Жарақат аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 12:11, реферат

Описание

1. Жарақат түрлерi
2. Алғашқы көмек
3. Жара.

Работа состоит из  1 файл

Жарақат аурулары.doc

— 64.50 Кб (Скачать документ)

Жарақат аурулары

 

 

Жоспар

1. Жарақат түрлерi 
2. Алғашқы көмек

3. Жара.

Барлық  механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.

Жарақаттар  – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. 
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Ашық  зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша  мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). 
Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.

  1. Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай жараның жиегi тегiс, тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ.
  2. Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан терең, тiптi кейде жарақат сүйекке дейiн жетуi мүмкiн.

Шаншылған, тесiлген жара шаншылатындай  заттардан: ине, шеге, пышақ, үшкiр темiр  т.б зақымданудан пайда болатын  жара. 
Терiде аз ғана жара тесiгi болады, бiрақ ұлпаға тереңiрек еңiп зақымдайды, кейде iшкi органдар да зақымдалуы мүмкiн. Сыртқы қан кету болар болмас қана.

Мыжылған  жара снарядтың жарықшағынан зақымдалуынан  және адам жүрiп бара жатқан транспорттың астына түсуiнен т.б. болады. Мұндай жараның жиегi тегiс емес, оның айналасындағы  ұлпалар күштi зақымдалады. Қан кету өте көп болмайды,бiрақ ауырсыну әр уақытта жоғары. 
Соғылған жара сыртқы түрiне қарағанда мыжылған жараға ұқсас. Соғылған жара таспен (күштi ұрғанда) және дөрекi заттармен күштi ұрғанда, көмiлiп қалғанда, күштi толқындар әсерiнен болады. 
Егер соғылған және мыжылған жара көлемi қан көлемдi ұлпаларды зақымдаса, олар езiлген жара деп аталады. Соғылған, мыжылған, езiлген жараларда инфекция түсу, даму мүмкiндiгi жоғары. 
Тiстелген жара адам мен жануарлардың тiстеуiнен пайда болады. Тiстелген жараға ауыз қуысынан инфекция түсу мүмкiндiгi жоғары.Ол көбiнесе iрiңдеп, баяу жазылады.

Атылған жара оқ, снаряд жарықшағы түсуiнен  т.б жара ол оқ және жарық винтовка мен пистолет оғының әсерiнен болса, екiншiсi жарықшақты жара – артиллериялық  снаряд, мина, қол гранаты, авиабомба  жарықшағы әсерiнен болады. 
Жаралар, ату құралдарын қолданудан пайда болса олар мыжылған, шаншылған, езiлген де болуы мүмкiн. Атылған жаралар ұлпаны қатты зақымдайды. Жарықшақ пен оқ кейде сүйекке өтiп, оны бөлiп жiберуi мүмкiн, ал сүйек (жарық) жарықшақтары жұмсақ ұлпаны зақымдайды.

Адам денесiндегi атылған жараларда кiре берiс және шыға берiс тесiктер болады. Бұл жараны өтпелi тесiк дейдi. Егер жарықшақ немесе оқ адам денесiне өтсе, ұлпалар арасына батып кетсе оны соқыр жара деп атайды. Соқыр жарада тек кiре берiс тесiк болады. Жарықшақты жарақатта көбiнесе соқыр жара көп кездеседi, себебi, оққа қарағанда жарықшақ жеңiл. Сондықтан ұлпаларға кiрiп кетедi. 
Оқ пен жарықшақ жанама өтiп, терiнi және ұлпаларды жарақаттап, тереңге өтпесе оны жанама өткен жара деп атайды. Онда жараның каналы болмайды. 
Кейде зақымдаушы заттар (кинжал, оқ, жарықшақ т.б.) дене қуысына өтiп, ары қарай (көкiрек, құрсақ) өтпей, тұрып қалуы мүмкiн. 
Бұл кезде ол сол қуыстағы етке, iштiң қабырғалық терiлерiне тұрып қалады. Мұндай жарақатты соқыр, кiре алмайтын жарықшақты жаралар деп атайды. Кiре алмайтын жаралар ми сауыты көкiрек және iш қуысында болады да, ол өте қауiптi..

Егер  адам бiр мезгiлде 2 немесе одан да көп  жарықшақпен немесе оқпен зақымданғанда  ондай жараларды бiрнеше жарақат  дейдi.

Жарадағы инфекция.

Микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш, жердегi заттар және ауада заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде микробтар болады.

Жаралар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда болады.

Инфекция  түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып, жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi.

Терi температурасы көтерiледi, жарақаттанған  адам көңiл күйi төмендейдi. Жараның  микроб саны көп болады. Ол микробтар  лимфа тамырларына енiп, одан лимфа түйiндерiне барып, ол iсiнiп ауырады, ал оның үстiндегi терiсi қызарады. Егер iрiңдi инфекция қанға өтсе, қанның бұзылуы (сепсис) басталады да, кейде өлiмге әкеп соғады. 
Жарадағы микробтардың дамуы ауаның қатысуынсыз жүредi. Оны анаэробты деп атайды, ол аса қауiптi. Ол жерде, қида, дәреттерде болады. Микробтар дамуына қолайлы жағдай көбiнесе төменгi аяқ, бөлiмi мен бөксе бөлiктерiндегi мыжылған – езiлген және созылған жараларда туады. Бiрнеше сағат немесе күннен кейiн өте ауыр ауру түрi анаэробты немесе газды инфекция (газды гангрен) дамиды. Әуелi жарадағы ұлпалар жансызданады, сосын ол еттiң қалыпты жағдайдағы денi сау аумағын зақымдайды. Ұлпаларда газ көпiршiктерi пайда болады және едәуiр мөлшерде iсiнедi. Жараланушы жара бөлiмiн ауырсынады. Тамыр соғуы төмендейдi, температура көтерiледi. Төменгi бөлiмдерде жара көлемi ұлғаяды. Іскен бөлiкте саусақпен басып көргенде ол қытырлайды. Жара құрғақтанады, төменгi бөлiктер суық, сөлсiз, сосын көгередi. Терiде кейде қанды көпiршiктер пайда болады. Аурудың жағдайы нашарлайды, кейде жедел өмiрiн сақтап қалу үшiн хирургиялық операция жасау қажеттiгi туады. 
Жараға жерден немесе қилардан анаэробты микробтардың басқа түрлерi түсiп, ауру туғызса, оны сiреспе деп атайды. Жараға түскен сiреспе қоздырғышы бiрнеше күннен немесе аптадан кейiн шайнау еттерi талып, жиырылу пайда етедi, одан кейiн ол шүйде және арқа еттерiнде. Бiрiншiден дененiң барлық еттерiне оның iшiнде тыныс алу еттерiне тарайды. Талу кезiнде бас артқа қарай шалқақтай бередi. Тыныс алу аяқ астынан тоқталуынан өлiмге әкеп соғады. 
Газды инфекция және сiреспе – мұндай ауруларға арнайы персонал бөлiнiп, төсек-орнын сода ерiтiндiсiне ылғалдап, 1 сағаттай қайнатады, сосын жуады. 
Қолданылған хирургиялық құралдар 2 процент сода ерiтiндiсiнде бiр сағаттай қайнатылады, металл таяқшалар отқа ұсталады. Ал ағаш таяқша, таңғыштарды өртеп жiбередi.

Жарадағы инфекцияның алдын-алу  үшiн жараға өз кезiнде хирургиялық  өңдеп, өлген ұлпалар мен бөгде  заттарды шығарып, тазартып отыру қажет. Ал ядролық қару қолдану кезiнде  бұл мүмкiн емес. Сондықтан қандай жағдайда болмасын жарадағы инфекцияның алдын алуға антибиотиктер қолданылады. 
Кез-келген жара, тiптi кiшкентай жаралардың өзiнде әр түрлi микробтардың дамуына қолайлы жағдай тууы, тiптi қан кетудiң әсерiнен адам көп мөлшерде қан жоғалтуы мүмкiн. Жара асқынбас үшiн жараға алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн жараға стерилдi таңғыш, асептика мен антисептикалық ереженi сақтап, қан тоқтату қажет. 
Асептика – жараға микробтардың түсуiнен сақтануға бағытталған iс-шаралар. Осы тұрғыдан асептика — жараға инфекция түсудiң алдын-алу. Жараны қолмен ұстауға, жарықшақтарды, киiм жиектерiн қолмен алуға, жараны жабуға стерилдi емес матаны пайдалануға болмайды. 
Микробтарды өлтiрудiң ең дұрыс қолданылатын әдiсi – стерилдеу, жоғарғы температурада – су буларында ұстау, хирургиялық құрал-жабдықтарды қайнату.

Антисептика – жараға түскен микробтарды  антибиотиктер және химиялық басқа  да құралдар көмегiмен жоюды антисептикалық деп атайды. Антисептикалыққа хлорамин, иодты ерiтiндi, спирт, сутегi асқын тотығы, перманганат калий т.б. жатады.

Антисептика механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық деп бөлiнедi. Алғаш жараны хирургиялық өңдеу  механикалық деп аталады, микроб түсуге қолайлы жағдай туғызбай жараны кептiру, күн сәулесiнде ұстау, жасанды ультракүлгiн сәулемен сәулелендiру физикалық әдiс. Химиялық әдiске әр түрлi дәрiлiк құралдарды пайдаланылып, микробқа қарсы күресу жатады. Антисептикада иод, хлорамин, ривонол, перманганат калий, этил спиртiмен басқа Вишневский мазы сияқты антисептикалық заттар пайдаланылады. Биологиялық антисептикаға антибиотиктер жатады. Олар жараға микроб түсуiнiң алдын алады. 
Асептика мен антисептика жараға түскен инфекцияны асқындырмау жолында бiрiн-бiрi толықтырып отырады. 
Жарақат салдарынан зардап шегушi есiнен таңатын кездерi болады. Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды. Адамның нелiктен шокқа ұшырайтыны толық әлi анықталмаған, бiрақ орталық жүйке жүйесi тiтiркенуiнен қан қысымы азаюынан қан тамырлары тарылып, шеттегi тамырларына қан жетпей қалады. Жарақаттанған жердiң белоктары ыдырап, оның уы денеге жайылады, зат алмасу бұзылады, тамыр соғуы әлсiреп, көз қарашығы ұлғаяды, естен тану бiрнеше минутқа дейiн созылады. Шоктың төрт дәрежесi бар.

І дәрежелi шок – орташа жарақат  алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi. 
ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады.

Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының  соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.

ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп  жарақат алған кезде пайда  болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы  ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен  танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен  танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан  қысымы өте төмен болады, тыныс  алуы сирек әрi үстүрт болады.

Денеден қан көп кетсе немесе организм салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда транспортпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.

Мұндай  жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп  алу керек. Қан ақса тез арада тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, онда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады, зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай беру керек.

Жарақат қай жерде болса да ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.

Зардап  шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:

  1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.
  2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).
  3. Зембiлге жатқызу.
  4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.
  5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылы 0,5-1,0 гмөлшерiнде қолданған дұрыс.
  6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.

Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн  оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары  мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. 
Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды.

Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар  алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан  соң жараға зарарсыздандырылған  таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. 
Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.

Бинт  ұзындығы 2-3 метр, еңi 2,5-20 смаралығында. Бинттiң сырт жағын ораған кезде  денеге қарайтын жерiн арқасы деп, ал 2-шi бетi iш жағы деп аталады. 
Ал мақталар екi түрлi болады. Бiрiншiсi жай мақта, екiншiсi ылғал жұтқыш. Бұл мақтаны жарақатты таңуға жиi қолданады. Себебi ылғал сорғыштық қасиетi өте зор.

Алғашқы көмек көрсеткенде асептикалық  және антисептикалық таңғыштар жиi қолданылады.

Таңғыштарға клеолды таңғыш, созылмалы торлы  түтiкше таңғыш және желiмдер пластырлы  таңғыштар БФ-6 желiмi жатады. 
Қан ағып тұрған жараға зарарсыздандырылған таңғыш таңылады немесе үтiктелген таза мата жабылады. Олардың үстiнен кiшкене бинт пен мақтадан жасалған бинт оралады. Таңғышты ораған кезде дымқылданып қалмағаны дұрыс. 
Қысылған бинттi зардап шегушiнi ауруханаға жеткiзгенше шешпеу керек. Егер таңғыш оралмаса, жарақатқа инфекция түсуi мүмкiн. Сөйтiп жарақат инфекциялық iрiңдi зақымға айналып кетедi. Мұндайда жара iрiңдеп, ауырады, айналасы терiсi қызарып iсiнедi. Егер iрiң терi астындағы шелге жанылса, онда терiде қызыл жолақтар пайда болып лимфа тамырлары қабынады. Мұны лимфангоит деп атайды. Ол шап, қолтық бездерiн шошындырады. Ірiңдi жара ұлғайған кезде ауру жағдайы нашарлайды, дене температурасы көтерiледi, тамыр соғуы жиiлейдi, денесi қалтырайды. Ірiңдi жара ұзақ уақыт жазылмаса инфекциялар қанға өтiп, сепсиске ұшыратады. Ірiңдi жара көбiнесе стафилакокк, стрептококк, протеин iшек таяқшасы сияқты микроб әсерiнен пайда болады. Бұдан басқа микробтарда жарада өсiп-өнiп ауру туғызады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз. Алматы, 1987 ж.
  2. Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық әдiстемелiк жинағы. (1,2,3 шығарылым), 2000 жыл

Информация о работе Жарақат аурулары