Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:27, задача
Жүйке ұлпасы Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының кұрылысы: денеден (бір ядросы бар ортасындағы жуандау бөлігі) қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қыска өсінділері дендриттер көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (грекше «аксис» немесе «ахоп» - өсінді) дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады.
Жүйке ұлпасы Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының кұрылысы: денеден (бір ядросы бар ортасындағы жуандау бөлігі) қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қыска өсінділері дендриттер көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (грекше «аксис» немесе «ахоп» - өсінді) дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксонга өтеді. Қозу бағытының сызба нұсқасы - дендриттер дене-> аксон. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады, оны «нейрология» (гр. «neuron» - жүйке, «glia» - желім) дейді. Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Кейде нейрологияны нейронның «серік жасушалары» деп те атайды. Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді. Жүйке жүйесіндегі нейрондар мен жүйке талшықтарының арасында қозу тоғысу - синапстар (грекше «synapsis» - қосылу, байланыс) арқылы өтеді. Бұл кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады.
Аксон
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Аксон
Аксон (гр. axon — білік, ось) — цитоплазмасында протеин түзуші органеллалары болмайтын нейроциттің] жіп тәрізді ұзын өсіндісі; нейрит нерв импульстарын бір жасушаның денесінен және дендриттерден келесі нейрон мен ағзаларға өткізетін нейронның ұзарған(1 м дейін) цитоплазмалық өсіндісі.
Аксонның диаметрі бүкіл ұзынша бойында тұрақты және қалындағы нейрон денесінің көлеміне және оның атқаратын әрекетіне байланысты. Аксонның алдыңғы сегменті аксон төмпешігі өте сезімтал және осы жерде жүйке импульстары пайда болады. Аксонның нейрондармен бұлшық еттермен және безді жасушалармен қосылған жерлерінде синапстар пайда болады. Аксондардың буда болып қосылуының арқасында жүйке талшықтарын қалыптастырады.[1]
Аксон жүйке толқынын нейроцит денесінен, яғни перикарионынан (нейроциттің ядро орналасқан бөлігі) басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелер жасушаларына өткізеді. Аксонды "нейрит" деп те атайды