Витаминдерге жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 16:13, реферат

Описание

Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыстар.

Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы тағамның құрамында белоктар, майлар, көмірсулар және тұздар мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.

Работа состоит из  1 файл

Витаминдерге жалпы сипаттама.docx

— 17.02 Кб (Скачать документ)

Витаминдерге жалпы сипаттама

Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыстар.

Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы тағамның құрамында  белоктар, майлар, көмірсулар және тұздар мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.

1912 жылы поляк ғалымы  К. Функ күріш кебегінен сондай  заттардың бірін кристалды түрде бөліп алып, оның құрамында азот бар екендігін анықтаған соң, оны витамин (лат. vіta – тіршілік, amіn – амин) деп атауды ұсынады.

Кейінгі ашылған витаминдердің  көпшілігінің құрамында азот болмаса  да, бұл термин қазіргі кезге дейін  биология мен медицинада қолданылады.

Витаминдерді  зерттейтін ілім витаминология XІІІ  ғасырдың 80 жылдарында қалыптасты. Витаминология  – витаминдердің ашылу тарихын, құрылымын, құрамы мен қасиеттерін, олардың алу жолдарын және организмге керекті мөлшерін анықтайтын ғылым.

Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда синтезделеді, ал адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем синтезделмейді. Адам мен жануарлар организміне витаминдер тағам арқылы түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі. Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы құнарлы, толық деп есептеледі. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу процесін реттейді: аурудан қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді. Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары. Егер организмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, онда зат алмасу процесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, поливитаминоз сияқты әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.

Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу процесінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.

Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.

Поливитаминоз – организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.

Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.

Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің ферменттер коферменттеріне құрылымдық ұқсастығы бар. Сондықтан, витаминдер жоғарғы организмдерде коферменттік қызмет атқарады (1-кесте).

1-кесте

Коферменттер  және олардың құрамына кіретін витаминдер

Кофермент

Атқаратын қызметі

Витамин

Пиридоксальфосфат

Переаминдеу 
Декарбоксилдеу

Пиридоксин (В6)

Тиаминпирофосфат

Аэробты декарбоксилдену 
Альдегид тобын тасымалдау

Тиамин (В1)

А-коферменті (КоА)

Ацил тобын тасымалдау 
Май қышқылдарын синтездеу

Пантотен қышқылы

Тетрагидрофоль қышқылы

Бір көміртегі бар қалдықтарды  тасымалдау

Фоль қышқылы

Биотин

CO2 тобын тасымалдау

Биотин (Н)

НАД

 тасымалдау

Никотин қышқылы 
Ниацин (PP), (B5)

НАДФ

 тасымалдау

Никотин қышқылы Ниацин (PP), (B5)

ФМН

 тасымалдау

Рибофлавин (B2)

ФАД

 тасымалдау

Рибофлавин (B2)



Информация о работе Витаминдерге жалпы сипаттама