Бөртпе сүзегі. Брилл ауруынан аулақ болыңыз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 07:16, реферат

Описание

Бөртпе сүзегі - риккетсия арқылы таралатын жұқпалы ауру, қызбамен, сүзек белгілерімен (қатты бас ауруы, есінен адасу), өзіне тән бөртпелер және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.
Бұрын бөртпе сүзегінің эпидемиясы соғыс, аштық, табиғи апат, құрғақшылық сияқты халықты аздыратын жағдайларда оқ пен снарядтан өлген адамдар санынан да көп өмірді жалмағаны барлығымызға белгілі. Бөртпе сүзегі - санитарлық жағдайдың нашарлауының сенімді серігі.

Работа состоит из  1 файл

Бөртпе сүзегі.docx

— 16.51 Кб (Скачать документ)

Бөртпе сүзегі. Брилл ауруынан аулақ болыңыз

 

Бөртпе сүзегі - риккетсия арқылы таралатын жұқпалы ауру, қызбамен, сүзек белгілерімен (қатты бас ауруы, есінен адасу), өзіне тән бөртпелер және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

Бұрын бөртпе сүзегінің эпидемиясы соғыс, аштық, табиғи апат, құрғақшылық сияқты халықты аздыратын жағдайларда оқ пен снарядтан өлген адамдар санынан да көп өмірді жалмағаны барлығымызға белгілі. Бөртпе сүзегі - санитарлық жағдайдың нашарлауының сенімді серігі.

Жұқпа көзі - бөртпе сүзегімен не Брилл ауруымен ауыратын адам, осы адамнан бас және киім биті риккетсиясы бар қанды сору арқылы сау адамға беріледі. Ол адам бит шаққан жерді қасу арқылы дайрақтарды (нәжістер) теріге сіңіру кезінде ауруды жұқтырады. Адамдардың бөрпе сүзегін қабылдауы өте жоғары болып келеді.

Ауру жедел, 40-41ºС температурамен, бас ауруымен, ұйқысыздықпен басталады, беті ісіп қызарады, көзі қанталайды. Адам денесі мен аяқ қолдарында аурудың 4-5-күні бөртпелер, қызғылт түсті дақтар пайда болады.  Бөртпе сүзегінің өзіне тән белгілері- бөртпелер бірден 2-3 күн ішінде пайда болады да, біртіндеп 78 күнге дейін уақытша дақтар қалдыра отырып жойылады.

Бөртпе сүзегімен ауырған  адамдар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. Сауығу дене қызуының біртіндеп қалпына келуімен, ауру таратушы риккетсияның қанда 8-12 күндері ем әсерінен жойылуына байланысты бас ауруының жеңілдеуі, ұйқының қалыпқа келуі және тамаққа деген тәбеттің ашылуы, ішкі органдар қызметінің қалыптасуымен сипатталады.

Ошақта қарым-қатынаста болғандарға санитарлық тазалау жүргізіледі.  Аурудың киім және төсек жабдықтары камерада өңделіп, тазаланады. Ал ошақта дезинфекция және дезинсекция жасалынады. Қарам-қатынаста болғандарға 70 күн медициналық бақылау жүргізіледі.

Бөртпе сүзегіне тән, сауыққаннан кейін кейбір адамдарда (барлығында емес)  қоздырғыштар, метаболикалық үдерістің белгісіз мерзімге толық тоқталғанына қарамай,  тіндерде толық жансызданбай, ұйқыдағы түрде ұзақ уақыт сақталады. Егер қандай да бір есеңгіреу не стрестік жағдайларда ауру қоздырғышы паразиттердің тіріліп, инфекцияның қайталануы мүмкін. Бөртпе сүзегінің осы қайталануы Брилл ауруы деп аталады. Клиникалық түрде ауру жеңіл өтеді (бірінші ауырған кездегі қалыптасқан иммунитеттің әсері).                                                                                                                                       

Бүгінгі уақытта эпидемиологиялық бөртпе сүзегі Африка және Латын Америкасы елдерінде тіркелуде. Ал Ресей, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде Брилл ауруы тіркеуге алынуда.

Бөртпе сүзегі жаппай ауру түрінде біздің елде жоқ, алайда өзіңізді және қасыңыздағыларды осы аурудан сақтау үшін биттеуден  аулақ болу қажет.

Бөртпе сүзегінің тасымалдаушысы - биттің қаншалықты қауіпті екендігіне адамдарды үгіттеп, сендірудің қажеті жоқ. Тек күнделікті дене, шашты, киімдерді уақтылы жуып , тазалықты сақтау аурудың алдын алуға қойылған мықты тосқауыл екендігін есіңізге саламыз.

Бит пен бірде бір сірке жоқ жерде - бөртпе сүзегінеде орын жоқ.


Информация о работе Бөртпе сүзегі. Брилл ауруынан аулақ болыңыз