Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 09:06, лекция
Суда еритін витаминдер адам ағзасына тағаммен түседі немесе ішек бактерияларымен синтезделеді. Суда еритін көптеген витаминдердің биологиялық мәні олардың коферменттік қызметіне байланысты болады.
Тағаммен түсетін немесе ішек бактерияларымен синтезделінетін суда еритін витаминдер адам организмінде өздерінің биохимиялық қызметтерін коферментке айналғаннан кейін көрсетеді.
Суда еритін витаминдер
Суда еритін витаминдер адам ағзасына тағаммен түседі немесе ішек бактерияларымен синтезделеді. Суда еритін көптеген витаминдердің биологиялық мәні олардың коферменттік қызметіне байланысты болады.
Тағаммен түсетін немесе ішек бактерияларымен синтезделінетін суда еритін витаминдер адам организмінде өздерінің биохимиялық қызметтерін коферментке айналғаннан кейін көрсетеді.
Суда еритін витаминдер көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Коферменттер – табиғаты ақуыздық емес төменгі молекулалық органикалық заттар болып табылады. Олар ферменттің ақуыздық емес төменгі молекулалық органикалық заттар болып табылады. Олар ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы, папааминобензой қышқылы, фолий қышқылы, биотин, В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.
В1 витамині (тиамин)
В1 витамині – тиамин
Тиамин – антиневриттік витамин, (анейрин,аневрин), оны 1906 жылы Х.Эйкман ашқан, химиялық табиғатын 1931 жылы Р.Уильямс пен Р.Греве анықтаған. Өсімдік әлемінде кең таралған. В1 витаминіннің құрамында аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан, тиамин деп аталады. Негізінен тұқымның қабығы мен ұрығында болатындықтан, ол кебегі бар ұнда көп кездеседі. Тиамин сол сияқты бұршақта, кейбір ет тағамдарында көп болады. Кейбір ішек бактериялары тиаминді синтездеп, онымен адам ағзасын қамтамасыз етеді. Тәуліктік қажеттілігі 1,5 – 2мг.
Ағзада В1 витаминінің биологиялық белсенді түрі оның дифосфорлы эфирі – тиаминпирофосфат ТПФ (тиаминдифосфат (ТДФ)) болып табылады, оны басқаша кокарбоксилаза деп атайды.
Тканьдерде тиаминомонофосфат (ТМФ) және тиаминтрифосфат (ТТФ) түзілуі мүмкін, бірақ коферменттік қызметті тек ТПФ (ТДФ) атқарады.
В1 витаминінің биологиялық туындысы – тиаминпирофосфат мынадый ферменттердің коферменті болып табылады:
- пируватдегидрогеназды комплекстің
- α – кетоглутаратдегидрогеназды комплекстің
- транскетозалардың
ТДФ күрделі екі коферменттік жүйенің – пируват және α – кетоглутаратдегидрогеназалық комплекстің құрамына кіреді. Пируватдегидрогеназалы полиферменттік комплекс ацетил - SКoA және СО2 түзілетін пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуін катализдейді.
α – кетоглутаратдегидрогеназалы полиферменттік комплекс сукцинил – SКoA және СО2 түзілетін α – кетоглутараттың тотыға декарбоксилденуін катализдейді.
Сондай – ақ, ТДФ транскетолаза, α – кетоглутарь қышқылының дегидрогеназалардың коферменті болып табылады.
Тиаминдифосфат (ТДФ) пируватдегидрогеназалық, 2 – оксоглутаратдегидрогеназалық жинақтың және транскетозалардың құрамына кіретіндіктен, ол көмірсулар мен аминқышқылдарынан энергия түзілуін және пентозосфаттық айналымда НАДФ.Н2 мен рибозо – 5 фосфат пен НАДФ.Н2 – ты қажет ететін барлық биохимиялық процесстерді жүргізуге қатысады.
В2 витамині – рибофлавин
1879 жылы алғаш рет В2 витамині сиыр сүтінің пигменті ретінде белгілі болған. Ол көп мөлшерде сүтте, ірімшікте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, жүректе, ашытқыда кездеседі. Ішек бактерияларымен синтезделеді. Тәуліктік қажеттілігі 2 – 4мг.
Рибофлавин өсу витамині. Оны 1953 жылы Кун бөліп алған. Рибофлавин молекуласының негізгі гетероциклді қосылыс – изоаллоксизиннен тұрады. Ондағы 9 – N атомына бес атомды спирт рибитол байланысқан. Рибофлавин – изоаллоксазиннің Д – рибитильді туындысы болып табылады, ол тотыққан немесе тотықсыздынғын жағдайда болады. В2 витаминінің биологиялық белсенді түрлері – рибофлавиннің туындылары – флавопротеидтердің коферменттері ФАД және ФМН болып табылады. ФАД – флавинадениндинуклеотид және ФМН – флавинмононуклеотид тканьдерде тағаммен түсетін рибофлавиннен синтезделеді.
В2 витамині коферменттік қызмет атқарады, ФМН мен ФАД – тың құрамына кіреді, соған байланысты мынадай ферменттердің қызметтеріне қатысады:
- митохондриялардың аэробты дегидрогеназаларының (сукцинатдкгидрогеназаның, НАДН2 – редуктазаның, НАДФН2 – редуктазаның, ацил – КоА – дегидрогеназаның және т.б).
- аминқышқылдарының оксидазаларының (D және L - аминооксидазалардың)
- моноаминооксидазалардың
- диаминооксидазалардың
- ксантиноксидазаның
РР (В5) витамині – ниацин
Антипеллагралық витамин. 1973 жылы Эльвегей бауыр сығындысынан бөліп алған. Никотин қышықылы карбоксильді тобы бар пиридиндік қатардың қосылысы никотинамид оның амиді.
Биологиялық белсенді түрі никотинамидадениннуклеотид (НАД+) және никотинамидадениннуклеотидфосф
Никотинамид
НАД пен НАДФ – тың зат алмасуы мен энергия алмасуында алатын орны жоғары.Ниациннің негізгі биологиялық қызметтері НАД және НАДФ коферменттерінің қызметімен байланысты:
- анаэробты дегидрогеназалардың коферменті ретінде 150 әртүрлі дегидраттау, тотығу, N – алкилдеу, изомеризация, май қышқылының, стероидтердің синтезіне қатысады.
- НАД коферменті ДНК – лигазды реакцияның субстраты ретінде пайдаланылады, яғни ДНҚ синтезі үшін.
- НАД және НАДФ Кребс циклының ферменттерінің, глюконеогенездің негізгі ферменттерінің аллостреикалық реттеушілері болып табылады.
В6 витамині – пиридоксин
Антидерматиттік дәрумен. 1934 жылы Дьерди ашқан. В6 термині дәрумендік қабілеті бар 3 – оксипиридиннің үш туысындысы: пиродиксин (пиродоксал), пиридоксаль және пиридоксаминге қолданады.
Бірақ, заттар алмасуына фосфорланған түрлері пиридоксальфосфат пен пиридоксаминофосфат қатысады.
В6 витаминінің биологиялық қызметі фосфопиридоксаль және фосфопиридоксамин коферменттері ретінде пайдаланылатын пиридокаль тәуелді ферменттердің қызметімен байланысты. Оларға мынадай ферменттер жатады:
- аминқышқылдарының трансаминазалары;
- қалқанша безінің гормондарын синтездеуге қатысатын иодтирониннің аминотрансферазалары;
- биогенді аминдер, нейромедиаторлар (гистамин, гамма – аминмай қышқылы және т.б) синтезін қамтамасыз ететін аминқышқылдарының декарбоксилазалар;
- орталық жүйке жүйесінің тежеуші медиаторының ыдырауын катализдейтін ГАМҚ (гамма - аминмай қышқылы) аминоферазасы;
- гем синтезінің негізгі ферменті – дельта – аминолевулин қышқылының синтетазасы;
- сфингозин синтезінің ферменті;
- триптофаннан никотинамидті синтездеу ферменті – кинурениназа және кинуренинаминотрансфераза.
Н витамині – биотин, биос 2
Антисеборейлық витамин. 1935 жылы жұмыртқаның сарыуызынан бөліп алынған. Бауырда, бұршақта және т.б кездеседі Биотиннің молекуласы – молекуланың гетероциклдық бөлімін құрайтын имидазол мен тиофен сақинасынан, ал бүйір тізбегі валериан қышқылынан тұрады.