Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 18:21, реферат
Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi – жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi.
Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi – жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi. Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер. Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шықты.
Жұмыртқа салушы және қалталылар, австралиядан басқа континенттерде табиғи сұрыптауға түстi және жойылып кеттi.
Жамылғысы кезеңдеп түлейтiн жүннен (өстен) және жүн астынан тұратын түктi. Терiде тер бездерi аз, майлы және иiстi бездерi бар. Сүт бездерi – емiзiктерi бар түр өзгерткен тер бездер.
Қаңқасы. Бассүйек, омыртқа, төс клеткадан, алдыңғы және артқы аяқтарының белбеулерiнен, еркiн аяқтардан тұрады, бассүйек милы және беттi бөлiктен, көз қарашығынан, астыңғы және үстiңгi жақтардан тұрады (күрек тiстер, иттiстер, азу тiстер). Тiстерi шұңқырда орналасып, түбiрден, мойыннан және эмальмен қапталған қабықтан тұрады. Сүттiлерi әрқашанда ауысып отырады. Омыртқасы 7 мойынды, 12 төстi, қозғалмалы қосылған 6 белдi омыртқадан, 3-4 крестi, жамбаспен өскен, (қозғалмалы қосылған) құйрықты омыртқалардан тұрады. Құйрықты омыртқалардың саны әртүрлi. Көкiрек клеткасы омыртқаның төстi бөлiгiнен, төстiктен және 12 жұп қабырғадан түзiлген. Иық белбеуi: қарға сүйекгi бiтiсiп кеткен жауырыннан және бiр, бұғанадан құралады. Артқы аяқтарының белбеуi: жамбасының сүйектерi – сербек, қасаға және шонданай.
Бұлшықеттер. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi. Диафрагма – тыныстық қозғалыстарға қатысып, дене қуысын төстi және құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет. Ымды бұлшықеттер.
Ас қорыту жүйесi. Тiстi ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ, өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер). Бауыр және қарын асты бездер. Жануарлармен және өсiмдiктермен қоректенедi.
Тыныс алу жүйесi. Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады.
Қанайналым жүйесi. Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар. Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.
Зәр шығару жүйесi. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер бездерi). Су, тұздар, несеп бөлiнедi.
Жүйке жүйесi. Орталық – бас ми және жұлын, ал перифериялық – олардан шығатын жүйкелер. Мидың жарты шарының қабығы – жоғарғы жүйенiң iс-әрекет ортасы. Қабығы қартар түзедi. Мишық жақсы дамыған. Шартты және шартсыз рефлекстерi күрделi.
Сезiм мүшелерi. Иiс сезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас миының қабығында сарапталады.
Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia) 4 мыңға жуық түрдi бiрiктiредi. Егер 2 млн. түрден астам насекомдармен салыстырса аса көп емес. Осыған қарамастан адамдар алты аяқ насекомдарға қарағанда сүтқоректi жануарлармен жақсырақ таныс. Бұл ғажап емес: адам өзiне тән қасиеттерге ие және өзi сияқты сүтқоректiлер класының өкiлдерiне көңiл бөледi. Омыртқасыздарға қарағанда сүтқоректiлер ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелген. Олардың әр түрiне ондаған, мыңдаған ғылыми еңбектер арналған. Джералд Даррелл, Бернгард Гржимек, Джой Адамсон, Александр Николаевич Формозов, Игорь Иванович Акимушкин және тағы да басқа көптеген белгiлi жаратылыстан жануарларға арнап көптеген кең таралған қызықты кiтаптар жазды. Алғашқы сүтқоректiлер шамамен 185 млн. жыл бұрын шығуы мүмкiн. Қазба қалдықтарына қарағанда, қазiргi жертесерлерге ұқсас ұсақ (ұзындығы 20 см аспаған) жануарлар болған. Бұл аңдардың тiстерi айқын күректiс, иттiс, ұрт және азу тiстерi болып бөлiнген, ми көлемi ең дамыған рептилиялардiкiнен үш-төрт есе үлкен, ал дене пiшiнiнiң кiшiлiгi насекомдарды аулауды және жаулардан тығылуды жеңiлдеткен.
Бор дәуiрiнiң соңында (шамамен 70-65 млн. жыл бұрын) динозаврлар қырылып «тiршiлiк кеңiстiгiн» босатты. Бұл мүмкiншiлiкпен сүтқоректiлер пайдаланды. 10-15 млн. жыл (бiздiң планетамыз тарихында үлкен мерзiм емес) iшiнде олар құрлықтан басқа су және әуе орталарын игердi.
Иттiң аяғы, жылқының тұяғы, итбалықтың ескек аяқтары, жарғанаттың қанаттары — өздерiнiң ата-тектерi рептилиялардан берiлген сүтқоректiлердiң «қарапайым» бес саусақты аяқ-қолдарынан пайда болған. Ең көне жылжу әдiсi – жүру немесе жүгiру. Осындайда жануар табаны мен бiлезiк сүйектерiне толығымен сүйенедi (немесе едәуiр бөлiгiне). Мұндай жүрiс тәсiлi – табан арқылы жүру деп аталады. Аса жылдамдықпен ерекшеленбесе де, ол тұрақтылық болды. Табан арқылы жүру насекомқоректiлерде, кемiргiштерде және кейбiр жыртқыш аңдарда (мысалы аюларда) сақталған.
Ашық кеңiстiктерде тiршiлiк ететiн жануарларға жауларынан қашуға немесе қорегiне жету үшiн жылдам жүгiру қажет болды. Кейбiр сүтқоректiлер табан арқылы жүруден саусақ жүрiске ауысты. Саусақ арқылы жүру үлкен жылдамдықпен жүгiруге және секiрiп қимылдауға мүмкiндiк бередi.
Қазiргi саусақпен жүретiн сүтқоректiлерге көптеген жыртқыштар тобының өкiлдерi жатады, мысалы, иттер мен мысықтар. Жүгiрiс кезiнде олар тiрек ретiнде барлық саусақтарын пайдаланбайды: бiрiншiсi (қысқа, қимылдауда қатыспайтын) эволюция барысында қатты кiшiрейген, ал кейбiр жануарларда толығымен жоғалған.
Саусақпен жүретiн жүгiрушiлерге қарағанда тұяқты сүтқоректiлер тек жылдам ғана емес, оған қоса ұзақ жүгiре алады. Тұяқтылар жер мен тастардың жарақатынан тұяқтың сүйектi қабығымен қорғалған, саусақтарының ең ұшына сүйенедi. Саусақпен жүретiн жыртқыштардың жүгiруi — жылдамдықпен үйлесiмi, ал олардың потенциальды қорегiнiң (шөпқоректi тұяқтылар) жылдамдық пен төзiмдiлiктiң үйлесiмi.
Эволюция барысында кейбiр ағашта мекендейтiн сүтқоректiлердiң жақын арақашықтықтарға самғауға қабiлеттерi ашылды. Бұл жануарларда қанаттың рөлiн әдетте, алдыңғы және артқы аяқтарының арасындағы терiлерiнiң қатпарлары атқарады. Дене көлемi бiрдей болса да «қанаттың» көлемi аяқтарының ұзындықтарына байланысты екендiгi түсiнiктi. Сондықтан самғайтын сүтқоректiлердiң аяқтарының ұзын болуы шарт. Ең үздiк «самғаушылар» болып 500 м ұша алатын тiкеқұйрық кемiргiштер есептеледi.
Нағыз қағып ұшу тек сүтқоректiлерде, қолқанаттылар отрядына бiрiккендерде немесе жарғанаттарда ғана кездеседi. Олардың алдыңғы аяқтары нағыз қанаттарға айналған. Қанаттары иықтары арасында созылған жұқа терiлi жарғақпен, ұзартылған алдыңғы иық және саусақтармен, дененiң бүйiрiмен артқы аяқтарының өкшесiмен құрылған.
Көптеген сүтқоректiлердiң суда ұстануы туа бiткен қабiлеттерi, ал олардың едәуiр бөлiгi «Кәсiби жүзушiлерге» айналды. Шығу тегiне қарамастан оларды жүзуге ортақ құралдары: алдыңғы және артқы аяқтарында жүзу жарғақтары пайда болды, аяқтары қысқарды, денелерi сусымалы пiшiндi, құйрықтары болса жалпақтанды.
Сүтқоректiлердiң түрлi отрядтарының өкiлдерi – үйрек тұмсықтар, жұпартышқандар, кейбiр кемiргiштер (құндыздар, саз кәмшаттар) — өте жақсы жүзедi, бiрақ құрлықпен байланыстарын үзбейдi, сол жерлерде қоректерiн тауып, ұрпақтарын әкеледi. Нағыз су жануарларына киттәрiздiлер, ескекаяқтылар мен қақпамұрындылар айналды.
Морждар мен түлендер ескекаяқтылар отрядына жатады. Олардың аяқтары қысқа және терiнiң астында орналасқан. Алдыңғы аяқтарының алдыңғы иықтары мен бiлезiктерiнiң жартысы сыртқа шығып тұрады, ал артқы аяқтарының сирағының үштен бiр бөлiгi мен табаны немесе тек табаны. Бiрақ бiлезiк пен табаны қатты ұзартылған, ал саусақтары қалың терi жарғағына оралған. Осының нәтижесiнде аяқтары ескек формасына айналған және олар ескектеуге пайдаланылады (негiзiнен, артқылар), сонымен қатар тереңдiк рөлiнiң қызметiн де атқарады. Ескекаяқтылар судан тек көбею және тыныс алу үшiн ғана шығады.
Ескекаяқтылардан киттәрiздiлердiң айырмашылығы, олар туылғаннан өлгенге дейiн суда тiршiлiк етедi. Су тiршiлiгiне деген бейiмдiлiгi оларда толығымен көрiнедi. Киттәрiздiлердiң денесi торпедатәрiздi және жүзуге ыңғайланған. Алдыңғы аяқтары тереңдiк рөлi қызметiн атқаратын және бұрылу мен тоқтауға мүмкiндiк беретiн ескектерге айналған. Барлық киттәрiздiлердiң серпiндi бұлшықеттi құйрығы көлденең құйрықты жүзбеқанатпен аяқталады. Киттәрiздiлер отрядына қорек табу амалының мамандануы қызықты касаткалардың үлкен және өткiр тiстерi оларды жыртқыштар екендiгiн, ал дельфиндердiң бiрқалыпты дамыған, бiрақ көптеген және өткiр тiстерi олардың балыққа әуестiгiн көрсетедi. Мұртты киттердiң тiстерi сан-алуан омыртқасыздар және майда шабақтарды ұстайтын тор — сүзгiге айналған.
Дене пiшiнi жағынан киттәрiздiлерге тағы да бiр сүтқоректiлердiң тобы – қақпамұрындылар ұқсас. Оларда да көлденең құйрық жүзбеқанаттары бар, алдыңғы аяқтары ескектерге айналған, ал артқылары болса мүлдем жойылған. Бұлар өте баяу қимылдайтын және тек су жағаларында мекендейтiн жануарлар.
Сүтқоректiлердi тек олардың қимылдау әдiстерiне қарап отрядтарға бөлуге болмайды. Тағы да бiр маңызды белгiсi – қоректену сипаты. Кемiргiштер мен қоянтәрiздiлер отрядтарының өкiлдерi, қатты және iрi қорекпен соның iшiнде жас ағаштар мен бұталардың қабықтарымен қоректенуге бейiмделген. Сондықтан оларды сипаттайтын белгiсi, iрi және өткiр алдыңғы күрек тiстерi.