына жетіп, сопақша ми, жүрек-тамыр жүйесі жвсушалары мен бұлшық етті зақымдайды. Токсинді патологиялық материалдан бөліп алу үшін оны 1:2 қатынасында физиологиялық ерітіндімен араластырып, 1-2 сағаттан соң алынған экстрактты Зейтц сүзгісінен өткізеді де үшке бөледі. Бір бөлігін зертханалық жануарлардың тері астына егеді. Материалда токсин болған жағдайда жануарлар өледі. 80оС температурада 30 минут бойы қыздырылған екінші бір бөлігін теңіз шошқаларға егеді. Токсин термолабильді, қыздырғанда белсенділігі жойылып, теңіз шошқасына зиянсыз болып қалады. Үшінші бөлігі токсиннің қай топқа жататындығын анықтауда қолданылады. Ол үшін сүзінді поливалентті антитоксинді қан сарысуымен араластырылып, 1-2 сағат термостатта ұсталғаннан кейін теңіз шошқаларының тері астына егіледі. Сүзіндідегі токсиндер антитоксиндермен залалсыздандырылып, жануарларға зиянсыз болып қалады. Мұндай нәтижелер ботулизмді балауға мүмкіндік береді.

ФУЗОБАКТЕРИОЗ (НЕКРОБАКТЕРИОЗ) ҚОЗДЫРҒЫШЫ – Fusobacterium necrophorum. Ол әдетте жергілікті некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Некроз жиі жағдайда жануарлардың аяқтарында, кейде ошақтар бауыр, өкпе, бүйрек және т.б. органдарда байқалады.

Патологиялық  материал. Зерттеуге үлгі некрозға ұшыраған тканьдар мен сау ткандардың ортасынан алынады. Материалға физиологиялық ерітінді қосып, ұсақталғаннан кейін суспензия үй қояндарына егіледі. Өлген жануарлардың зақымдалған органдарынан жағындылар дайындап зерттейді және қоректік орталарға себінді жасайды. 

Микроскопиясы. F.necrophorum – жіңішке, жылжымайтын, грам-теріс, спора мен капсула түзбейтін таяқша. Жағындыларда қоздырғыш  біркелкі боялмай жіп тәрізді тізбек түрінде орналасады. Цитоплазмасында түйіршіктер кездеседі.

Өсінділік, биохимиялық  және патогендік қасиеттері. Тік қатырылған қан сарысуы бар агарда қоздырғыш 3-4 күннен кейін жасымық (чечевица) тәрізді тарамдалған жіпшелері бар колонияларды түзеді. Глюкоза, сахароза, лактоза мен салицинді ыдыратады. Желатин мен ұйыған қан сарысуын сұйылтпайды, күкіртсутек пен индолды түзбейді.

Информация о работе Патогенді анаэробтар