Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 18:40, реферат
Көбеюге қабілеттілік – тірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Көбеюге байланысты генетикалық материал ата-аналарынан ұрпақтарына беріледі. Бұл кезде сол түр особьтарына тән белгілер ғана емес, сондай-ақ тек ата-аналарының өздеріне тән айқын бергілер де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір организм түрінің ұрпақ алмастыруын жүзеге асыруымен қатар, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.Жер бетінде тіршілік байқалып келеді, келе де бермек. Ағзалардың көбею қасиеті тіршіліктің дискреттілігімен тікелей байланысты.