Бүйрек құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:26, реферат

Описание

Экономикалық саясатың басты басымдықтарының бірі, «Қазақстан-2050» Стратегиясынындағы ұлттық экономиаканы дамытудың жетекші күшіне айналған агроөнеркәсіптік кешен, тәуелсіздік алғаннан бері қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласы орташа есеппен 9,3 % көлемінде жыл сайын арта тусуде. Мәселен, 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ауылшаруашылығы саласындағы жеке адам басына шаққандағы еңбек өнімділігі 304,2 мын теңгеден 498 мын теңгеге артып, Ел экономикасы жалпы ішкі өнімінің 5,1% құрап отыр.

Работа состоит из  1 файл

агробизнес 2020.docx

— 64.68 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫ

 

Шаукентаев Ж.К.

Е.А.  Бөкетов  ат. ҚарМУ экономика факультетінің магистранты

 

Экономикалық саясатың басты басымдықтарының бірі, «Қазақстан-2050» Стратегиясынындағы ұлттық экономиаканы дамытудың жетекші күшіне айналған агроөнеркәсіптік кешен, тәуелсіздік алғаннан бері қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласы орташа есеппен 9,3 % көлемінде жыл сайын арта тусуде. Мәселен, 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ауылшаруашылығы саласындағы жеке адам басына шаққандағы еңбек өнімділігі 304,2 мын теңгеден 498 мын теңгеге артып, Ел экономикасы жалпы ішкі өнімінің 5,1% құрап отыр.

Қазіргі таңда агроөнеркәсіп  кешенің одан әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында арнайы шаралар қабылдануда. Қазақстан Республикасының президенті  Елбасы Н.А. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет екендігін және әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу керек екендігін баса айтты.  Ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруды, ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті  дамыту жөнінде өзекті міндеттерді қойып, алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс керек екендігін ескертіп Үкіметке өзекті міндеттер жүктеді.

Үкімет тарапынан аграрлық салаға тұтас мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі жасалды. Ең алдымен, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кәсіпкерлік ынтасын ынталандыруға және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті бағыттарын тездетіп дамытуға қолайлы жағдайлар туғызылуда.

Мәселен күні кеше сенатта  агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған Агробизнес 2020 бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсатты көрсеткіштерінің қатарында: қаржылық сауықтыру, АӨК субъектілері үшін тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту, АӨК-тің мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бар.

 АӨК-ті дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын  іске асыру үшін қажетті қаржының  жалпы сомасы 2 986,96 млрд. теңгені  құраса, оның 75 пайызы тауарлардың,  жұмыстар мен қызмет көрсетулерге  қол жеткізудің экономикалық  мүмкіндіктерін арттыру, 14 пайызы  АӨК-тің мемлекеттік қамтамасыз  етуін дамыту, 10 пайызы қаржылай  сауықтыру шараларына жіберілетін  болады.

Бағдарламаны жасақтауға тағы бір себеп - қазіргі уақытта  әлемдік аграрлық экономика мен  демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты  дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына  кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда  ұйымына енуі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өнімділігінің төмен  деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы  болуы ауыл шаруашылығы өндірісін  қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды  неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар  отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ  мен КО жағдайларында шетелдің өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.

Осы ретте «Агробизнес – 2020» бағдарламасына толық тоқталатын болсақ. АӨК-ті дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасынын мақсатты индикаторы болып:

  • Ауылшаруашлығы саласын мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру яғни АӨК-нің субсидиялау арқылы 2020 жылға дейін 4,5 есе арттыру;
  • Аграрлық  саланың экспорттық  әлеуеті  2015   жылға  дейін  жалпы экспорттың 8 пайызына жақындайды;
  • Ішкі нарық сұранысының 80 пайыздан астамын отандық  өндірушілер қамтамасыз  ететін болады;
  • Индустрияландыру картасының аясында   агроөнеркәсіптің кешен саласының 140  инвестициялық жобасы іске қосылып,  7 мыңнан астам жұмыс орны  құрылады;
  • Агроөнеркәсіп кешені саласын арттыру мақсатында, мемлекеттік емес несиелік құралдар көлемін яғни несие және лизинг көлемін арттыру жұмыстары бойынша 2013-2020 жылдар арлығында 2 трлн.теңгеге дейін арттыру;
  • Электронды форматқа ауысқан мемлекеттік қызметтер сапасын 2015 жылға дейін 62 %-ға арттыру;

АӨК-ті дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы екі этапта жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бірінші этап 2013-2015 жылдар аралығын қамтиды. Бірінші этапта агороөнеркәсіп кешенін тұрақты қалыптастыру көзделген, Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың мығым іргетасын қалау қажет,яғни:

-Мақсаттарға жету, міндеттерді  шешу және осы бағдарламада  көзделген іс-шаралар үшін заңнамалық  база қалыптастыру;

-Төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кредиттерін қайта құрылымдау жолымен АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;

-Өсімдік шаруашылығындағы  және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ  ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен  қайта өңдеу өндірісі үшін  тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

-Ауыл шаруашылығы жалпы  өнімін арттырудың экстенсивті  әдістерінен интенсивті әдістеріне  көшу;

-Өсімдік шаруашылығындағы  сақтандыру жүйесін жетілдіру; 

-Қолдау құралдарының  кең спектрін қолдану есебінен  қаржылық қызметтердің экономикалық  қолжетімділігін қамтамасыз ету  және қолайлы инвестициялық климат  құру;

-Инвестициялық және пилоттық  жобалардың пулын, өсімдік шаруашылығына,  мал шаруашылығына және ауыл  шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеуге енгізу үшін прогрессивті  агротехнологиялар пулын қалыптастыру;

-Агралық ғылымдағы трансферт, бейімделу және коммерцияландыру технологияларын пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;

-Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

-Сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту;

-Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;

-Маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;

-Көліктік-логистикалық қуаттылықтарды, оның ішінде, сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;

-Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру;

-Салық салу, мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;

-АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Сонымен қатар бағдарламада  шаруа адамының еңсесін көтерудің  басты төрт бағытын ұсынып отыр:

Біріншісі - қаржылық сауықтыру, яғни шаруаның мойнындағы бұрынғы қарыздар қайта құрылымдалады. Ол үшін 300 млрд. теңге Үкіметтен бөлініп, қаржы екінші деңгейлі банктерге келіп түседі. Қарызы бар шаруа енді банкпен бірлесе отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарызын 15 жылға қайта құрылымдауға өтініш жазады. Жылдық пайызы өте төмен, бар болғаны 5-ақ пайыз болады деп күтілуде.

Екінші бағыт - аталған бағыт шеңберінде келесі міндеттерді шешу қажет: өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру; мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру; қаржы қызметтерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру; білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.

Үшінші бағыт - осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр: фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту; ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту; сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту.

Төртінші бағыт - АӨК мемлекеттік  реттеу жүйелерінің тиімділігін  арттыру. Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру; ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынаудың тиімділігін арттыру; салық салу жүйесінің дамуы; АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту; АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Нәтижесінде саланы одан әрі  дамыту үшін жағдайлар қалыптасады. Екінші кезең: 2016-2020 жылдар аралығын қамтиды. Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру, Бағдарламада қойылған мақсаттарға жету алда тұр.

Екінші кезеңде қойылған міндеттерді шешудің нәтижелері:

-Өсімдік дақылдары түсімділігінің  және малдар өнімділігінің нысаналы  көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік  беретін қазіргі заманғы агротехнологияларды  қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы  еңбек өнімділігін ұлғайту;

-АӨК-нің өсімдік шаруашылығы,  мал шаруашылығы және өнімдерді  қайта өңдеу салаларының белгіленген  нысаналы көрсеткіштеріне шығу.

Агробизнес-2020 бағдарламасынының  нәтижесінде, мемлекеттік реттеудің тиімді шараларын пайдалану, ҚР АӨК бизнесін дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар жасау, секторға тартылатын орташа жылдық инвестицияны екі еселеу, өнімділіктің өсуі нәтижесінде мемлекеттік қолдау көлемін елдің ауыл шаруашылығы ЖІӨ 10%-ына дейін ұлғайта отырып, осы бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу орын алады.

Қорыта келе өз тарапымнан ұсынатын ұсынысым, Ауыл шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.

Әлемдік азық-түлік нарығының  көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы  өндірісін арттыру үшін бізге  мыналар қажет:

-Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ, сондықтан осы мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз керек.

-Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.

-Елімізге тән тауарларды  қолдана отырып ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз.

-Ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті  дамыту керек.

 Біздің ең асыл табиғи  байлығымыз ауылшаруашылығы саласы, ауылшаруашылығын бәсекеге қабілеттілгін арттырып, ел экномикасындағы енсесін едәуір көтеру мақсаты тұр. Әлемде азық-түлікке деген қажеттілік ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің үлкен экспорттық мүмкіндіктерге ие аграрлық сектор саласындағы сәтті мүмкіндіктерімізді жіберіп алмауымыз керек.

 


Информация о работе Бүйрек құрылысы