Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:19, лекция
Ішкі орта ұлпаларының негізгі топтары - меншікті дәнекер ұлпа, май ұлпасы, қан мен лимфа, шеміршек пен сүйек ұлпалары. Ішкі ортаның ұлпалары әр түрлі функциялар атқарады. Мысалы, кан мен лимфа және борпылдақ дәнекер ұлпасы негізінде организм клеткаларының қоректенуін камтамасыз етіп, трофикалық функция атқарады; организмнің ішіне түскен инфекциямен немесе бөгде белоктармен күресіп қорғаныш қызметін де атқарады; шеміршек, сүйек, сіңір, апоневроз, шандыр механикалық функцияны камтамасыз етеді.
Сұрақтар:
Мезенхима.
Қан.
Қанның түзілуі.
Ересек организмдегі қанның түзілуі.
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың ересек организмдерінде қанның түзілуі түрлі органдарында жүреді. Эритроциттердің, лейкоциттердің, қан пластинкаларының, моноциттер мен лимфоциттердің бір бөлігінің түзілуі жіліктердің эпифиздерінде, төс пен бас қаңқасының сүйектерінде жүреді. Сонымен бірге лимфоциттер көк бауырда, лимфа түйіндерінде, тимуста, Пейер түйінде, баданшалар мен аппендиксте (соқырішекте) түзіледі.
Эритропоэз.
Эритроциттердің дамуы (эритропоэз) ересек сүтқоректілер мен адамда негізінде сүйектің қызыл майында жүреді. Эритропоэз, қанның басқа клеткаларындағы сияқты, бастапқы клеткадан (стволовая клеткадан) басталады. Бастапқы клеткадан эритробластлерге айналатын проэритробластлар пайда болады. Проэритробластлар ядросы тығыз, базафильдік цитоплазмасы канық боялатын клетка. Бұл клеткаларда гемоглобин жинала бастайды. Гемнің құрамына кіретін темірді өлуші эритроциггерді фагоцитоздаған макрофагтардан немесе ретикулалық клеткалардан алады. Проэритробластлердің ерекшелігі электрондық микроскоппен зерттегенде гранулалық эндоплазмалық тор мен Гольджи кешенінің болмауы. Сонымен бірге жіктелу барысында цитоплазмада шашыраңқы орналасқан рибосомалар мен полирибосомалар санының көбеюі. Проэритробласт көбейе алады. Оның жіктелуінің нәтижесінде базофильдік эритробласт пайда болады. Базофильдік эритробластлерге цитоплазманың базафильдігі мен шетте орналасқан тығыз ядро тән.
Гемоглобиннің жиналуы мен базофильдік эробластлардың цитоплазмасының базофильдігі бәсеңси бастайды да, полихроматофильдік эритробластлерге айналады. Полихроматофильді эритробластылардың ядросының пішіні шұжық тәрізді болып келеді, цитоплазмасы өзінің базофильдігінен айырылып негізгі және кышқыл бояумен бірдей бояла бастайды. Полихроматофильді эритробласт митозға қабілетті клетка, оксифильді эритробластларға немесе нормабластлерге жіктеледі. Бұл клеткалардың цитоплазмасы гемоглобинге бай, рибосомалар, митохондриялар мен басқа органоидтар саны аз оксифильді болып келеді; клеткалық орталығы жойылады және бөліну қабілетінен айырылады. Нормобластлар ретикулициттерге айналады. Электронды микроскоппен караған кезде ретикулоцитте полисомалар мен эндоплазмалык тордың аздаған саны байқалады, бірақ бұл клеткалык, құрылымдар бірте-бірте жойылады, сонымен бірге гемоглобиннің түзілу процесі тоқтайды да, ретикулоцит эритроцитке айналады.
Эритропоэздің барысын төмендегі схемамен керсетуге болады: Бастапқы клетка (стволовая клетка) -> гемоцитобласт -> проэритробласт -> базофильді эритробласт -> полихроматофильді эритробласт -> оксафильді эритробласт (нормобласт) -> ретикулоцит -> эритроцит.
Гранулопоэз
Жануарлар мен адамның ересек организмінде гранулоциттер қызыл сүйек майында түзіледі. Бастапқы клетка (стволовая клетка) промиелоцитке жіктелетін гемоцитобластке айналады. Промиелоцит цитоплазмасы базофильді, ядросы жұмыр немесе сопақша болып келеді. Сонымен бірге бөлінеді және азурмен боялатын түйіршіктерді синтездеуге кабілеті болады. Промиелоцит жіктеліп миелоцитке айналады. Миелоциттердің үш түрін ажыратады - нейтрофильді, эозинофильді және базофильді миелоциттерді. Миелоциттер онан әрі жіктеліп метамиелоциттерге айналады. Нейтрофиль миелобласттан пайда болады, онын цитоплазмасының базофильдігі бірте-бірте әлсіз оксифилияға ауысады, ядросы алдымен сопайып, кейін тағы пішінді болып өзгереді (таяқша тәрізді ядролы нейтрофил). Эозинофильдік метамиелоциттердің цитоплазмасы базофилиясын сақтағанмен, ол әлсіз болады. Ядросы ұзарып, ортасынан жіңішкеріп жіппен жалғасқан екі бөлікке бөлінеді. Жіктелудің осы кезеңінде эозинофильдік метамиелоцитте азурмен боялатын түйіршіктер кездескенмен эозинофильдік түйіршіктердің санының көбеюі байқалады. Базофильдік метамиелоциттердің ядросы ірі болады да, бөліктерге бөліне бастағаны байқалады, цитоплазмасында ірі базофильді түйіршіктер пайда болады. Метамиелоциттердің митоздық қабілеті болмайды, жіктеліп пісіп жетілген гранулоциттерге айналады.
Лимфопоэз
Бастапқы клетка (стволовая) - гистогенез кезінде лимфобластке айналады. Лимфобласт базофильді цитоплазмасы бар, жұмыр ақшыл ядролы ірі клетка. Лимфобласт бөлініп үлкен, орта және кіші лимфоциттерге айналады. Кіші лимфоциттердің метаболизмдік белсенділігі үлкен және орта лимфоциттердікіне қарағанда кем. Қайсыбір кіші лимфоциттер қан түзуші органдар мен қан арнасынан шығып дәнекер ұлпасы мен қанның басқа клеткаларына айналуы мүмкін.
Лимфоциттердің түзілуі постнаталық онтогенездің ертерек кезеңінде жүреді. Ересек организмдерде лимфопоэз сүйектің қызыл майында, көк бауырда, лимфа түйіндерінде және тимусте жүреді.
Лимфациттер дамуының схемасы:
Бастапқы клетка (стволовая) -> Гемоцитобласт (лимфобласт) -> Үлкен лимфоцит -> орта лимфоцит -> кіші лимфоцит.
Монопоэз
Моноциттер бастапқы қан түзуші клеткалардан сүйектің қызыл майында түзіледі. Гемоцитобласта кезеңінен өтіп моноцитобластқа айналады. Моноцитобласт базофильді жиегі бар цитоплазмадан және жұмыр ядродан тұратын ірі клетка. Моноцитке айналу процесі кезінде цитоплазмасы көбейеді де ядросы бұршақ пішініне ие болады да, клетканың көлемі үлкейеді. Авторлардың көпшілігінің пікірі бойынша жіктелудің соңғы кезеңі макрофаг.
Моноциттің гистогенезінің схемасы төмендегідей жазылады: Бастапқы (стволовая) клетка -> гемоцитобласт -> моноцит -> ұлпалардың макрофагі (монопласт).
Тромбоцитопоэз (қан пластинкаларының түзілуі)
Қан пластинкалары деп аталатын канның ядросыз пішінді элементтерінің түзілуі алып клеткалар - «мегакариоцитердің» дамуымен байланысты. Мегакариоциттер бірнеше бөліктерден тұратын ядросы бар ірі клеткалар. Цитоплазмасында ұсақ митохондриялар мен бірнеше Гольджи кешендері мен полисомалар байқалады. Бұл клеткалар шеткі қанда (қан тамырларында) кездеспейді, қан түзуші ұлпаларда жайғасады. Мегакариоциттер гемоцитобластлерден пайда болады. Гемоцитобластлар бастапқы клеткалардан (стволовая клеткадан) түзіледі. Гемоцитобластлер полиплоидиялыққа байланысты ерекше өзгерістерге ұшырап, оның нәтижесінде клетканың көлемі мен ядросы үлкейе бастайды және хромосомалардың массасы көбейеді. Осыдан кейін гемоцитобласт промегакариоцитке (мегакариобластке) айналады. Дамудың кейінгі кезеңінде промегакариоциті мегакариоцитке айналады. Мегакариоциті бетінен цитоплазманың бөлігі бөлінеді де қан пластинкаларына айналады.
Қан пластинкаларының гистогенезі төмендегі схемамен жүреді:
Бастапқы клетка (стволовая клетка) -> гемоцитобласт -> мегакариобласт (промегакариоцит) -> мегакариоцит -> қан пластинкасы.
Сонымен, қан түзуші миелиндік ұлпаның негізінде эритроциттік, миелиндік және мегакариоциттік клеткалық элементтеріне жіктеле алатын бастапқы (стволовая) немесе мультипотентті камбиялық клеткалар жүйесі жататыны анықталды.
Лимфа
Ұлпалық сұйық пен қан плазмасының арасында үнемі заттардың алмасуы жүріп отырады.
Омыртқалылардың организмінде қан тамырлар жүйесінен басқа лимфалық жүйе болады. Лимфалық жүйенің тамырлары лимфалық капиллярлармен (қылтамырлармен) дәнекер ұлпасында тұйықталып аяқталады. Осы капиллярлардың жұқа қабырғасы арқылы ұлпалардан ұлпалық сұйық өтеді; лимфалық плазма күйінде лимфалық тамырлармен ағып ең ақырында веналық жүйемен қосылады.
Лимфа жол-жөнекей лимфалық түйіндер арқылы өтіп лимфациттер мен моноциттерге баиды. Лимфаның құрамында дәнді лейкоциттер мен аздаған мөлшерде эритроциттер де кездеседі. Сонымен лимфа құрамында түйіршіксіз лейкоциттер бар ұлпалық сұйық болып есептеледі. Химиялық құрамы жағынан қанның плазмасына жақын, бірақ белоктар аз болады, глобулиннен альбумин көп; диастаза, липаза ферменттері мен гидролиздеуші фермент те болады. Лимфа плазмасының құрамында нейтральды майлар, жабайы қанттар мен минералдық тұздардың ерітінділері де болады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Антинчук Ю.П. Гистология с основами эмбриологии. - М.: Просвещение, 1983. - 240 с.
2. Гистология (Под ред. Афанасьева Ю.И., Юриной Н.А.).- М.:Медицина, 1989. - С.634.
3. Белоусов Л.В. Введение в общую эмбриологию. - М.:Московский университет, 1980.- С.210.
4. Иванов И.Ф., Ковальский П.А. Цитология, гистология, эмбриология. - М., І996.
5. Мануилова Н.А. Гистология с основами эмбриологии. - М., 1998.
6. Нұрышев М.К. Гистология мен эмбриология негіздері.- Алматы, 1996.
7. Нұрышев М.К. Гистология және эмбриология негіздері (Оқулық).- Алматы: Қарасай, 2007. – 272 б.
8. Рақышев А. Организімнің нәзік құрылымы.- Алматы, 1994.
9. Сапаров Қ.Ә. Жалпы цитология негіздері.- Алматы, 1994.
10. Токин Б.П. Общая эмбриологая. - М., 2002.
11. Хэм А., Кормак Д. Гистология. - Т. I. - М., - 1996.
12. Шубникова Е.А. Лекция по гистологии. - М., 1995.
13. Т.Балмағамбетұлы, Р.Ғабдуллақызы. Биология факультеті қазақ бөлімінің студенттеріне арналған цитология негіздері мен гистология пәнінен лабораториялық жұмыстарға әдістемелік нұсқау – ҚарМУ баспасы, 1995.
14. Конофеева З.С. Жалпы
гистология және эмбриология
негіздері сабағының
15. Конофеева З.С. Руководство к проведению лабараторных занятий по гистологии и эмбриологии.- Алматы, 2002.
16. Мейрамова Р.Г. Методические указания к проведению лабораторных занятий по цитологии и гистологии для студентов заочного отделения. - изд. КарГУ, 1990.
Қосымша:
1. Велш У., Шторх Ф. Введение в цитологию и гистологию животных. М., "Мир", 2000.
2. Грин Н., Стаут У., Тейлор Д. Биология.- М.: "Мир", Т. І-ІІІ, 1999.
3. Кемп П., Армс К. Введение в биологию. - М.: "Мир", 2002.
4. Ченцов Ю. Общая цитология. - М., 1999
5. Ярыгин В.Н. Биология. - М.: Медецина. 1996.
6. Конофеева З.С., Козибаева
Г.С. Цитология сабағының практ
7. Сартаев А.С., Жексембиев Р.К. Цитологиядан лабораториялық сабақтар. - Алматы, 1999
Арнайы басылымдар тізімі:
1. Цитология – Российская академия наук. – Санкт-Петербург, Наука.
2. Успехи современной биологии – М., Наука.
3. Журнал общей биологии – М., Наука.