Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:26, доклад
Улы саңырауқұлақтар туралы қазақша реферат. Улы саңырауқұлақтардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ. Адам асқа жарамды саңырауқұлақты, егер ол бүлінген болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және ұзақ сақталған).
Улы саңырауқұлақтар
Улы саңырауқұлақтар
туралы қазақша реферат. Улы саңырауқұлақтардың
улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам
үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ,
Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші жартысы мен күзде өседі. Аса улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол сары, жасыл немесе ақ түсті болып та кездеседі. Саңырауқұлақ түсі ақшыл болған сайын оның улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты басқа саңырауқұлақпен шатастыру өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта қалпақшысының төменгі жағындағы қатпарлар қызғылт түсті, ал бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті. Сонымен қатар сұрғылт арамқұлақтың улары-фаллоин, фаллойдин мен амантин (аматотоксин) қайнатқан кезде де, құрғатқан кезде де өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды. Олар тіпті адамның асқазаны мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт арамқұлақтың улылығы туралы ақиқатты мына мысалдан көруге болады. Бала осы саңырауқұлақтың 1/3 бөлігін жесімен-ақ өте ауыр күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы жасырын мерзімнен кейін уланған адамның іші қатты бұрап ауырады, құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі.
Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек өтеді. Қатты өскен шыбынжұтты басқа саңырауқұлақтан ажырату қиын емес. Кейде жаңа өсіп келе жатқан шыбынжұтты сыроежкадан (саңырауқұлақтың бір түрі) ажырату қиынға түседі. Шыбынқырғышта атропино тектес алколоидтар, мускарин мен аманитин кездеседі. Улану негізінен мускариннің әсерінен болады. Жасырын мерзім 1-2 сағатқа созылады, бұдан қатты тер шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады, жүрек айниды, құсық келеді, іш өтеді және бұрап ауырады. Орталық нерв жүйесіне әсер ету салдарынан бас айналады, сондай-ақ адам өзін-өзі ұстай алмай, көзіне бірдеңелер елестейді. Сауығу әдеттегідей 1-2 күннен кейін басталады. Өлімге ұшырататын жағдай да кездесіп қалады.
Жеуге жарамайтын жалған түлкіжем кәдімгі түлкіжемге өте ұқсас. Жалған түлкіжемнің қалпақшасының үстіңгі беті тегіс, қызғылт-сары түсті. Кәдімгі түлкіжем қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сарғылт түсті. Қалпақшасын бөліп қарағанда, ақ шырын бөлінеді. Улы саңырауқұлақтар - боз арамқұлақ, сырттай қарағанда, қозықұйрыққа ұқсас. Бірақ оның қозықұйрықтан айырмашылық боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті. Қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті болады. Қозықұйрықтың Қазақстанның сазды, тақыр жерлерінде өсетін де түрі бар.
Саңырауқұлақтан уланып қалмау үшін әбден қарап, тексеріп алу қажет. Егер кездескен саңырауқұлақтар улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, оны алмаған жөн. Әбден пісіп, жетілген әрі кеуіп кеткен саңырауқұлақтардың да улы болуы мүмкін. Ақ саңырауқұлақ және басқаларын асқа пайдаланудың алдында екі рет суға қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастау қажет. Төккен сумен бірге саңырауқұлақтардағы улы заттар кетеді. Жаңадан теріл әкелген жас саңырау - құлақтарды бір тәуліктен артық сақтамайды. Одан жасалған тағамдарды екінші тәулікке қалдыруға болмайды. Саңырауқұлақтарды кептірсе де, сүрлемелесе де, маринадтаса да олардың құрамындағы улы заты жойылмайды. Сондықтан саңырауқұлақтан қыста да уланып қалуға болады. Уланудың белгілері саңырауқұлақты жегеннен кейін, бірнеше сағаттап соң білінеді. Уланған адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, әлсізденіп, басы айналады, кейде сіңірі тартымды. Мұндай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керек.