Туберкулез как понятие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 18:43, реферат

Описание

Туберкулез ауруы жайында медициналық ғылымның дами түсуіне үлкен әсер еткен жай – 1882 жылы Роберт Кохтың ауруды қоздырушы микробты ашуы болды. Бұл микроб микроскоп арқылы қарағанда таяқшаға ұқсас болғандықтан туберкулез таяқшасы, немесе оны ашқан ғалым құрметіне Кох таяқшасы, немесе микробтар дүниесіндегі орнына байланысты туберкулез микобактериясы деп аталады. Неміс ғалымның бұл еңбегінің дүние жүзілік маңызы зор болды. Себебі осы микробты пайдаланып, бұл аурудың жұғу жолдарын, адам ағзасына оның қалай кіретінін, қай мүше құрылыстарын тезірек зақымдайтынын, қандай дәрілердең ем болатынын және аурудан сақтану жолдарын іздеп, зерттеу жұмыстарын жүгізуге мүмкіндік туды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 26.23 Кб (Скачать документ)

Осындай туберкулезге байланысты әртүрлі болып қисайған, қозғалмай қалған аяқтардың қызметін хирургиялық емдеу арқылы орнына келтіріп, адамды таяқсыз тік жүргізуге болады.

Тізе буыны туберкулезі (гонит). Әдетте тізе буыны туберкулезы осы буынды құрайтын ортан жіліктің төменгі жағында, тізе тобығында немесе жіліншектердің жоғарғы жағында кездеседі.

Микробтар тізе буыны  ішінде өсіп көбейіп, буынның ішін кеміріп, ірінге айналдырады. Тізе буыны ауырады, қақсайды, ісиді, қызметі бұзылады, формасы өзгереді. Сырқат адамдар таяқсыз жүре алмайтын қалға дүшар етеді.

Без туберкулезі. Негізінен  алғанда жас балалар арасында көп кездеседі. Бездердің қан айналысы өте жақсы болғандықтан туберкулез микробы басқа мүшелерге қарағанда бездерге түседі, ауру қоздырады.

Без туберкулезінің ішінде ең көп кездесетіні кеңірдек тарамы тұсындағы бездер туберкулезі. Бұл түсінікті де, себебі микроб адам ағзасына түсетін басты жолы тыныс жолдары. Сондықтан кеңірдек тарамы бездерінің ауыруы өкпеден де бұрын басталуы мүмкін. Бұл бездер ауруға шалдыққанда сырқат белгіері тез білінеді. Кенеттен дене қызуының көтерілуі, әлсіздік пайда болу, шаршағыштық, күйгелектік, сәл нәрсеге ренжу туберкулез микробымен ұланудың алғашқы белгілері болып табылады. Бұлармен қатар ауруда еңтігу, жүрек соғу, терлегіштік, қалқанша бездердің үлкеюі сияқты белгілер пайда болады. Сырқат меңдеген сайын белгіер күшейе түседі, тұрақты болып алады, жүрек қыжылдауы қосылады.

Туберкулезге көп шалдығатын бездердің бірі – мойын бездері. Ал шақшыт, қолтық, шап, шынтық бездерінің ауруы мойын бездеріне қосарлана жүреді. Мойын бездерінің ауырғаны да тез білінеді. Ауру басталарда мойын терісі қалындайды. Қолмен синап ұстағанда тері астынан көлемдері үлкейген, біріне-бірі байланысып жатқан бездер білінеді. Уақыт өткен сайын без үстіндегі терілер қызарады, астындағы бездердің іріңге тола бастағанын көреміз. Бездер ұстаған кезде ауырады. Сыздап ірінге толған бездер ақырында жарылады. Без туберкулезі 3-4 айға дейін созылуы мүмкін, осы уақыттарында ірің ағуы азайғанымен тиылмайды.

Без туберкулезі  ұзаққа созылғандығына қарамай, әмделсе  сәтті аяқталады, бірақ, жарылған бездер орны бүкіл тамақты алып жатқан тыртыққа айналады. Кезінде еленбей, ескерусіз өз бетімен өткен туберкулезі басқа мүшелердің туберкулезбен ауыруына әкеліп соғуы мүмкін.

Сирек кезігетін  түрлеріне ішек, тері, көз, жыныстық мүшелердің және ми қабығы туберкулездері жатады.

Емі және алдын ала жасайтын шаралары: Туберкулез аурудың ұлғайып алуына көбінесе адамдардың өздері кінәлі. Ауру белгілері білініп, жағдайлары нашарлай бастағанда дәрегерге келгенмен, аурудың туберкулез екенің білгеннен кейін, оны, ұят санап кейін дәрігерге бармай қояды.

Егер адам дер  кезінде емделсе, дәрігерлердің кеңестерін мұқият орындаса, туберкулезден толық жазылуға болады. Туберкулезді ақысыз емдеуге толық жағдайлар (халық аралық ДОТS жоспары бойынша) жасалынған. Бұл жоспар адамдардың 3-4 айда жазылып кетуіне мүмкіндік береді.

Ауру адам дұрыстап қүнарлы азықпен тамақтануы, таза ауады жиі болу, дене шынықтыру  шараларын қолдану қажет. Тамақтың құрамында мал өнімдерінің белоктары  жеткілікті болуы тиіс, жеміс шырындардын  және көкөністерді көбірек пайдалану керек. Бұрыннан келе жатқан қымызды да ұмытпаған жөн.

Балалар дүниеге  келе салып осы дерттке қарсы  егіледі, кейін 5 жыл сайын қайталайды. Егілген балалар 2-2,5 есе аз ауырады. 12 жастан бастап әр адам жыл сайын флюорография түсу арқылы аурудың бастапқы кезенің анықтауға болады.

Ашық түрдегі  туберкулезбен ауырған адам тәулік бойында қоршаған ортаға бірнеше миллионға дейін микобактериясын бөлуі мүмкін. Сондықтан ашық түрімен ауыратын адамдар ауруханаға жатқызылады және олар оқшауланады.

Туберкулез ошағында залалсыздандыру өткізіледі. Еденді, қабырғалар мен жиhазды 0,5 пайыз хлораминмен  немесе 0,25 пайыз хлорлы әк ерітіндісімен тазарту жүргізіледі. Аурудың жеке заттары арнайы тазартылады. Төсек жамылғылары қайнатылады. Төсек орын, матрас камералық дезинфекциядан өткізіледі. Аурудың қақырығын 2,5 пайыз хлорамин ерітіндісімен алдын ала залалсыздандырусыз канализацияға төгуге тыйым салынады. Ыдыс-аяқ 15 минут бойы 2 пайыз сода ерітіндісімен қайнатады. Міне тек осындай шаралар жасап ауруды азайтуға болады.


Информация о работе Туберкулез как понятие