Жукпалы аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:11, реферат

Описание

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады.

Содержание

ріспе
Жұқпалы аурулар

Негізгі бөлім
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру
АВГ-нің берілу жолдары
ЖВГ сырқаттарын ауруханаға жатқызу
Кене энцефалиті.
Жұқпалы аурулардың алдын алу(қырым қанды безгегі,сары ауру,туберкулез,қышыма)
6)Микробиология және вирусология

Работа состоит из  1 файл

Жукпалы аурулар2.docx

— 51.33 Кб (Скачать документ)

 Шанкр біреу болады, оның  размері үлкен емес,ұсақ монета  сияқты, дөңгелек, қатты-созылмалы,жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді.

3.Сифилистің екіншілік кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бөртпе біраз апта болып,сосын белгілі бір уақытта жоқ болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды. Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті.

4.Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл  ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен  белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі  3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа  созылатын және өлімнің себебі  болатын кезең. Сифилистің бұл  кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып, мүгедек болады. Жүйке жүйесіазап шегіп,миында ісік тәрізді құрылымдар(гумма) пайда болып,лезде психикасы бұзылады.

 Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді.

 Ешқандай жағдайда бұл ауруды  асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.

 Жүре пайда болатын иммунитет  тапшылығы синдромы- ЖИТС- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі.

 

 Жыныстық жолмен жұғудың басқа да жолдары бар:

1. Адам иммунитет тапшылығын  тудыратын вирусы бар аналардан  құрсақтағы балаға жұғуы.

2. АИТВ (ВИЧ)-пен зақымдалушының қанын біреуге қайта құю кезінде оның жұғу мүмкіншілігі өте жоғары болуы.

3. Стерилизацияланбаған медициналық  шприц инелерін наркомандар компаниясында  қолдану арқылы.

4. Гомосексуальді( бір жынысты) жыныстық қатынас арқылы.

 Теориялық жағынан сүйісу  арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл  әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді. Қазіргі кезде «қатерлі топтар» деген маңызды ұғым бар, олар қатерлі аурулардың жұғуына жағдайы бар адамдар.

 ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін  қауіпті топтар мыналар:

1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын  еркектер.

2. Еркектер мен гомосексуальисті  еркектердің қатынаста болуы.

3. Нашақорлардың топ ішінде  вена арқылы қолданылуы.

4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар.

5. СПИД тараған жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын адамдар.

6. СПИД-қа қарсы зерттелмеген донорлардан көп қан құйылған гемофилиямен ауысатындар.

7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар.

8. ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын анадан туған балалар.

 

СПИД-тің байқалу әртүрлі болуы  мүмкін, сондықтан оның анықталуы  ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек:

1. Ешқандай себепсіз температурасының  ұзақ көтерілуі.

2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі.

3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар.

4. Теріде түйінді өсінділер,  терінің қалыңдауы.

 Қандай жағдайда да қатерлі  топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек.

 Осы уақытқа дейін СПИД-пен  ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз.

 Қазақстан Республикасында  ВИЧ-пен 15-29 жастағы адамдар арасында  ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған  адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы  жастар құрайды. Жас адамдар  тәртіп ерекшелігі және оларда жыныс жолмен жұғатын СПИД туралы ақпараттың аздығынан, яғни бұл проблема толық шешілуден әлі алыс жатыр.

 

 

Қорытынды:

Туберкулез —дүниежүзiне кең тараған  жұқпалы аурулардың бірі. Әлемде туберкулезге қарсы қолданылып жатқан күрес шараларына қарамастан, ол казiргi заманғы денсаулық  сақтау саласыньң шешушi қиын проблемасы.Туберкулез ауруы, одан болатын адам өлiмiнiң  деңгейi төмендемей тұр. Оған дәлел - жыл  сайын Әлемде:

1) Туберкулезден З млн, адам  кез жұмады;

2) 9-10 млн, адам туберкулездiң  бацилларлық турiмен ауырады;

3) 18 млн. адам туберкулездiң барлық  түрлерiмен ауырады;

4) Туберкулезден болатын барлық  өлiм жағдайларыньң 98% әлемнiң  дамушы елдерiнiң үлесiнде;

5) Туберкулезден ауыратындардьң 80% еңбекке жарамды 15-50 жастағы адамдар;

6) Жер шары тұрғындарыньң шамамен  1/З бөлiгi (орта есеппен 2 млрд.) туберкулез микобактерияларын жұқтырғандар;

7) Инфекцияланған адамдардың 10% туберкулезбен  ауруы мүмкiндер;

8) әрбiр 4 секундта 1 адам туберкулездi  жұқтырады;

9) Әрбiр 10 секундта 1 адам туберкулезден  көз жұмады;

10) 1882 жылдан бастап туберкулез  дүниежүзiнде кемiнде 200 млн. адам  өмiрiн қиды, бұл соңғы 100 жыл  iшiнде майдан даласьнда қаза  тапқан әскерлердiң санынан едәуiр  артық. Алматы облысы бойынша  2009 жылдың 12 айында туберкулезге  тексерiлген барлық адамдардың  саны — 837101, бұның iшiнде, туберкулезбен  ауыратындардың анықталған саны  — 1529, ал 2008 жылы — 1665. Ересектерден 2009 жылы — 1318 адам ауырса, 2008 жылы  — 1665 адам ауырған. Жас өспiрiмдердiң  саны 2008 жылы — 82, ал 2009 жылы —  75. Жас балалар 2008 жылы — 169; 2009 жылы — 136 бала ауырған. Ендi туберкулез дегенiмiз не, ол калай берiледi? Оньң негiзгi белгiлерi және алдын алу шаралары туралы кыскаша тусiнiктеме берелiк.

 Туберкулез — Кох таяқшасымен  қоздырылатын өкпе және баска  органдарды (суйек, бүйрек, лимфа  түйiндерi және басқа) зақымдайтын  жукпалы дерт.

 Туберкулез қалай берiледi?

 Туберкулез қоздырғышы осындай  науқас адамдар сөйлегенде, жөтелгенде, түшкiргенде және гигиена құралдары  - ыдыс арқылы берiледi. Туберкулезбен  ауыратын малдардан да жұғады.

 Негiзгi белгiлерi

2-3 аптадан астам жөтелу, асқа  тәбетiн жоғалту, жүдеу, 37-38,5 градусқа  дейiн дене қызуы жоғарлайды, түнде  тершеңдiк, жалпы әлсiреу, кеуде  тұсының шаншуы, қан түкiру. Осы  белгiлердiң бiреуi ғана бiлiнсе  дереу дәрiгерге көрiнiп, қақырықты  зерттеуге тапсыру керек.

 Есте сақтаңыздар.

 Туберкулез бактериясы үлкен  тұрақтылықпен ерекшеленедi. Күннің  көзi жоқ табиғи жағдайда, көше  шаңында екi жетiге дейiн, кiтап  беттерiнде үш айға дейiн, қарда  бiрнеше жылға дейiн оньң өмiршеңдiгi  сақталады. Тiке түскен күн  сәулесi туберкулез таяқшаларын  бес минут iшiнде өлтiредi.

 Туберкулезден сақтану үшiн:

- салауатты өмiр салты: тиiмдi тамақтану, дене шынықтыру белсендiлiгiн  артгыру, уақытында пайдалы тынығу, темекi шегуден, алкоголь iшуден,  есiрткi қолданудан бас тарту;

- жеке гигиенаның ережелерiн  сақтау;

- Тұрғын үй бөлмелердiң ауасын  үнемi тазартып, едендi дымқыл шүберекпен  сүртiп отыру;

- Уақытымен туберкулез диагностикасын  өткiзiп тұру және емдеудiң толық  курсынан өту.

 Қорытынды: Облыс көлемінде  туберкулез ауруы тиісті деңгейге  дейін төмендемей тұр.

 Тіркелген аурулардың көпшілігі  асқынған түрімен келіп жатыр.

 Ауылдық жерлердің халқы  жыл сайын туберкулезге флюорографиялық  жолмен тексерілуге жоғары санатта  мән бермейді.

 Ауырып, аурудың емiн iздегенше - ауырмаудың жолын iздейiк ағайын.


Информация о работе Жукпалы аурулар