Қашаған Күржіманұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 13:41, реферат

Описание

Конкуренция — важное средство контроля в рыночной системе. Рыночный механизм предложения и спроса доводит пожелания потребителей до предприятий-изготовителей продукции, а через них — и до поставщиков ресурсов. Однако именно конкуренция заставляет предприятие-изготовитель и поставщиков ресурсов надлежащим образом удовлетворять эти пожелания потребителей. Конкуренция вызывает расширение производства и понижение цены продукта до уровня, соответствующего издержкам производств

Работа состоит из  1 файл

ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ.docx

— 30.81 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ

ИНЖИНИРИНГ  УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ 
 
 
 

БАЯНДАМА 

Тақырыбы: ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ 
 
 
 

                                                         Орындаған: ЮС–10–03 тобының студенті

                                                                                                   Нармуханбетов Ғ.

                                                             Тексерген: аға оқытушы Көбегенова Г.     
 
 
 

                                       

АҚТАУ – 2011ж.

ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ

(1841-1929)

   Қазақ топырағында тәуелсіздік үшін күрес  тарихының бірнеше кезеңдері, әр кезеңнің өзіне тән күрес қаруы, амал-әрекеті болды десек, қазақ  халқының материалдық және рухани қазынасына қол сұғып қана қоймай, сол арқылы ұлттық еркіндікке шек қоюды мақсат тұтқан отарлаушыларға қарсы халық  рухын оятуда жыраулар поэзиясының  орны ерекше.

   XIX ғасырдың екінші жартысы - қазақ  елінің Ресей патша өкіметінің  қол астына кіріп, бірақ әлі  де болса бодандықтың қамытын  толық мойындай алмай, еркіндіктен  айрылғанына опық жеп, өкінішпен  күн кешкен кезеңімен сәйкес  келеді. Бодандықтың кейінгі ұрпаққа  тигізер зардапты залалын алғаш  аңғарып, жырларымен зар төккен  ақын-жыраулардың тәуелсіздік идеясы  кейінгі кеңес үкіметіне де  жаға қоймағаны белгілі болып  отыр.

   Орыстандырудың  там-тұмдап етек ала бастаған белгілеріне  ұлт тамырына балта шабылатын  нышан ретінде шошына қараған  жырауларға (Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір т.б.) қазақ мәдениетінің кеңестік тарихында  «зар заман ақындары» деген ат қойылып, «кертартпа, ұлтшыл ақындар» деп айдар тағылуы - осының айғағы.

   Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның  Ташауыз қаласының маңында туған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқыметін тартқан. Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды.

   «Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында  билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген  жерге келеді.

   Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының  үйіне келгенде сараңдық пен таяздық  танытып алдарын кес-кестей бергендерге  ақын:

   Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім,

   Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің,

   Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң,

   Сен-өлең,мен  Қашаған болмас едім.

   Осы үйге қона алмасам,маған сын,

   Сұпыны  шығара алмасаң,саған сын,-

   дейді.Одан әрі сұпының қуараңдаған тар  мінезін көріп,жиылып қалған ел-жұрттың  көзінше:

        Сұпыекең мені жек көрді,                           Үйіңе келсе бай адам,

   Сұпының сөзін кек көрдім.                         Жамылған мауыт шекпенді

   Ел  аралап жүргенде,                                    Ақылы бар милы адам,

   Сендей,сендей монтаны                              Азамат ерге тек дей ме?!            

   Сұпыларды көп көрдім.                              Қонағы келген кет дей ме?!

   Сыйлар  едің қампаңдап,                             Тәубем көп деп мақтансаң,

   Қолын қысып жампаңдап,                          Барсисаны да Құдай қарғаған,

   Садақасы  болса қойнында,                         Азғырып шайтан алдаған.

   -дейді.

   Ақын  Қашаған Күржіманұлы  «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандарында  халықтың көне шежіресі мен тарихын  толғайды.

   Рухани  тәуелсіздігіміздің 20 жылдық белесінде  әлі де бас-аяғын жинатпай жатқан Маңғыстау жыр мектебі өкілдері қатарында шығармалары барынша  мол жеткен әрі республикалық  басылымдарда насихатталып жүрген Қашаған  жырау екені белгілі. Жәдігер жырдың жоқшысы Қабиболла Сыдиықұлының жинақтауымен ақын өлеңдері бірнеше рет жеке кітап түрінде де жарияланды. Жыраудың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында маңғыстаулық мұратанушы Ж.Жылқышиевтің және жыршы Ақылбек Тасқараұлының күшімен қайта толықтырылып, жинақталған «Қайыртпай кеткен Қашаған» атты шығармалар жинағын баспаға әзірлеу барысында түсінгеніміз: ақынның бұған дейін ресми басылымдарда көрініп жүрген жыр-мұралары - «асылдың шашырап түскен сынықтары» ғана, ал «шын алтынның құймасы» халықтың зердесінде сақталып келген.

   1900 жылы Жем өзені арнасынан асып, жағасына жақын орналасқан елді  мекендерді су шайып кетеді. Адам, мал шығыны көп болады. Табиғат апатынан зардап шегіп сансыраған халыққа сол кездегі қазақ жерін уысында ұстап отырған патша үкіметінің жергілікті әкімшілігінен ешқандай жәрдем көрсетілмейді. Осы жайларды көзімен көріп, күйінген ақынның ашу-ызасы жыр болып төгіледі. Жыр бірте-бірте тереңдеп, «Топан» деп аталған дастанға айналады. Осы дастан «Топан» жинағында 335 тармақпен берілген. Жергілікті баспасөз беттерінде дастанның бір бөлігі «Топан», келесі бір бөлігі «Жем тасығанда» деп аталып, екі бөлек шығарма ретінде жарияланып келді. Кейіннен бұл екі жырдың тұтас бір дастан екені анықталды. Сонымен «Топан» дастанының «Қайыртпай кеткен Қашаған» атты жаңа жинақтағы толықтырылып, қалпына келген нұсқасы 534 жолды құрайды.

   Ақынның Бегім төреге арнау сөзі, Асан қайғының Еділ мен Жайықты тастап көшуінің тарихи себептерін баяндайтын кейбір шумақтар дастанның бұған дейінгі  жарияланып келген ресми нұсқаларында кездеспейді.

   Дастанда  Ресей патша үкіметінің қазақтың жерін шындап жаулай бастаған тұсындағы  отаршылдық озбырлық әрекеттері, тәуелсіздігінен  айрыла бастаған елдің күйзелісі  нақты суреттермен баяндалған. Жырдың ең көп қысқартылған бөлігі де осы  мағыналық шоғырда. Ақын «Асанқайғының  болжап айтып кеткені шынға айналды, соны шыққыр көзіміз көрді» деп күйінеді. Жем мен Жайықтың бойындағы қорғасындай  балқыған құйқалы жер, Жайықтың исі  аңқыған бекіресі талайдың арманына айналып еді. Сарытау, Самар, Қазанның саудагерлері мен келімсек қоныстанушылары, Хиуаның саудагер сарттары ағылып келіп, олжаға белшесінен батып, ақшаны сарайлап жинап, елдеріне тасушы еді. Сол келімсектер  тойынғасын «құдайларын» ұмытып, жергілікті елді көзіне ілмей, кемсітіп қорлауға айналды. (Жем мен Жайық құт  еді, Тарқамас базар-дүкені. Берекелі қазаным, Қызығы кетпес базарым, Ақ шуақты ажарым. Кешіп жатыр басынан Келімсектер мазағын). Халықтың қазанына қол сұғып, өз несібесін өзіне татырмады (Сарытау, Самар, Қазаннан Келгеннің қызық көргені, Тастары өрге өрледі. Бектерімді баяғы, Есіктегі, аяғы, Құлы құрлы көрмеді. Билеп ап судың балығын Бұқара байтақ халықтың Жеуіне де бермеді...). Қазақтың мүддесімен ешкім санаспады, бас көтерсе, жазаға тартты (Бас көтерген қазақты Пәлеге тартты кесектеп). Бір кездерде қазақты «қой баққан надан ел» деп менсінбей, қазақтың жеріне аяқ басуға жиренетіндер енді басқаша сайрап жүр (Сахыраның елі шашық деп, Баруға алыс-қашық деп, Шаңды-аяқ елге бармайық, Бара алмаспыз асып деп... Жоламаушы еді әуелде. Бүгінде басқа сайрап жүр, Тор-тұзағын сайлап жүр «Зердесіз елдің байлығын Қарпып қалуға асық» деп...). Бұл келімсектер қазақтың байлығына сұғынғаны аздай, енді елдің рухани болмысын бүлдіруге әрекеттенуде. Алдымен елдің жүрегін жадылап, арамза молдалары келді (Ноғайлар тапқан жан-айла, Указной молдалар Өп-өтірік құдайлап). Артынан елдің санасын тұмандатып, есінен адастыратын арағы мен темекісі қоса жетті (Қалаға келген билері Арақ ішіп, елірді. Кеудесі бұған семірді, Папиросы шегулі...). Тентек-тебірін қазы мен билердің алқасына салатын салтымыз аяқасты боп, түрме деген сұмдығы шықты (Тентек қылса бір қазақ, Түрмеге барып маталды). Қазақтың сөзін сөйлеуге тиісті бай-мырзаларын арзан қызықпен алдап-сулап, басын айналдырып қойды (Қайырсыз кілең қаста бай Айдаған малға қуанып, Қой-қозыға жұбанып; Қалалы жерде мырзасы Қос арғымақ пар жегіп, Тарантас арба туарып, Кәршөндікке қамалып, Шалқыды талай мас болып, Нәпсісін ылайға суарып...). Бұған дейінгі жарияланымдарда нәпсісін шайға суарып түрінде беріліп келген тіркес жаңа нұсқада нәпсісін лайға суарып болып түзетілген. Біздің ойымызша, ақынның лай деп отырғаны арақ болса керек. Қаладаға мырзалар кәршөндікке қамалып шай емес, арақ ішетіні түсінікті. Шалқыды талай мас болып деген тармақ та лай (арақ) сөзіне меңзейді. Арақ - адамның санасын лайлайтын жағымсыз, лас сұйық ретінде образдалып беріліп тұр деп түсінеміз.

   Адамзаттың  азғындауының белгісі: тәубе, шүкір, қанағат  деген кісіліктің үш критерийін ұмыту. Алланы ауызға алмау. Бәленің белгісін болжаған даналыққа құлақ аспау. Міне, қаншама жанды жалмаған қасіретті оқиғаның себебі. Жырдың Алла атымен байланысты жолдары қысқартылып беріліп келген. Мысалы, «Салих құлын бір Алла От ішінде сақтар» деген сөз Көнеден жеткен ақпар-ды. Бітіне, бұзық көбейіп, Хаққа қарсы іс қылғасын, Қайсысын аман сақтар-ды. - деген жолдар бұрынғы нұсқада: «От ішінде сақта» деген сөз Қайсысын аман сақтады. - түрінде құйрық-жалы күзеліп ұсынылған. Толықтырылған нұсқасы: «Салих (адал) құлын Алла от ішінде де сақтайды деген көнеден жеткен қасиетті сөз бар еді, бірақ адамзат күнаға шексіз батып, Хаққа қарсы іс қылғасын Алла оларды жазалады» деген ұғымды берсе, қысқартылған кеңестік нұсқасы «от ішінде сақта деген сөздің жалған екені осыдан көрінеді» деген ойға меңзейді.

   Кеңестік  империя билік еткен 70 жылда қазақ  халқының рухани дамуының ұлттық сипаты тоқырау кезеңін басынан өткізді. Әсіресе ұлттық тілдің қолданыс аясының тарылуы, қазақ тілін білмейтін ұрпақтың саяси-қоғамдық аренада басымдыққа ие болуы, қазақ ұлтының болашағына деген сенімсіздіктің етек алуы ұлттың рухани дағдарысқа ұшырауына жеткізді. Бұл дағдарыстың нәтижесінде бабалар танымы мен кейінгі ұрпақ танымының арасындағы байланыс үзілді. Сондықтан жыраулар поэзиясы жас ұрпаққа ақыл-кеңес, өсиет айтудан әріге бармайтын құрғақ дидактика немесе заманы өткен байлар мен батырларды мақтайтын мадақ жырлары ретінде ғана танытылып келді. Дегенмен адам баласының түпкі санасында сақталып қалған, сол адамның өзі де байқай бермейтін оның болмысымен бірге жаратылған ұлттық діл қандай да бір мезгілі туғанда жарып шығары сөзсіз.

   Қашаған Күржіманұлы – өз кезеңінің  белді ақыны,дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау  түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

   Әр  жерде жұлым-жұлымы шығып, шашырап  қалған жыр үзіктерін қайта жалғап, бағзы қазақтың рухани кеңістігін қазіргімен жалғастыру - XXI ғасырдағы ұрпақтың пешенесіне жазылған тәрізді. Тәуелсіздік туымыздың астында қалпына келіп, алқалаған әлеуметімен қайта қауышқан, қай заманмен де үндесе алатын, өзектілігі өшпейтін оймен өрілген жақсыдан қалған жәдігер жырдың жаңа ұрпақпен қауышуы мәңгілік болғай.

Информация о работе Қашаған Күржіманұлы