Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 15:25, реферат
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғары сатыдағы ағзалар. Оларды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% құрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. құрамында қантты заттары да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу керек.
Ф.
Е.Досымова атындағы
№12 орта мектебі
Тақырыбы:
Жеуге жарамды және
улы саңырауқұлақтар
Орындаған: Али Ақнұр
Тексерген: оқытушы Елеусізова Жұмажан
АТЫРАУ, 2011
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар да жоғары сатыдағы ағзалар. Оларды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% құрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. құрамында қантты заттары да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу керек. Жауынды жыл мезгілдерінде саңырауқұлақтардың қандай түрін болса да кездестіруге болады. Солардың ішінде жеуге жарайтын саңырауқұлақтың 100-ге жуық түрі бар.
Қозықұйрық (шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % ,
нәруыз
-2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз
– 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде
ақтүстi жарғақты белдеушесi бар.
Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ,
Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) Қазақстанда ақ саңырауқұлақтар топталыс өседі. Бұл саңырауқұлақ тіпті шөл және шөлейтті жерлерде де кездеседі. Оның дөңес қалпақшасы, мықты түбіртегі болады және қалпақшасының астында түтікшелері бар. Бұл саңырауқұлақты ормандағы қайыңның, шыршаның, еменнің түбінде өсетін ақ саңырауқұлақтармен шатастыруға болмайды. Арышқұлақтар - қарағайлы, шыршалы орманда, терекқұлақ көктеректің түбінде өседі. Ал жеуге жарамды ақ жерқұлақтың (белый трюфель) денесі топырақтың үстіңгі қабатында дамыды. Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі (сморчок) саңырауқұлақтары да жеуге жарайды.
Арықтардың шіріті мол жағасында жас кезінде жеуге жарамды көңқұлақ өседі. Түбіртегі - жіңішке, ұзын. Қалпақшаң - жұқа, төбесі сүйірлену келеді. Бұл саңырауқұлақтың қалпақшасының астында жетілген споралары қара түсті сұйық затпен бірге шашылады. Спорасын сол сұйық затпен қоректенетін бунақденелілер таратады.
Жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтар – Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт ( мухомор), боз арамқұлақ ( поганка), жалған түбiртек ( ложный опенок), жалған түкiжем ) ложная лисичка) және т.б.
Шыбынжұттың түрлерi: қызыл шыбынжұт, сұрғылт- қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт – сары шыбынжұт және т.б.
Шыбынжұт саңырауқұлағының
Уы тез әсер етедi, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сiңiрi тартылып, талып қалады. Ертеде шыбынжұттан жасалған препараттарды бездiң iсуi, өкпе ауруы, жүйке жүйесi ауруларына қарсы пайдаланған және шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндiктердi өлтiру үшiн қолданған. Қазiргi кезде медицинада түрлi препараттар әзiрлеу үшiн шикiзат көзi болып табылады.
Боз арамқұлақ ( бледная поганка) – ақ, сарғыш, жасылдау, сұрғылт – ақшыл түстi қалпағының үстiнде мақта тәрiздi қабыршақты ақ жарғақтары бар. Дiңгегiнде жарғақты белдеушесi болады. Түп жағын қалта тәрiздi жамылғы қаптайды. Көбiнесе жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты орман шетiнде өседi.. Құрамында « фаллоидин» алкалоиды болғандықтан өте улы саңырауқұлақтардың қатарына жатқызады.
Жеуге жарамайтын жалған түлкіжем кәдімгі түлкіжемге өте ұқсас. Жалған түлкіжемнің қалпақшасының үстіңгі беті тегіс, қызғылт-сары түсті. Кәдімгі түлкіжем қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сарғылт түсті. Қалпақшасын бөліп қарағанда, ақ шырын бөлінеді. Улы саңырауқұлақтар - боз арамқұлақ, сырттай қарағанда, қозықұйрыққа ұқсас. Бірақ оның қозықұйрықтан айырмашылық боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті. Қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті болады. Қозықұйрықтың Қазақстанның сазды, тақыр жерлерінде өсетін де түрі бар.
Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка), жалдан түбіртек саңырауқұлақтары - улы. Сұр шыбынжұты саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ лақты. Қызыл шыбынжұтының қалпақшасының үсті қызыл түсті және ақ лақты болып келеді. Жалдан түбіртек саңырауқұлағының қалпақшаң сының астыңғы жағы қою сарғылт-жасыл. Қалпақшасының үсті мен түбіртегі ашық сарғылт-жасыл түсті болады. Түбіртегінде белдеуше сақинасы жоқ.
Саңырауқұлақтан уланып қалмау үшін әбден қарап, тексеріп алу қажет. Егер кездескен саңырауқұлақтар улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, оны алмаған жөн. Әбден пісіп, жетілген әрі кеуіп кеткен саңырауқұлақтардың да улы болуы мүмкін. Ақ саңырауқұлақ және басқаларын асқа пайдаланудың алдында екі рет суға қайнатып, қайнатқан суды төгіп тастау қажет. Төккен сумен бірге саңырауқұлақтардағы улы заттар кетеді. Жаңадан теріл әкелген жас саңырау - құлақтарды бір тәуліктен артық сақтамайды. Одан жасалған тағамдарды екінші тәулікке қалдыруға болмайды. Саңырауқұлақтарды кептірсе де, сүрлемелесе де, маринадтаса да олардың құрамындағы улы заты жойылмайды. Сондықтан саңырауқұлақтан қыста да уланып қалуға болады. Уланудың белгілері саңырауқұлақты жегеннен кейін, бірнеше сағаттап соң білінеді. Уланған адамның іші ауырады, жүрегі айниды, құсады, әлсізденіп, басы айналады, кейде сіңірі тартымды. Мұндай жағдайда тез арада дәрігерге қаралу керек.
Саңырауқұлақты теру жолдарын да білу қажет. Саңырауқұлақты таңертеңгі салқында, топырақта көрінбей жататын жіпшумақтарын зақымдамай, түбіртегінің төменгі жағынан ептеп пышақпен кесіп алады. Өте майдаларын алмау керек. Сонда ол жердегі саңырауқұлақтарды жыл сайын, ұдайы жинап тұруға болады.
Саңырауқұлақтар
жеуге жарамды және жеуге жарамсыз
- улы болып екі топқа бөлінеді. Олар - әсіресе
құнды тағамдық өнім. Саңырауқұлақтардың
құрамында 80 пайызға дейін нәруыз болатын
азотты заттар бар. Саңырауқұлақтарды
тергенде жеуге жарамдысын улы түрінен
ажырата білу керек. Терген кезде топырақта
көрінбей жататын жіпшумақты зақымдап
алмас үшін, саңырауқұлақ түбірінің түбінен
пышақпен абайлап қиып алған жөн.