Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 00:20, реферат
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), төбе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған . Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар . Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады.
Кіріспе
Бас қаңқасы.
Бассүйектің дамуы.
Бассүйектің жасқа байланысты және жыныстық ерекшеліктері.
Бассүйектің жыныстық айрымашылықтары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Еркек бассүйегі орташа алғанда әйел бассүйегінен үлкендеу; оның сиымдылығы шамамен әйел бассүйегі сиымдылығынан 10% үлкендеу, бұл олардың дене шамаларының айырмашылықтарына байланысты. Әйел бассүйегінің беті тегістеу, өйткені бұлшықеттік бұдырлық онша күшті емес. Әйел бассүйегінің қасүсті доғалары нашарлау дамыған әрі еркектеріге қарағанда маңдайы тіктеу, ал шекесі жайпақтау. Алайда, кейде бассүйекте жыныстык белгілер нашар білінетіндіктен, оларға қарап нақты адамның жынысын айыру мүмкін емес, оның үстіне шамамен 20% жағдайда әйел бассүйегінің сиымдылығы еркек бассүйегінің орташа сиымдылығынан кем болмайды.
Әйел бассүйегінің
шамасы еркекпен салыстыра
Қорытынды
Дәрігерлердің айтуынша, бас
сүйек бастапқыда шеміршек және жамылғы
сүйек түрінде ана құрсағындағы
ұрықтың екі айлығында пайда
болатын көрінеді. Нәресте өмірге
келгенінде, оның бас сүйегінің жіктері
әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде
болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы
осындай жікті «еңбек» деп
атайды. Тұқым қуалайтын ерекшеліктерге
сәйкес кейбір сәбилердің бас сүйегі
әдеттен тыс үлкен немесе кіші
болып қалыптасуы мүмкін. Негізінен,
жаңа туған сәбидің бас сүйегі
шеңберінің ауқымы 34-36 сантиметр болса,
ол бір жасқа толғанында бұл өлшем
бірлігі 46-48 сантиметрге дейін жетуге
тиісті екен. Және де алғашқы алты айда
бастапқы көрсеткіш 7-8 сантиметрден артуы
қажет, дейді мамандар.
Жалпы, бас сүйегі өзгермелі болып шықты. Өлген адамның бас сүйегі қабірде өзгеріске ұшырайды, баланың бас сүйегін бала кезінде өзгертуге болады. Яғни, бесікте, құндақта үнемі шалқасынан жататын нәрестенің қарақұсы жалпайып қалыптасады, баланы жастайынан маңдайы мен қарақұсын орамалмен айналдыра қысып байлап өсірсе, төбесі шошақ болады. Тіпті кей жағдайда баланың маңдайы мен қарақұсына тақтай немесе құм салынған дорба байлап та бас сүйегінің пішінін өзгерткен оқиғалар орын алған. Және де кейбір халықтар баласын сәби шағынан төбесін жалпақ етіп өсірген. Өзіміздің қазақ тұрмысынан әңгіме қозғасақ, тақия, бөрікті үнемі тастамай киген балалардың да бас сүйегі өзгеріске ұшыраған. Тарихтан біз бас пішінін өзгерту дәстүрінің ерте заманда Азия, Еуропа, Америка тұрғындарының арасында болғанын, кей халықтарда қазір де барын, бұрындары ғұндар мен сарматтардың, тағы да басқа көшпелі тайпалардың өз балаларының бас сүйегін қолдан өзгерткенін білеміз. Бұл салт біздің заманымыздан бұрынғы 3-1 ғасырларда қазақ жерінде де болғаны белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Рақышев «Адам анатомиясы» І том. 2004ж.
2. Р.Д.Синельников «Анатомия человека» I том. 1981г.
3. www.google.kz/wikipedia