Жасушаның қорғаныштық қабығы – биомембрана, оның түрлері мен қызметтері туралы түсінік беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:30, контрольная работа

Описание

Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі. Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), белокты-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана өткізгіштік қасиетіне байланысты жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді.

Содержание

1. Биологиялық мембрананың молекулалық құрылысы мен қызметі.
2. Беттік кешен. Плазмалемма.
3. Гликокаликс.
4. Заттардың тасымалдануы.