Қызба

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 15:46, лекция

Описание

Қызба,қалтырау, лихорадка[1] — дененің кейбір ауруларға қарсы қорғаныш реакциясы. Мұндайда температура көтеріледі, ол организмнің қорғаныштық қуатын арттырады. Қызыну жұқпалы және жұқпайтын аурулармен ауырғанда (улану, аллергия, т.б.) пирогендердің микробтар және олардың улары, жат белоктар, олардың ішінде сыворотка (сарысу) мен вакциналар; кейбір химиялық заттар] әрекеттеріне жауап ретінде пайда болады.

Работа состоит из  1 файл

Қызба.doc

— 29.00 Кб (Скачать документ)

Қызба

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия

  

Қызба,қалтырау, лихорадка[1] — дененің кейбір ауруларға  қарсы қорғаныш реакциясы. Мұндайда температура көтеріледі, ол организмнің  қорғаныштық қуатын арттырады. Қызыну жұқпалы және жұқпайтын аурулармен ауырғанда (улану, аллергия, т.б.) пирогендердің микробтар және олардың улары, жат белоктар, олардың ішінде сыворотка (сарысу) мен вакциналар; кейбір химиялық заттар] әрекеттеріне жауап ретінде пайда болады. Қызбаның аса күшеюі әр түрлі органдар мен жүйелер қызметінің бұзылуына әкеліп соғады, жүйке жүйесі (бас ауыру, бас айналу, есеңгіреу), жүрек-қантамыр және тыныс жүйелері қызметі (жүрек соғуы мен тыныс алу жиілейді), зат алмасу бұзылады, кіші дәрет дұрыс жүрмейді. Температураның көтерілуі, әдетте пирогендердің “дозасына” байланысты, бірақ дененің температурасы 40,5 — 41°С-дан аспайды. Әдетте нәрестелер мен егде адамдардың, сондай-ақ, қарттардың ыстығы аздап қана көтеріледі. Қызба 3 сатыда өтеді:

температура көтеріледі (науқастың денесі қалтырайды);

“тұрақтану” (науқастың  денесі қызарады, қызады);

төмен түсу (температура  біртіндеп немесе күрт түседі). 

Қызбаның клиникасы  әр ауруда әр түрлі болуы мүмкін, ол айнымалы температура деп аталатын түрлі формада бейнеленеді және оның диагностикалық маңызы бар (мысалы, безгекпен ауырғанда температура күрт көтеріледі де, белгілі бір уақыт аралығында күрт түседі; сепсис болғанда температура 39 — 41°С-қа дейін көтеріліп, тәулік бойына түспейді; ал өкпеге суық тиіп, қабынғанда температурара 39 — 40°С-қа дейін көтеріледі де белгілі бір уақытқа дейін осы деңгейде тұрады). Дененің көтерілген температурасын жасанды жолмен түсіру кейде өте қауіпті. Сондықтан дәрігердің кеңесінсіз ыстықты басатын дәрі-дәрмекті науқас өз бетінше қабылдамауы керек.[2] [3]

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ Қазақ ұлттық энцеклопедиясы 4 том

↑ Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша  – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық  энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас  ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Информация о работе Қызба