Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 15:36, реферат
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2015 жылға қарай депрессия, яғни, жан торығуы жүрек-қан тамыры бұзылыстары мен қатерлі ісіктерді басып озып, бүкіл сырқаттардың ішінде бірінші орынға шықпақ.
Күйзелген адамның рухани дүниесінен туындайтын күрделі құбылыс - депрессия. Ежелгі философтар мен сан мыңдаған ұлы ойшылдар да жан торығуын, адамның ішкі дүниесін толық зерттеп болған емес. Ал қазіргі таңда жан күйзелісі тән сырқатына айналып келеді...
Психикалық денсаулықтың рөлі
Денсаулық күні
Денсаулық психологиясы
Ғылым және білім министрлігі
Қарағанды «Болашақ» университеті
«Фармация»
факультеті
Тақырыбы:
Психологиялық денсаулық
Орындаған: Фм 10-2 тобының студенті Асылбекова Жайнагүл
Тексерген:
К.Р. Рапикович
- 2011 -
Мазмұны:
1.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2015 жылға қарай депрессия, яғни, жан торығуы жүрек-қан тамыры бұзылыстары мен қатерлі ісіктерді басып озып, бүкіл сырқаттардың ішінде бірінші орынға шықпақ.
Күйзелген адамның рухани дүниесінен туындайтын күрделі құбылыс - депрессия. Ежелгі философтар мен сан мыңдаған ұлы ойшылдар да жан торығуын, адамның ішкі дүниесін толық зерттеп болған емес. Ал қазіргі таңда жан күйзелісі тән сырқатына айналып келеді...
«Депрессия
- жай ғана көңіл күйдің нашарлауы,
дәрі-дәрмектерді үздіксіз пайдалану
ғана емес, өмірден ләззат алу сезімінің
жоғалуы. Медициналық тұрғыда депрессия
мида нейрохимиялық бұзылыс
Рухы биік, арманы асқақ қазақ баласын олқылыққа барады деу санамызға бір сүңгіп шығатын ой емес. Қазақ тарихында орын алмай, жаңа технология заманымен қоса келген жан торығуын өткінші сезім дегеніміз қателескендігіміз. Қалай десек те, адам жаны мен тәнінің өзара байланыста екені көз жеткізілген шындық. Тән қажеттілігі қозғалыста болу, ішіп-жеу, қарқынды өмір сүру болса, жан қажеттілігі бұдан гөрі кең әрі терең. «Тәні саудың, жаны сау» демекші, тән саулығы бәріне бастау болғандай-ақ. Тәнімізге ем іздейміз деп, жанымызға нұқсан келтіріп жүргендеріміз қаншама?! Жалпы тән ұғымы адамның сұлбасы болса, жан оның келбеті.
Қандайда бір құбылыстың себебі болады. Адам жаны құпияларының әлі күнге дейін ашылмай келуінің себебі, бәлкім, осында болар. Өткен жылдың дерек көздері мектеп оқушылары арасында орын алған суицид, яғни, өз-өзіне қол жұмсауының көбейгендігін көрсетеді. 2009-2010 жылдар арасындағы тоқсандық көрсеткіштің өзі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Өлім-жітімнің көбеюі тек жастар арасында ғана емес, нарықтан тарыққан шаңырақ иелерінде де бар. Айта кететін жәйт, оның ішінде ерлер саны басымдық етуде. Бұл дегеніміз, қазақ ұрпағының жалғасуына нұқсан келтіруші фактор, яғни, бұл жағдай демографияға да өз зиянын тигізуде. Бір ғана депрессия сөзінің астарында еңселі еліміздің болашағы жатқандығын біріміз білсек, енді біріміз біле тұра мән бермейміз.
Жан торығуына
шалдыққан жасөспірімдерді
Депрессияны қалай анықтауға болады? Өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, қорқыныш, үрей, ішкі мазасыздық, шаршау сезімі, күш-қуаттың болмауы, дәрменсіздік, фантастикалық ойлар мен бақилық өмірге құлшыныстың арта түсуі.
«Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрен» демекші, «еліктеуіш ел» атанып, шетелдік автокөліктер мен еуропалық сәнді киім үлгілерін, естіген құлаққа ерсі болатын әуендерін бойына сіңіре өскен қазақ баласы, әрбір шетелдік отбасыларының жеке психолог мамандарының бар екендігін және оған күнделікті жүгінетіндігін біле ме? Бұл жәйт алпауыт елдердің тек экономика саласында ғана емес, сонымен қатар рухани бай екендігінің дәлелі. Алайда, жан күйзелісіне шалдығып, уайым-қайғының торына шырмалған қазақ баласы психологқа жүгінуді ерсі санайды. Мамандардан көмек есебінде сенім телефондары да қызмет жасауда. Бірақ, жыл қорытындысына хабарласқан бір тірі жан жоқ дейді, мекеме қызметшілері. Депрессияға шалдыққан жандардың сауығып кетуіне қазіргі күннің мың сандаған дәрі-дәрмек пен таптырмас препараттар да жетерлік. Десе де, торыққан жанымызды емдеу үшін «психбольницаға» бас сұғамыз. Бұған наразы тек қарапайым халық емес, сонымен қатар медицина саласы мен мемлекеттік мекемелерде қызмет жасайтындар да осы қатарды толықтыруда. Әрине, күлкінің басты нысанына айналған «жынды» сөзінің қолданыс аясы еріккендер үшін мұқату мен келемеждеу ғана болып отыр. Өз өмірінен шер тарқатып, ой бөліспей, жаны торығып ем іздегендер спирттік ішімдіктер немесе уақытша жеңілдік әкелетін психобелсенді заттарды пайдалану барысында құштарлықты арттырып алу қаупін білсе де мән бере бермейді. Ол аздық еткендей енді депрессиядан шығу жолын жөн санағандар суицидке, яғни, өз-өзіне қол салуы әбден мүмкін.
Бүгінгі нарық заманы кімде-кімнің болмасын басты мәселесіне айналып отырғандығы хақ. Жұмыссыздық, материалдық қиындықтар, дағдарыс кезіндегі қысқартулар, отбасындағы түсініспеушіліктер секілді сан сұрақтың түп төркінін иемденген депрессия ертеңгі болашағымыздың бұлыңғыр бейнесіне айналмасына кім кепіл?!
Күйбең
тіршілігіміздің сарсаңына
Пендешілігімізге
бой алдырып, «тәуекелге» бел
буып жан саулығынан арылып қалмайық,
ағайын...
2.10 қазан - халықаралық психикалық денсаулық күні
Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы, әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, 1992 жылы 10 қазанды халықаралық психикалық денсаулық күні деп жариялаған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, қазір жер шарындағы халықтың 25 пайызы түрлі жүйке ауыруларымен ауырады. Ал Қазақстанда әрбір төртінші адамға психиатр маманның көмегі қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Жер бетінде 400 миллион адам жан ауыруларымен ауырады. 150 миллион адам күйзелістен зардап шексе, 60 миллион адамның ақыл-ойы кеміс. Қазақстандық мамандар, тұрғындардың арасында да бұл проблеманың өзекті екенін айтып отыр. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін көтеру институты психиатрия, психиотерапия және наркология кафедрасының профессоры Белгібай Амангелдіұлы, Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деді:
«Біздің Қазақстанда бүкіл халықтың 10 пайызының жан саулығы төмен, 14 пайызында психологиялық денсаулық нашар. Біздің халқымыздың 10 пайызына психотерапиялық көмек керек».
Ал, медицина ғылымдарының докторы Құдиярова Ғалия психологиялық аурулардың арасында маскүнемдік пен нашақорлық секілді әлеуметтік дерттің өршіп отырғанына алаңдаушылық білдіреді:
«Маскүнемдікке салынғандардың қазір саны соншама көп, әйелдің саны еркектің санына жетті, сосын, жас балалар ішетін болды. Біздің қазір қоғамымызда нашақорлық үлкен проблемаға айналды».
Профессор Белгібай Амангелдіұлы, Қазақстанның бірқатар аймақтарында адамның өз-өзіне қол жұмсауы артып отырғанын айтып, бұған әлеуметтік жағдайдан туындаған рухани күйзеліс себеп деген тұжырым жасайды.
«Солтүстік жақта көрсеткіш жоғары, сосын тағы басқа сол жақтағы облыстарда биік. Ең көп өздеріне қол жұмсайтындар жас адамдар. 15-30 жас аралығында. Ол адамның рухани байлығына байланысты, әлеуметтік-психологиялық факторға».
Психиатр мамандар қоғамдағы адамдардың рухани жан дүниесі сау болуы үшін, әлеуметтік деңгеймен қатар, отбасындағы тәрбие мықты болуы керек дейді. Ал, профессор Белгібай Амангелдіұлы осы салада мемлекетте бұғанға дейін қабылданған жарлықтардың орындалмай отырғанын алға тартады:
«Психотерапия туралы 1997 жылғы 27 наурызда қабылданған Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бар, бірақ, ол орындалмайды, әрбір емханада бір психотерапевт болуы керек, кезінде ақша жетпейді деп штат қысқартылған, сол әлі енгізілмеді. Көмек жетпей жатыр, мамандар саны жетпей жатыр».
Қазақстандық
дәрігерлер бұл мәселеге үкімет назарын
аудару үшін, 2007 жылды «Психологиялық
денсаулық жыл деп» жариялауды жоспарлап
отыр.
3.Денсаулық психологиясы – ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті – теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру.
Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің
көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың
медико-психикалық қиындықтары бар
екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде
оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық
дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни
әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның
қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты
пайда болып отырған:
1. Физикалық
денсаулығына байланысты
2. Психикалық
ауытқушылығына байланысты, яғни
эмоциялық сферасы, көңіл-
3. Қарым-қатынастағы қиыншылықтар;
4. Жанұялық жағдайдағы қиыншылықтар;
5. Темекі
шегуі мен алкогольді
Әр түрлі аурулардың пайда болуына адамның көңіл-күйі, яғни эмоциялық жағдайы әсер етеді. Ол жағымды немесе жағымсыз жағдай болуы мүмкін. Осы арқылы әлеуметтік және биологиялық орны анықталады.
Физиологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамның көңіл-күйі іс-әрекет реакциясын және өзін-өзі іштей басқара алуына тікелей әсер етеді. Адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық өзгерістерді реттеп отырады. Ол туралы П.К.Анохина еңбектерінен мәлімет алуға болады. Ал П.В.Симоновтың айтуы бойынша, эмоция дегеніміз, ол – сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау және ағзаның соған бейімделуі.
Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай сатыларға бөлген:
1. Денсаулық
– патогендік, физикалық, психикалық
және әлеуметтік бейімделулер, өмір
жағдайына байланысты
2. Сыртқы ортаға әсері – яғни адамның қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге бейімделе алуы тиіс.
3. Аурудың
алдындағы жағдайы –
• Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы, яғни жүрек ауруларының, спецификалық аурудың алдын-алу.
• Белгілі бір органның гомеостазының, механикалық компенсация әсерінен туындаған аурудың алдын алу.
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған.