Тағас құрамындағы органикалық заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 16:47, реферат

Описание

Жемшөптегi қоректiк заттар мал организмiне жай ғана ауыса салмайды. Жануар денесiнiң құрамына енбестен бұрын азықтың қоректiк заттары – белоктары, майлары мен углеводтары едәуiр өзгерiстерге ұшырайды. Малдың бойына сiңiп, денесiне тарауы үшiн олар организмде азықтағы күрделi түрiнен қарапайым, қанның құрамындағы қоректiк заттарға ұқсас сiңiмдi түрге айналуы керек.

Работа состоит из  1 файл

175.doc

— 73.00 Кб (Скачать документ)

АЗЫҚТЫҢ ҚОРЕКТIК ЗАТТАРЫНЫҢ МАЛ ОРГАНИЗМДЕ ҚОРЫТЫЛУЫ 

    Ас  қорытудың маңызы. Азықтың қоректi заттары мал организмiнiң тiршiлiк әрекетiне қажеттi пластикалыј (құрылыс) материалы мен энергияның (қуаттың) көзi болып табылады.

    Жемшөптегi қоректiк заттар мал организмiне жай ғана ауыса салмайды. Жануар денесiнiң құрамына енбестен бұрын азықтың қоректiк заттары – белоктары, майлары мен углеводтары едәуiр өзгерiстерге ұшырайды. Малдың бойына сiңiп, денесiне тарауы үшiн олар организмде азықтағы күрделi түрiнен қарапайым, қанның құрамындағы қоректiк заттарға ұқсас сiңiмдi түрге айналуы керек. Бұл мiндеттi асқазан атқарады. Азықтың  қоректiк заттары асқазанда әр түрлi физиологиялық, биохимиялық, микробиологиялық құбылыстардан өтедi, әр түрлi ферменттер бар ас қорыту бездерiнiң (сiлекей, қарын, iшек, ұйқы безi т.б.) бөлген шырыны әсерiнен өңделедi. Ферменттер азықтың күрделi органикалық  заттарының қарапайым және жеңiл сiңетiн түрiне бөлшектенуiн тездетедi, олардың бiрi – белокты, екiншiсi -  майды, үшiншiсi – углеводты ыдыратады. Соның нәтижесiнде азықтың күрделi заттарынан клеткаға сiңiрле алатын кiшi молекулалы заттар – қарапайым қанттар, бос күйiнде жүрген амин қышқылдары, глицерин, май қышқылдары түзiледi. Олар ерiтiндi күйiнде iшектiң қабырғасы арқылы сорылып қанға түседi де, бүкiл организмге тарап, құрамы мен сапасы жағынан жемшөптегiден мүлде ерекше заттарды, мал өнiмдерiн – ет, сҐт, жүн т.б. құрайды.

    Малдың әр түлiгiнiң қарын құрылысы да түрлiше. Жылқы мен шошқаның қарыны бiр бөлiмнен, күйiс малы iрi қара, қой мен ешкiнiң қарыны төрт бөлiмнен тұрады. Қарындарының анатомиялық құрылысына байланысты әр түлiкте азықтың қорытылу процесiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар.

    Күйiс қайыратын малдың қарнында астың қорытылуы. Күйiс қайыратын мал эволюциялық өсу жолында ылғи iрi, көлемдi азықтармен қоректенгендiктен асқазаны да сонда азықтарды қорытуға бейiмделген. Оның  қарыны көп камералы болып: үлкен қарын, жұмыршақ қарын, қатпаршақ қарын, ұлтабардан тұрады. Бұлардың iшiнде тек ұлтабар ғана нағыз қарын деп саналады, себебi оның iшкi кiлегей қабатында бездер болады. Қалған бөлiмшелерiнiң iшкi қабатында  ас қорыту бездерi болмағандықтан, оларды қарын алдындағы бөлiмшелер деп атайды.

    Қарынның алдыңғы бөлiмдерiнiң iшiндегi ең көлемдiсi – үлкен қарын. Iрi азықтардың құрамындағы қоректiк заттарды, әсiресе клетчатка мен амидтерi ( протеиндi) қорытуда үлкен қарынның атқаратын қызметi ерекше. Үлкен қарында жай көзге көрiнбейтiн миллиондаған  микроорганизмдер (бактериялар, инфузориялар, грибоктар) болады. Олар қоректену үшiн жемшөп қабықтарын (клетчатканы) бұзып, ыдыратады. Соның  нәтижесiнде клетчатка жұмсарып, босайды да, ферменттердiң әрекетiне бейiмдi, қолайлы түрге ауысады, жақсы қорытылады. Мiне, сондықтан да бiр бөлiмдiге қарағанда, қарыны көп бөлiмдi мал iрi азықты (пiшен, сабан т.б.) едәуiр жақсы пайдаланады.

    Үлкен қарындағы микроорганизмдердiң екiншi бiр қасиетi олар өз денесiнiң белогын түзу үшiн тiршiлiк процесiнде қарынға түскен қоректiк заттарды, атап айтқанда амидтердiң азотын пайдаланады. Бұдан соң олар  азықпен бiрге араласып, жылжып ұлтабарға түсiп, iшекке барады да онда қолайлы жағдай болмағандықтан құрып, өмiр сүруiн тоқтатады. Ал олардың денесiнiң белогы жай, азық белогына ұқсап қорытылады да, мал организмiнiң белогын толықтыруға жұмсалады. Күйiс мал рационында синтетикалық азотты заттарды (карбамид, аммоний сульфаты, аммиак суы т.б.) пайдалану осы процеске негiзделген.

    Қоректi заттардың қорытылу коэффициентiн анықтау.

    Желiнген азық мал организмiнде тұтас 100% қорытылмайды.

    Малдың түлiгiне, жасына, физиологиялық күйiне, өнiмiнiң тірi көлемiне, жемшөптi малға дайындап беру технологиясына байланысты бiр азықтың өзi әр мөлшерде желiнiп, әр түрлi  қорытылады.

    Қорытылған қоректiк заттар деп – азықтың қанға сiңiп денеге тараған бөлiгiн айтады, ал нәжiс күйiнде сыртқа шығарылған бөлiгi қорытылмаған боп саналады.

    Азықтың мал организмiнде қорытылу мөлшерiн арнайы жүргiзiлетiн тәжiрибелерде анықтайды. Қорытылу коэффициентi төмендегi схема бойынша есептеледi:

    азықпен қабылданған қоректiк заттар;

    нәжiспен бөлiнген қоректiк заттар;

    қорытылған қоректiк заттар;

    қорытылу коэффициентi.

    Мысалы, 10кг жоңышқа пiшенi, 20 кг азықтық қызылша және 2кг сұлы жармасынан тұратын рационның қоректi заттарының сиыр организмiнде қорытылу коэффициентiн есептейiк. Орта есеппен сиыр тәулiгiне 25 кг нәжiс бөлген (шығарған).  
 
 
 

2 таблица- Азық пен нәжiстiң  химиялық құрамы төмендегiдей (%): 

  Протеин Май Клетчатка Азотсыз экстрактивтi заттар
Жоңышқа пiшенi 12,0 3,0 24,0 36,0
Азықтық қызылша 1,3 0,1 0,9 9,5
Сұлы жармасы 11,0 4,7 9,8 58,0
Нәжiс 2,3 0,6 5,2 6,0
 

    Осы көрсеткiштердi пайдалана отырып шығарылған рациондағы әр бiр қоректiк заттың қорытылу коэффициентi  3-таблицада келтiрiлген. 

  3 таблица-Қоректiк заттардың қорытылу коэффициентi 
 

 
Көрсеткiштер
Протеин

(г)

Май

(г)

Клетчатка (г) Азотсыз экстрактивтi заттар  (г)
1 2 3 4 5
Қабылданған:

10кг жоңышқа пiшенiмен

20кг азықтық қызылшамен

2кг сұлы жармасымен

 
1200

260

220

 
300

20

94

 
2400

180

196

 
3600

1900

1160

1 2 3 4 5
Барлығы

Нәжiспен бөлiнген

Қорытылған

Қорытылу коэффициентi, %

1680

575

1105

65,8

414

150

264

63,7

2776

1300

1476

53,2

6660

1500

5160

74,3

 

    Азықтың қорытылуына әсер ететiн факторлар. Азықтағы қоректiк заттардың қорытылу мөлшерi бiр қалыпты болмай әр түрлi факторлардың әсерiнен өзгерiп отырады. Ол факторлар мыналар:

  1. Клетчаткасы көп азықты күйiс қайыратын мал күйiс қайырмайтындарға қарағанда бiршама жақсы қорытады

    Клетчатканы күйiс қайыратын мал едәуiр жақсы пайдаланады. Мысалы, шалғын пiшенi клетчаткасының қорытылу коэффициентi қойға бергенде 56, жылқыға бергенде 36% болған.

                                                               

    Күйiс қайыратын және қайырмайтын малдар протеиндi шамамен қатар қорытады, айтарлықтай алшақтық байқалмайды.

    Жемнiң және тамыр түйнектi азықтардың қоректi заттарын (клетчаткадан басқа) шошқа күйiс малына қарағанда жақсы қорытады.

    Жергiлiктi жер жағдайына жақсы бейiмделген мал сырттан әкелiнген малға қарағанда азықты бiр шама жақсы пайдаланады.

    Бұзаулар мен қозылар туғаннан кейiнгi алғашқы айларда  клетчаткаларға бай азықтарды нашар қорытады, өздерi өсiп, ас қорыту системалары жетiлген сайын iрi азықтарды ересек мал сияқты жақсы сiңiретiн болады.

    Төлдердi өсу кезеңiнде арнайы бiр бағытта азықтандырып, қоректендiру, олардың iшкi органдарының жақсы жетiлiп, бейiмделуiне, белгiлi бiр азық түрiн жақсы қорытып, сiңiруге себiн тигiзедi.

    Жас төл, сондай-ақ кәрi мал азық протеинiн орта жастағы малға қарағанда нашар қорытады.

    Азықтарды малға беру мөлшерi. Iрi қара рационының тәулiктiк мөлшерiн 25% кемiткенде құрғақ және органикалық заттардың қорытылуы 2-3%, протеиндiк 6-7 процентке жоғарылайды. Керiсiнше, малға азықты тым көп берсе оның қорытылуы белгiлi бiр дәрежеде төмендейдi. Себебi  азық көп желiнiп, iштi кергендiктен организмнен тез шығып, ас қорыту сөлдерiнiң әсерiне көп iлiкпейдi (ұшырамайды). Сондықтан да азықты малға жиi және аз- аздан бөлiп берсе жақсы қорытылып, сiңедi. 

    Рациондағы азықтардың құрамы. Көктемгi, жазғы жайылым шөптерiнiң қоректiк заттары мал организмiне жақсы сiңедi. Сиырға жүргiзген тәжiрибеде бұндай рационның органикалық заттары 72-78% қорытылған. Iрi азыққа бай қысқы рационның органикалық заттарынын қорытылу коэффициентi небары 60-65%.

    Осы рационга сүрлем мен азықтық қызылшаны қосқанда, органикалық заттардың қорытылу коэффициентi 65-70% болған. Яғни, рационның құрылымын жақсартып, оған сапалы iрi азық пен сүрлем, қызылша мен жем қосу арқылы қоректiк заттардың қорытылуын 10-15% арттыруға болады.

    Күйiс қайыратын малдың негiзгi iрi азығында клетчатка көп: пiшенде 25-35%, сабанда 40-45%. Осы iрi азықтардың жақсы қорытылуы үшiн үлкен қарындағы микроорганизмдердiң өсiп-жетiлуiне жағдай туғызу қажет. Сондықтан рационда белокты, углеводты және  минералды азықтар жеткiлiктi болуға тиiс.

    Азықтың дәмi мен иiсi де оның қорытылып, сiңуiне әсерiн тигiзедi.

    Антибиотиктердi, алмастырылмайтын амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттердi азыққа қосқанда қоректiк заттардың қорытылуы едәуiр жақсарады.

Информация о работе Тағас құрамындағы органикалық заттар