Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:06, реферат
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Клетка ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Белок синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді.
Вирустардың пайда болуы жөніндегі әртүрлі гипотезалардың арасында көп таралған пікір мынау: клеткалық ДНҚ-сынан ДНҚ вирустар, клеткалық РНҚ-дан РНҚ-вирустар пайда болады. Бұл гипотезаның негізгі дәлелі – клеткалық және вирустық нуклеин қышқылдарының ұқсастығы болып табылады.
Ф КГМУ 4/3-04/02
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДӘРІС
Тақырыбы: «Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері. Вириондардың құрылымы және химиялық құрамы. Бактериофагтар»
Микробиология пәні
5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы
II курс
Кафедра меңгерушісі, доцент ________________ Ахметова С.Б.
Тақырыбы: Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері. Вириондардың құрылымы және химиялық құрамы. Бактериофагтар.
Дәрісті оқу мақсаты: студенттерді вирустар мен бактериофагтың құрылысындағы ерекшеліктермен таныстыру, вирустың торша-иесімен әрекеттесу кезеңдері және осының нәтижесі, вирустарды дақылдандыру әдістері, бактериофагты тәжірибеде қолдану, сонымен қатар хромосомадан тыс генетикалық ақпаратты тасымалдаушылар, медициналық биотехнология.
Дәрістің жоспары:
Кіріспе
ВИРУСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЖІКТЕЛУІ, ҚҰРЫЛЫСЫ,
РЕПРОДУКЦИЯСЫ, ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ. ВИРУСҚА
ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ.
Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Клетка ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Белок синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді.
Вирустардың пайда болуы
Vira дүниесі екі үлкен топқа бөлінеді – ДНҚ және РНҚ – құратын топтар. Топтар тұқымдастықтың тармағынан, туыстардан және түрлерден тұрады. Жіктелу принципі мына белгілерге негізделген:
А.
Вирустардың қасиеттері –
Б.
Сезімтал өзгерулердің тобы, әртүрлі
органдар мен тіндерде
В. Инфекцияның әсер ету жолы және географиялық таралуы.
ҚҰРЫЛЫСЫ.
Вирус
құрылысының компоненттері:
Вирустардың
құрамы өте қарапайым. Олар
нуклеин қышқылынан және
Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:
ДНҚ
немесе РНҚ вирионның
Капсид – жеке-жеке белоктық
суббірліктен құралған –
Құрылысы
күрделі вирустардың
Вирионның бетіндегі рецепторлардың формасы әртүрлі: таяқшалы, саңырауқұлақты, шоқпарлы т.б. Химиялық құрамы бойынша бұлар гликопротеидтердің қатарына жатады. Вирустар рецепторлар арқылы сезімтал клетканың бетіне жабысады (адсорбцияланады), ал сондай-ақ рецепторлардың белгілі физика-химиялық қасиеттері бар. Мысалы, тұмау вирусының 2 түрлі рецепторы бар – таяқшалық – гемагглютининдер және шоқпарлық – нейраминидазалар.
Гемагглютининдердің
рецепторлық қызметінен басқа
эритроциттерді гемолиздеу
Құрылыссыз
белоктар вирионды
Вирустар
мөлшеріне байланысты
Вирус бөлшектерінің өлшемін анықтау әдістері:
РЕПРОДУКЦИЯ.
Вирустардың жануарлардан, өсімдіктерден және микробтардан айырмашылығы олар тек қана тірі сезімтал клетканың ішінде дисьюниктивті жолымен көбейеді. Вирустар өздерінің белоктерын және нуклеин қышқылын синтездеу үшін, клетканың құрылысын және зат алмасу процесін пайдалынылады. Вирус жұққан клетка өзінің гентикалық және рибосомдық аппаратымен вирусспецификалық нуклеин қышқылдарының және белоктарының түзілуіне мүмкіндік туғызады. Осы нуклеин қышқылдарынан, белоктардан капсидтер, суперкапсидтер және рецепторлық құрылымдар түзіледі. Сондықтан, вирустар генетикалық паразиттер болып саналады. Және де, вирус компоненттерінің синтезі бөлек-бөлек жүргізіледі. Нуклеин қышқылдары цитоплазмада немесе ядрода, ал вирус белоктары клеткалық рибосомаларда жиналады және содан кейін барып олар қосылып бүтін вирион құрылу процесі басталады. Осындай көбею немесе репродукция әдісі, дисьюниктивті немесе бөлектенген әдіс деп саналады.
Репродукцияның
негізгі кезеңдері: сезімтал
А) пиноцитоз арқылы клетка қабығынан өтуі. Цитоплазмалық мембрана вирус бөлшегін қамтып алып клетканың ішіне өтеді, вирус содан кейін мембранадан ажырайды (осындай әдіспен құтыру, полимиелит вирустары енеді).
Ә) вирус қабығымен
клеткалық мембрананың бірімен-
Б) Клетканың мембранасына сәйкес, вирустардың шешінуі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалі: бактериофагтар өз қабығынан микробтық клетканың бетіне босатыады, шешек вирусы суперкапсидті клетка мембранасында қалдырып, капсидпен клетканың ішіне босатылады, полимиелит вирусы клеткаға еніп ішінде өзінің жалғыз қабығы – капсидтен босатылады. Шешінудің мағынасы мынау: тек қана қабықтан босатылған вирус көбейе алады, инфекция процесі сонда ғана дамиды.
б) трансляция – бұл иРНҚ-дағы гентикалық ақпаратты аминқышқылдарының спецификалық жүйелілігі түріне көшіру процесі және вирусспецификалық белоктардың синтезінің басталуы. Қазіргі кезде вирустық иРНҚ клетканың рибосомальді аппаратымен қалай әрекеттеседі және рибосомаларда вирусспецификалық белоктар қалай жұмыс істейтіндігі әлі белгісіз. Синтезделген вирустық белоктар өзінің қызметін, олардан протеаза ферменттері арқылы кейбір ерекше жерлерде пептидтер кесіліп тастағаннан кейін және глюкозилденген, ацетилденген,фосфорилденгеннен кейін ғана істей алады;
в) репликация – бұл вирус нуклеин қышқылы молекуласының (ДНҚ немесе РНҚ) синтезі. Вирусспецификалық белоктардың синтезі тек қана клетка рибосомаларда жүрсе, ал вирустың нуклеин қышқылының репликациясы ядрода (ұшық вирусы, аденовирустар) немесецитоплазмада (шешек, құтыру, полимиелит вирустары) жүреді.
а) вириондардың жинақталуы (толық жетілуі) клетканың ішінде өтеді (аденовирустар, шешек, полимиелит вирустары);
б) вирионның жинақталуы клеткадан шығу мезгілінде аяқталады (тұмау вирусы, ретровирустар).
Вирустар бөлігінің жинақталу процесі клетка мембраналарында жүреді: ядро, цитоплазмалық, эндоплазмалық мембраналарында жүреді. Клетка ішінде вирустық бөлшектердің жинақталу орны – фабрикалар (вируспен зақымдалған клеткаларды зерттегенде анықталады және қосындылар деп аталады). Олар цитоплазмада (құтыру инфекциясы кезіндегі Бабеш-Негри денешіктері) немесе ядрода (ұшық инфекцияда) болуы мүмкін.
Вирус бөлшектерінің клеткадан шығу әдістері:
а) «жарылу» жолымен, кейде жиналған вирус бөлшектері бір мезгілде клеткадан шыққанда оның бұзылып жойылуына себеп болады. Бұл әдіс құрылыстары жай вирустарға тән (полимиелит вирусы, аденовирустар);
б) «бүршіктену»
жолымен, кейде вирус
Информация о работе Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері