Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 16:15, реферат
Терроризмнің исламдық санамен ешқандай байланысы жоқ. Діни сана терроризм тудыра алмайды. өйткені Ислам дінінің қоғамда беделі күшті болған кезде лакестік деген орын алмаған. Терроризмді тудырған модерничтік сана деп айтсақ қателеспейміз (фашизм, атеизм мен әсіре коммунизмді де тудырғаны сияқты).
Терроризмді тудыратын негізгі факторлар
Терроризмнің исламдық санамен ешқандай байланысы жоқ. Діни сана терроризм тудыра алмайды. өйткені Ислам дінінің қоғамда беделі күшті болған кезде лакестік деген орын алмаған. Терроризмді тудырған модерничтік сана деп айтсақ қателеспейміз (фашизм, атеизм мен әсіре коммунизмді де тудырғаны сияқты).
Қазіргі
таңда Ислам атына жабылып
жатқан жала қай жағынан алып қарағанда
да оның рухына жат. Әсіресе, «11 – қыркүйек»
оқиғасынан кейін батыс бұқаралық
ақпарат құралдарына
Негізінен мұсылмандардың батыс әлеміне күмәнемен қарауының тарихи тамырлары тереңде. Мысалы:
Жаулап алушылық маңызды себептердің бірі болумен қатар бұғани итемелейтін басты факторлар:
Лондонның қала әкімі Кен Ливингстон: «Батыс әлемінің мұнайға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 80 жылдан бері Араб елдерінің істеріне араласудамыз. Егер
1. Дүние жүзілік соғыстан кейін Орта Шығыстағы мұнай қойнауларын басқарып-қадағалаудың орнына уәде еткеніміздей бұл жердің басшылықтарына бостандық беріп, тек қана мұнайды сатып алып отырсақ, қазіргі қайғылы оқиғалар болмас еді» деп қазіргі болып жатқан оқиғалардың себептерін е ишарат жасайды. Сонымен қатар Ливингстон ағылшын жастарының көпшілігінің АҚШ-тың Израилді қолдауы және Гуантанамодағы ешқандай қылмыстары анықталмаған жүздеген кісінің тұтқында ұсталуы ретінде пайда болған Батыстық екі ұшты саясатты жақтамайтындығын айтуда. Бұған Әбу Гирейб және басқа да түрмелердегі зорлық-зомбылықтармен қатар АҚШ қорғаныс министрлігінің ресми түрде мойындаған Құран-Кәрімге қарсы жасалған масқаралық әрекетті де қосады. әрине, бұл себептердің ешқайсысы бейбіт адамдардың өліміне жол ашқан оқиғаларды ақтап ала алмайды. Бірақ бұл лаңкестікке бастайтын факторлар екендігі шындық.
Мұсылман елдеріндегі қарапайым халық арасында мұсылман ғалымдарының беделінен гөрі исламнан терең ілімі жоқ, өзін «Исламны қорғаушысы» санаған кейбір адамдар мен топтардың сөзінің өтімдірек болуы да террорлық актілердің күшеюіне өзіндік ықпалын тигізуде. Олар ислам ілімдерінің негізін білмегендіктен әлемдегі оқиғаларға саяси призмадан қарап, баға береді. Сондықтан олардың пікірлері батыс пен Шығыс арасына іріткі тастап, арандатып, араздық отына май құйып маздата түседі.
Сонымен қатар қандыбалық террорлық әрекеттерге итермелеген негізгі факторларға мұсылман әлемінің соңғы бір ғасырдағы басынан өткерген бөлінушілік, Батыс әлемінің өзгелерден оларды төмен санауы, алалау, отарлау саясаты, мемлкеттік террор, геноцид, жаппай қырып-жою сияқты себептерді де қосу керек.
1980-2004
жылдар арасында болған өзін-
Кейбір
аздаған топтардың әрекеттері жаңылыстықпен
жалпы мұсылмандарға телініп, Ислам
діні терроризм ретінде көрсетілуде. Исламды
құбыжық етіп, терроризммен қатар қойып,
қаралау батыстағы бұқаралық ақпарат
құралдарында қарқынды жүріп жатыр. Тіпті
жағдай мүшкіл дәрежеге жеткені соншалықты
исламдық қозғалыстарды жамандамау да
дұшпан жағында болумен бірдей саналатын
болды.
«Жаһандық терроризмге қарсы күрес» және әлемдік саясат
Жаһандану дәуірінде жаһандық билік үшін арнайы тәсілдер арқылы бүкіл әлемде адамдар санасына айла-шарғы жасау, улау мүмкіндігі пайда болды. Жалпы алғанда Батыс әлеміндегі алпауыт саяси экономикалық және қаржылық ұйымдар өздерінің үстемдігін сақтап қалу үшін қоғамдық сананы манипуляциялау тәсілін шебер қолдануда. Сол арқылы «ойланбайтын, терең үңілмейтін, оңай алданып қалатын» адамдар тобын қалыптастыруда. Осы технолоргиялар «діни экстремизм, терроризм», «словян одақтастығы» сияқты жасанды үрейлер арқылы АҚШ, ЕО, халықаралық қаржы қоры және трансұлттық корпорацияларға «әлемнің жаңа құрылымын» құру жоспарларына мүмкіндік беруде.
Лаңкестікке қарсы күресті желеу етіп Ауғанстан мен Иракқа басып кірген жылдары жарияланған бір кітаптағы мәліметтер жаһандық алпауыт күштердің түпкі мақсатын көрсетіп бергендей болды. Онда «Соғыс бізге өмірден қалағанымызды береді. Ол біздің өмірімізге мән сыйлайды. Батыстағы бейбітшіл және тұтынуға негізделген қоғамда мінсіз, мағынасыз күнделікті өмірдің орнына соғыс бізге өмірімізге шешімділік пен мән береді және біздің ақсүйектігімізді қамтамасыз етеді» делінген.
Осы арқылы батыс қоғамы өздерінен тыс елдердің мәселелерін шешудің орнына өз мәселелерін жаһандық деңгейде жаюда. Қазіргі таңдағы «үрей» анықтамасы батыстың мәселелені бір жақты талқылауының нәтижесінде пайда болды. Мысалы, ең үлкен террорлық акт ретінде көрсетілген 11-қыркүйек оқиғасында өлген адамдардың саны шамамен үш мың болса, шын мәнінде 3-елдер (артта қалған елдерде) аштықтан өліп жатқан адамдардың саны күніне 24000-ға жетіп жығылады.
Жалпы әлемде болып жатқан соғыстардың себебінің жаһандық капитализм екенін айтуға негіз бар. Негізінен соғыстардың астарында экономикалық себептер жатыр. Мысалы, әлемде 2006 жылы әскери мақсатта жұмсалған қаражаттың 1 триллион 204 миллиард долларға жеткені белгілі.
Бұрынғы Түрік барлауының бастықтарының бірі Махир Кайнак кувейттік журналист Таха Аудқа берген сұхбатында террористтік «Әл-Каида» ұйымы арқылы қолдан жасалған үрей әлемдік арнайы қызметтердің мақсаттарын орындау үшін шығарылғандығын айтады. Сонымен қатар олардың жасаған ланкестік әрекеттерін ешқайсысына мұсылмандардың мүддесі болмағанын, қайта керісінше Батыс пен Шығыс арасындағы дұшпандықты өршітіп, Исламға қара күйе жағу екенін, сонымен қатар 11-қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ бастаған халықаралық коалицияның Ауғанстан мен Иракқа басып кіруге жеңілдік жасағанның және Таяу Шығыс пен әлемдегі басқа да елдерге кіруге жол ашқанын айтады.
Максим Шевченконың (Ресейдің белгілі журналисі, қазіргі әлемдік саясат пен діндерді зерттеу стратегиялық орталығының басшысы) ойынша да соңғы 200 жылда болған дүниежүзілік соғыстар өзара қақтығысқан әлемдік элиталардың мүддесі үшін жасалуда. Ол «өркениеттер қақтығысы» сценариінің да қолдан жасалып, АҚШ-тың христиан өркениетінің қорғаушысы ретінде роль ойнағанын айтуда.
11-қыркүйек
оқиғасынан соң бірден Дж.Буш,
Б.Клинтон және Италияның
Иә, бұл бастамалардың астарында Совет Одағы құлағанынан кейін әлемдегі бірден-бір үстем күштің келесі дұшпан ретінде кімді таңдаған көрініп тұр. Өздерінен тыс дұшпанның болуы империалистік Америка үшін оларды біріктіретін негізгі фактор. Сондықтан да олар ұрынарға қара таппай, жа уіздеп тұрады. Оның негізгі идеологтары З.Бжезинский және С.Хантингтон. Олар сыртқы дұшпан ретінде қолдан жасалған «исламдық терроризмді» таңдады. «11-қыркүйек» оқиғасының әлі де анықталмаған тұстары тым көп. Оның арнайы мақсатта, басқа күштердің ықпалымен жүзеге асқандығын Америкадағы көптеген демократтар ашық айтуда, алайда олардан гөрі басқа топтың даусы өктем шығып, қоғамдық санада үстемдік етуде.
Сонымен қатар белгілі мұсылман ғалымдары (М.Қутуб, Сауд аравиясының бұрынғы мүфтиі Шейх Ибн Баз, Ю.Қардауи, Мухаммед Садиқ Юсую) да «Хизб ут-Тахрир» ұйымының ислам образын жағымсыз етіп көрсету үшін исламға қарсы арнайы топтардың құрылып, оларды нағыз исламшыл етіп көрсетуге тырысып жатқанын айтады. Көбінесе бұл топтар мұсылман әлемінің ұлт-азаттық күрес кезеңінде пайда болып, елдегі ықпалдастықтарын арттырып, халықтан кең қолдау табу үшін Исламды өздерінің идеолоиясына айналдырған. Сонымен қатар мұсылман елдерінде бүлік шығарып, іріткі салып жүрген «исламдық» топтардың орталықтарының батыс елдерінде орналасыу да ойсаларлық мәселе.
Осыған орай Василий Аксенов былай дейді: «Неігізнде Таяу шығыс елдері Совет Одағының қадағалауында болды. Израилдің Таяу Шығыста КСРО-ның қорғанышы болады деген үміті ақталмады. Жаңа мемлекет өзіне одақтас ретінде АҚШ-ты таңдады. Партия басшылығы ол жерден құр қол кете алмайтын еді. Сондықтан олар одақтас ретінде арабтарды таңдады. Мемлекеттің барлық күші (идеология лық және әскери) бағынбайтын Израилге қарсы күрес шебін құруға бағытталды. Орталық Комитет, КГБ (ҰҚК), университеттерде араб тілі немесе шығыстану факультеттері мен әскери училище мен академияларда арнай бөлімдер құрылды. әскери операциялардың жоспарлары жасалып, араб елдерінің атқаратын ролі белгіленді. Израильді жеңу мүмкін еместігі белгілі болған кезде партизандық соғыс бастауға шешім қабылданды. Бұл антифаданы шешудің алғашқы қадамы болды. ООП-ның содырлары совет әріптестерінен соғыс ілімін игере бастады. Онда басты оқытылған пәндердің бірі терроризм болды. Сол жерде терроризмнің идеологиялық базасы дайындалды. Исламнан бұған оңтайлы тұстар табуға болады деп шешті. Осылайша террор жасыл (исламдық) рең ала бастады.»
Сонымен
қатар, Батыста демографиялық
Даниэль Гансер (Вале университетінің қазіргі заман тарихы профессоры, Швейцариядағы (мұнай пигін зерттеу) ассоциациясының президенті) Батыстағы кейбір күштерінің АҚШ-тың (дұрысы – GLDIO сияқты кейбір астыртын ұйымдар) 50 жыл бойы Батыс Европада терактілер ұйыдастырып, бұл лас әрекетін сайлаушылар алдында қаралау үшін солшылар мен әсіресе солшылдарға жаба салғандығын, бұл стратегияның бүгінгі таңда да Ислам үрейін туғызып мұнай үшін жасалып жатқан соғыстарын ақтау үшін, қолданып отырғанын нақты айтады. «Сондықтан да олар Батыс қоғамның санасына мұсылмандар террорист, біз террорға қарсы соғысып жатырмыз деген өтірік желеуді сіңіруде. Бұны қаншалықты көп айта берсе қалың жұртшылық бұған иланып, мұсылмандарды террорист деп көреді.» дейді.
Сонымен қатар Америка мұсылман елдеріндегі диктаторлық режимдерді неге жақтайтынын бұрынғы Америка президенті Р.Никсонның саяси кеңесшісі болған Р.Крейін 2000 жылы интернет арқылы сұрақтарға берген жауабында оның мына үш себебін көрсетеді:
1.
«Мұсылман диктаторлық»
2.
Демократиялық емес
3. АҚШ-тағы сеонистердің «ислам идеологиясын желеу етіп алған деспоттық режимдердің» қоршауында қалған Израиль мемлекеті үшін көмек және қолдау алу.
Жоғарыда келтірілген дәйектердің бәрі бүкіл террористік ұйымдардың басты мақсаттарының діни емес саяси екенін, алайда оған барынша діни рең беруге күш жұмсалып, християн Батыс пен мұсылман Шығыстың арасындағы «өркениеттер қақтығысы» сценарийінің ойналып жатқандығын көрсетеді.
Жоғарыда айьылғандардың бәрін қорытындылай келе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінің былайша айта кетуге болады:
Адамзатқа қауіп төндіріп тұрған ланкестікке қарсы күресу үшін осы жоғарыда аталған себептерді жою ланкестік шаралардың алдын алуды ең негізгі шаралардың бірі болып табылады.
Террорға
қарсы күрес жүргізу –