Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 23:26, реферат
Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрьшысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарларжәне өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрьшысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарларжәне өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
10.микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Анатомия ғылымының
негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ,
Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі
Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта
ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина,
қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо
да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар
қалады.
Анатомия мен физиологияның дам
Гиппократ (ж.с.д. (жыл санауға дейінгі)
шамамен 460-370) - көне Грецияда медицина саласын жан-жакты
зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына
көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап,
бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның
ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің
бірімен-бірінің жіктер арқылы байланысатындығын
толық сипаттаған. Омыртқалар мен қабырғалардын,
бұлшық-еттердің, ірі қантамырларының
кұрылысын зерттеген. Гиппократ - анатомия ғылымының дамуына
кезінде үлкен үлес қосқан ғалым.
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейі
Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады.
Жүректің соғуын ешкім тоқтата алмайды.
Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана
қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын
білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсакты
150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан.
Жаратылыстануға қатысты «Адам ағзасындағы
мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы
мүшелердің құрылысы мен қызметі»
және т. б. еңбектер жазған.
Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу
деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін,
қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын
зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір
саласы. Адам анатомиясының негізін салушы
– ежелгі римдәрігері Гален, одан кейін
шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу
Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі
жаңалықтар қосты. Қазақдаласында адам анатомиясы
мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы
(20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл
тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан
(клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық
затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін:
эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік,
жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып
ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы
мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар
жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен
құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет
атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары
деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі
мен аппараттары адам организмін құрайды.
Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл
аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу
жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр
жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын
және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді);
6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер;
8)жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның
қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге
асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен
тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы
(омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын
құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ
қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді.
Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті
сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа
бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел
(5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен
тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік
бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар
алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып
кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе,
жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке
талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының
бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш
қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы
кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді.
Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек,
ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке
талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі
жағында жамбас астауы қуысына жалғасады.
Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және
жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын
жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ
жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері
құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері,
ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік)
және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер
өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады.
Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам
анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты
бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе
қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын
ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық
анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды
зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың,
жүйке талшықтарының өзара орналасуын,
арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия
– адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы
туралыілім; салыстырмалы анатомия – дамудың
әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік
иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.
Тірек-қимыл мүшелер
жүйесінің маңызы: тірек-қимыл мүшелер
жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады.
Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар(шеміршек пен сүйек) арқылы
байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі.
Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-
Қаңқа (гр. skeleton — қаңқа), скелет – адам мен
жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы
зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралғансүйек жиынтығы. Қаңқа организмде
тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін
атқарады; минералдық заттар алмасуына
қатынасып, кальций,фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры
болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек
қызметі:бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге
бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және
қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық
еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа
келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден
қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқабағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды
қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне
қорғаныш болады.
Қаңқа 200-ден аса сүйектерден
тұрады, оның 33 – 34-і сыңар, қалғандары
жұп сүйектер; 29 сүйек – бас сүйекті, 26-сы
– омыртқа бағанасын, 25 сүйек қабырғалар
мен тісті түзеді, қолда – 64, аяқта 62 сүйек
болады. Майын арылтып, кептіріп, арнайы
өңделген сүйектер бір-бірімен біріктіріліп,
жоғары оқу орындарында оқу-тәжірибелік
мақсатта пайдаланылады. Мұндай қаңқаның
салмағы 5 – 6 кг, дене масасының 8 – 10%-ын
құрайды. Тірі адамның сүйектері ауыр
болады, олардың салмағы дене массасының
1/5 – 1/7 бөлігін түзеді. Құрылымы мен химиялық
құрамы күрделі болатын қаңқа және оны
түзетін сүйектер аса беріктілігімен
ерекшеленеді. Жануарларда сыртқы және
ішкі қаңқа болады. Сыртқы қаңқа,
әдетте омыртқасыз жануарларға, ал ішкі қаңқа омыртқалы
жануарларға тән. Көптеген бір клеткалылардың
сыртқы қаңқасы бақалшақтан құралған.
Буынаяқтылардың қаңқасы ерекше зат –
хитиннен, шаянтәрізділердің қаңқасы
қатты сауыттан, жәндіктерде бірнеше хитин қабатынан тұрады. Кейбір омыртқасыздарда
сыртқы қаңқамен қатар ішкі қаңқа болады.
Омыртқалы жануарлардың кейбір түрінде
сыртқы қаңқа болады. Мысалы, тасбақаларда,
қолтырауында – сыртқы сүйек қалқаншалары,
балықта – қабыршағы. Ішкі қаңқа дәнекер
тінді (бас сүйексіз омыртқалыларда), шеміршекті
(төменгі сатыдағы балықтарда) және сүйекті
қаңқа ғана жануарларға судан құрлыққа
шығып, өз денесін жер үстінде көтеріп,
берік ұстауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, филогенез процесінде қоршаған ортаға
бейімделу барысында біртіндеп қаңқаның
дамуының үш сатысы:
Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі
байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада
болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері
жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер,
жалпақ сүйектер деп бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер
жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып
тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің
ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабы
Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері
мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен
аяқ сүйектері деп бөлінеді.
Тұлға қаңқасы -
омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.
Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың
саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа;
5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.
Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.
Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.
Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді, оның екеуінің дөңесі - мойын және бел лордозы алға қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.
Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлш
Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыр
Жоспар
А)Анатомия ғылымы туралы ілім.
Ә)Анатомия ғылымына үлес қосқан ғалымдар.
Б)Адам қаңқасы және оның атқаратын қызыметі.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.