Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 16:11, реферат
Тышқантектес кеміргіштерді зерттеу нәтижесінде, «Атом» көлі (І деңгей) ернеуінде және тікелей сол жерді мекендейтін, секіргіш қосаяқтардың биологиялық ұлпаларында 137Cs құрамы 125 Бк/кг-нан аспайтындығын көрсетті. «Атом» көліне (ІІ деңгей) жақын жатқан аумақта мекендейтін секіргіш қосаяқтардың биологиялық ұлпаларындағы 137Cs деңгейі 70 Бк/кг-нан асқан жоқ, ал «Балапан» алаңының «таза» аумақтарынан аулап алынған қосаяқтарда 137Cs шоғырлануы 1,9 Бк/кг-нан төмен болды.ССП аумағында бауырымен жорғалаушылар Қазақстандағы 49 түрдің 7 түрімен ұсынылған.
ССП жануарлар
әлемі сантүрлі және өте бай. ССП
омыртқалы жануарларының
Тышқантектес
кеміргіштерді зерттеу
Дегелең алаңын мекендейтін сұр кесірткенің
ағзасындағы 137Сs тиесілі белсенділігі
600 Бк/кг, топырақтағы орта шоғырлануы
2*105 және максималды мәні 1,7*106 дейін жеткен.
Аймақтар үшін
жыландардың кездесуі қалыпты жағдай
– түз сұр жыланы, қалқантұмсық
жылан, сарыбас жылан және олардың
ішінде ең көп тарағаны өрнекті абжылан.
Жұптұяқтылар отрядынан полигон аумағын
тарихи мекендегендерден: сібір елігі,
бұлан, ақбөкен және арқар сақталып қалған.
Бұл түрлерге радиологиялық зерттеулер
жасалған жоқ, алайда кейбір жұптұяқтыларды
кәсіптік пайдалануға байланысты бұндай
зерттеулер қажеттілік тудырады.
Полигонның кез-келген жерінде жыртқыштар
жиі кезігеді, олардың қатарында: түлкі,
қарсақ, борсық және қалқанқұлақ кірпі
бар. Сирек те болса қасқыр, ақкіс, аққалақ,
шұбар күзен кездеседі.
ССП аумағында қосмекенділердің 2 түрі
(Қазақстанға белгілі 12 түрінен) мекендейді,
құйрықсыздар отрядына жататын – жасыл
құрбақа және сүйіртұмсық бақа.
ССП аумағының
орнитофаунасы да сантүрлі, бұл жерде
Қазақстанда бар құстардың 488 түрінің
ішінде, 15 отрядтың 147 түрін санамалауға
болады.
ССП көлдері, сонымен қатар қайталанбас
«Атом» көлі көптеген суда жүзетін және
су маңайындағы құстардың мекені болып
табылады. Дала ландшафтары үшін торғайтектестер
таңсық емес. ССП фаунасына күндізгі жыртқыштар
отрядының өкілдері (сұңқартектес) – 19
түрі өзгеше бір сипат береді. ССП аумағындағы
құстардың арасынан Қызыл кітапқа енген
сирек құс түрлерін көруге болады. Олар:
Дала қыраны, Қарақұс, Бүркіт, Қарабауыр
бұлдырық, Қолаңтөс, Үкі.
Шаған өзенінің бассейнінде, сонымен қатар
Дегелең таулы массивінің бұлақтарында
мекендейтін, тұқытәріздес балықтардың
отрядымен ұсынылады. Шаған өзенінде балықтың
алты түрі анықталды, ал Дегелең таулы
массивінің Ұзынбұлақ жылғасында оның
бір-ақ түрі табылды. «Атом» көлінде көкталма
және бұрын жерсінген сазан түрі табылды,
алайда соңғы уақытта бұл су қоймасынан
аталған балық түрлері жоғалып кетті.
ССП ихтиофаунасының, орнитофаунасының
радиологиялық жағдайы, қазіргі уақытта
дейін зерттелген жоқ.