Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 14:52, статья
Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.
Семей қаласы
№ 37 гимназия
Тақырыбы: «ЖҚТБ – ға қарсы күрес».
10 «Б» сынып.
Сынып жетекшісі:
Кабиева К.Д.
2011-2012 оқу
жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «ЖҚТБ – ға қарсы күрес».
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.
Тәрбие сағатының міндеттері:
1. ЖҚТБ және
АҚТҚ инфекциялары,олардың
2. Өзін-өзі сыйлау,өзін
бекіту және бағалау
3. ЖҚТБ-мен ауыратын
адамға жаны ашу,түсіну және
қолдауды тудыру,санитарлық
Тәрбие сағатының көрнекілігі: әр түрлі плакаттар, слайд.
Сабақтың барысы:
- ұйымдастыру;
- сәлемдесу;
- сыныпты түгендеу;
- оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
Өткізілу жоспары:
1. ЖҚТБ және АҚТҚ жөнінде түсінік беру.
2. Мерзімдер,деректер,оқиғалар.
3. Жағдаяттарды талдау.
4. «Біз не істей аламыз?». Оқушылардың ой-толғауы.
5. « ЖҚТБ және АҚТҚ-дан қалай сақтану керек»тақырыбында кітапша тарату.
6. Қорытындылау.
Кіріспе сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен.
ХХІ ғасырда
қоғам тек жалаң адамдар тобынан
ғана емес, сонымен бірге денсаулығы
мықты , рухани дүниесі бай, жаны
мен тәні кіршіксіз таза , танымдық
белсенділігі мен өздігінен білім
алуға деген ынтасы мен шығармашылық
қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.Олай
болса, біз «Салауатты өмір салтын
» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын
алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын»
құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға
ұсынып отырған тәрбие сағаты салауатты
өмір салтын сақтауға шақырады.
Сабақ барысы:
Ypeйлі СПИД
деген ғасыр дepтi,
Айырылған сұлулықтан адам көркі.
Масқара! Сұлу Сәкен ұрпақтары,
Таланған ар – ожданы, сезім еркі!
СПИД - иммундық қуаттың әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныстық қатынасы кезінде және зақымданған тepi арқылы қанға түскен соң организімнің қорғаныс шебі саналатын лимфа жұйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру.
Оны жұқтырған адам микроб пен вирустың алдында дәрменсіз, себебі кеселге ұшыраған кезде организмге аса маңызды Т лимфоциттер группасы азайып, дененің ауруға қарсылық күшi жойылады.
Кесел баяу дамиды,
басты белгісі -лимфа жүйелері ұлғаяды.
Одан кейін дененің қызуы көтеріледі.
Ұзақ уақыт бойы iшi өтeдi, тершеңдік басады,
шамадан тыс арықтайды. Одан әрі өкпе қабынады
, дененің тepiciн ipiңдi бөртпелер қаптайды,
қанның құрамы бұзылады, қауiптi ісіктер
күшейеді. Мұның бәрі ауруды өлімге душар
етеді. СПИД жұқтырған адамның өмipi бес
жылдан әріге аспайды.
АҚТҚ- адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғызы.
Қорғаныш – организмнің жұқпалы аурулар қорғаныштарын қабылдамаушылық жағдайы. Организинің бөтен тектік денеден қорғану, құтылу қабілеті.
Қорғаныш тапшылығы – организмнің жұқтадан қорғану қабілетінің жоғалуы.
ЖҚТБ - жұқтылылған қорғаныш тапшылығы белгісі.
Сонымен:
АҚТҚ – жұқпаланған адам.
ЖҚТБ – науқастанған адам.
Қазіргі есептеулер бойынша елде 13500-дей адам АҚТҚ-мен өмір сүруде. 2007 жылы мәлімет бойынша АҚТҚ-мен өмір сүруші екіқабат әйелдер үлесі 6,7 % (695) құрады. Елде АҚТҚ жұқтырған аналардан 457 бала өмірге келді. АҚТҚ диагнозы 29 балада анықталды, 232 бала жағымсыз нәтиже берді, 24 бала қайтыс болды.
АҚТҚ-мен әрбір адам жұқпалана алады, бірақ мінез-құлықтары АҚТҚ-ны жұқтыруға икемдірек адамдарға екпіндірек болады. Адам АҚТҚ-мен жұқпалана ма, жоқ па, сыртқы пішіннен айыру мүмкін емес. АҚТҚ үш жолмен беріледі:
Адам АҚТҚ-мен
жұқпаланған немесе ЖҚТБ мен ауыратын
адам арқылы ғана жұқпалана алады. АҚТҚ
организмдегі белгілі биологиялық сұйықтар
арқылы ғана беріле алады: қан, тұқым сұйықтығы,
ана сүті.
ЖҚТБ
инфекциясы қандай жағдайда
жұқпайды.
Мерзімдер,
деректер, оқиғалар
1983 жыл - Люк Монтанье (Француз) және Роберт Галло (АҚШ). Соңында АҚТҚ деп аталған, бір-біріне тәуелсіз қоздырғыш ашты.
1987 жыл - ЖҚТБ бойынша дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауқымды бағдарлама бекітті.
ЖҚТБ – БҰҰ - ның Ассамблеясы сессиясында талқыланған ең бірінші ауру болды.
1998
жыл - Желтоқсанның бірі күні дүниежүзілік
ЖҚТБ мен күресу күні болып аталды.
1994 жыл - Қазақстан Республикасында ЖҚТБ ауруларының алдын алу туралы заң қабылданды.
1998 жыл - Женевада (Швейцария) ғылымдағы алға басуларға қарамастан, миллиондаған адамдар
ЖҚТБ-дан дәрі – дәрімектердің қымбаттылығы және қол жетпейтіндігінен өлетіні мойындалған.
ЖҚТБ бойынша XXII халықаралық понференция өтті.
1997 жыл - Қазақстанда ең алғаш рет АҚТҚ-мен жұқпаланған адамдар тіркелген.
1999 жыл - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі 31 қаңтарда №12 «ҚР-ның алдын алу бойынша сабақтар енгізу туралы» бұйрығына қол қойды.
2001 жыл - Маусымның 25-27 жұлдызында Нью – Йоркте БҰҰ-ның бас Ассамблеясының АҚТҚ ∕ЖҚТБ бойынша арнайы сессия өтті. 14 қыркүйекте ҚР-да «АҚТҚ ∕ЖҚТБ індетінің алдын алудағы 2002-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы» №1207 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілді.
2002 жыл - Барселон қаласында ( Испания) ЖҚТБ бойынша ХХІ халық аралық конференция өтті.
2003 жыл - Қазақстан АҚТҚ ∕ЖҚТБ індетін және оның салдарын жең бағдарламасын жүзеге асыруға ғаламдық қорынан 22,56 млн АҚШ доллары көлемінде жәрдем қаржы алды.
2003 жыл – Ресми түрде Қазақстанда 3948 – АҚТҚ-мен жұқпаланған, 149 – ЖҚТБ-мен аурулар,
117- қайтыс болғандар,
24- мектеп оқушылары, 20- қараусыз қалған
балалар, 65-колледждер мен жоғарғы оқу
орындарының студенттері.
ЖАҒДАЯТТАР
1. ЖҚТБ-мен ауыратындардың
бәрі қоғаммен сиыспайтын
2. Сенің досың АҚТҚ жұқтырды делік.Сен оған қалай қарайсың? Бұл жағдай достық қатынастарыңа әсер ете ме?
3. Егер ұжымдағы
бір адам ЖҚТҚ жұқтырса,ол
4. Сіздердің
бір отбасы мүшесі ЖҚТБ
Есіңде сақта!
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық
қадам бастаңдар!!!
Сонымен, оқушылар,
бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!