Есірткі мен алкагольдің адам ағзасы дамуына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:05, реферат

Описание

Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.Денсаулықсыз өмір қызық- сыз әлем деп санаймын.

Содержание

I Кіріспе бөлім
1.Негізгі ұғым…........................................................................................1
II Негізгі бөлім
2.1.Есірткінің адам ағзасына әсері...........................................................2
2.2Алкагольдің адам ағзасына әсері .......................................................6


III Қорытынды бөлім
3.1Қорытынды..........................................................................................11
3.2Пайдаланылған әдебиеттер................................................................12

Работа состоит из  1 файл

fiziologia.docx

— 35.69 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды ”Болашақ” университет

 

 

 

 

Тақырыбы: «Есірткі мен алкагольдің адам ағзасы дамуына әсері»

 

 

 

Орындаған:

                                                    ИН-12-2 тобының студенті: Мырзаханова.С.М

 

                                                       Тесерген: Тукубаева.Г.Н

                                                     

 

 

 

 

 

Қарағанды қаласы 2013 жыл

Жоспар

Мазмұны 
 
I Кіріспе бөлім 
1.Негізгі ұғым…........................................................................................1 

II Негізгі бөлім 
2.1.Есірткінің адам ағзасына әсері...........................................................2 
2.2Алкагольдің адам ағзасына әсері .......................................................6  
 
 
III Қорытынды бөлім

3.1Қорытынды..........................................................................................11 
3.2Пайдаланылған әдебиеттер................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Кіріспе

 

Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді , не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулық  үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға  болады.Денсаулықсыз өмір қызық- сыз  әлем деп санаймын.

                                                                                                   М.Монтень.

    Денсаулық – адам  өміріндегі ең жоғары бағалы  дүние. Өмірдің шаттығы мен  қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық  – зор байлық».Адамзат баласының  тіршілік өміріндегі ең бір  бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз  ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың  қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа  немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті  түрде қарау керек. Денсаулықты  сақтаудың жолын үйрену әрбір  адамның басты міндеті. 

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Жасыратыны жоқ, бүгінде медицина саласы көптеген қиындықтарды басынан өткеруде. Нарық қыспағының, экономикалық қолайсыздықтардың қолбайлау болып отырғаны да анық.

 

 

 

 

 

 

 

                                    Есірткінің адам ағзасына әсері

•    Физикалық әсері 
•    Әлеуметтік әсері 
Физикалық әсері 
Ми және орталық жүйке жүйесі: темекіден бастап барлық есірткі түрлері ми мен орталық жүйке жүйесіне ең көп зиян тигізеді. Сондықтан миға тәуелді ақыл-ой мен ерік күшіне әсер етіп, адам тепе-теңдік ұстай алмай, қалыпты мінез-құлық пен әрекеттерден айырылады. Сау ми мен дұрыс ақыл-ойдың ең үлкен дұшпаны есірткі болып табылады. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен жүйке және психикалық ауруларға шалдығады: ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар, ұмытшақтық, қысқаша айтқанда, барлық психикалық аурулар. 
Ас қорыту жүйесі: жүректің айнуы, құсу, іш ауру, қаталау, іш өту, асқазан және ішектердің ауруы, қанау және асқазан жаралары, мерез және т.б. 
Бауыр және бүйрек: бұл улы заттардың денеден шығуында ең ауыр жұмыс осы ағзаларға түсіп, мынадай нәтижелерге апарып соғады.  Бауыр мен бүйрек жұмысында ақаулардың шығуы, майлану, бауырдың қабынуы, бүйректің әлсізденуі, қан мен зәрдің көбеюі, бауыр мен бүйректің тығындалуы, өте ауыр бүйрек аурулары.  
Көз: жарық және алыс жерді көрмеу, қылилық, түнде көрмеу, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі және т.б. көз аурулары.  
Тыныс алу жүйесі: тыныстың тарылуы, жөтел, тұншығу, жүректің қысылуы,  тыныс ағзаларының сал болуы. 
Қан ағзалары: қан адам өмірінің ең маңызды ағзаларының бірі бола тұра есірткіден өте көп зиян көреді. Басты зиянды нәтижелері мыналар: қан аздық, қанның улануы, қан талшықтарының түрі мен мөлшерінің өзгеруі, қанның ұюы және бұдан туындаған гангрена. 
Улану: есірткінің ең басты болымсыз жақтарының бірі өлімге апаратын улану болып табылады.  
Әлеуметтік және материалдық әсерлері 
Қоғамдық жаратылыс болып табылатын адамның айналасымен түсінісу мүмкіндігі ақыл-есі дұрыс болғанда ғана іске асады. Сондықтан ақыл-еске зақым келтіретін есірткі адамның қоғамға үйлесе алмай, жанұясынан, айналасындағы адамдардан алыстап, жалғыз қалуына себеп болады. Одан кейін ол күйзеліске түсіп, хиппи секілді өмір сүре бастайды. Есірткіге тәуелді адам тірі өлікке айналады.  
Осы себептен есірткінің адамға, отбасына, дүниеге келетін сәбилерге, қызметке, жанұя мен ел экономикасына, жеке адам және қоғамдық тәрбиеге беретін зияндарын сөзбен айтып жеткізу қиын. 
АҚТҚ (СПИД), сифилис, көкжетел, қатерлі ісік, гангрена және осыған ұқсас аурулардың жайылуына есірткі және нашақорлар себеп болады. 
Қалай көмектесе аламыз? 
Есірткі қолдану туралы тек ескерту жасау мен оның зияндарын айту жеткілікті деп ойламаңыздар. Тіпті бұлардың өзі кері әсер беруі мүмкін. Әсерлі шара балалар мен жастарды «Есірткіге қарсымыз!» дейтін дәрежеге жеткізуі керек. Бұл үшін өздеріне деген сенімдерінің арттырылуы, қиындықтарды жеңе білулері және өздерін өмірге дайындау жөнінде оларға көмек көрсету керек. Есірткі қолданатындығын көрсететін белгілерді байқап көріп, кешікпей шаралар қабылдау өте маңызды. Бұл міндеттердің орындалуына мектеп дәрігері, мұғалімдер, мектеп пен жанұяның бірігіп атсалысуының көп пайдасы тиеді. Есірткіге тәуелді адамдар – медициналық ем мен реабилитацияға мұқтаж науқастар. Адамның есірткі қолданатындығы қаншалықты ерте байқалса, бұл аурудан айығу мүмкіндігі соншалықты жоғары. Сондықтан тәуелді адамның ата-анасы және өзі дәрігерге барулары керек. Емдейтін дәрігер құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істейді және тәуелді адамға ешқандай жаза берілмей, емделуі үшін барлық жағдай жасалынады.

Есірткі – табиғи гормондарды  еліктіретін химикаттар. Есірткілердің  әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі – есірткі әсеріне қарсы  әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған  кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін  ағза біраз уақытқа дейін есірткі  әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді.  
 
Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.  
 
Героин өз атауын «батырлық» («героический» сөзінен алынған) қасиеті үшін алды. Ғалымдар героин физикалық тәуелділікті туғызбайды деген қате пікірде болған. Уақыт өте келе есірткінің басқа түрлерін тұтынушыларға қарағанда, героинды қолданушыларда физикалық тәуелділік тез пайда болатындығы анықталды. Яғни, героин-есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі. Оған деген тұрақты тәуелділік күнделікті қолданғанда 10 күн ішінде пайда болатындығы белгілі. Героиннің үлкен мөлшерін күре тамыр ішіне еккеннен кейін, нашақор 15-30 секунд бойы тәтті ләззат сезімінде болады, содан соң эйфориялық жағдайға түседі (яғни, себепсіз қайырымдылық, шектен асқан көңілді күй сезімдері), оған қоршағандар ең қайырымды адамдар ретінде көрінеді, нашақор барлық мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын болады. Нашақор адамда өз күшіне деген абсолютті сенімділік пайда болады. Есірткіш пайдаланғаннан кейін 6-8 сағат өткен соң өткір абстиненцияға ұшырайды. Нашақор бұлшық еттеріңде және буындарында қатты ауырсынуды сезінеді, жүрегі айниды, ұйқысыздық пайда болады. Бұл жағдай есірткінің кезекті мөлшерін қабылдаған уақытқа дейін жалғасады. Абстиненцияның шегі 2-3 күнге келеді.  
 
     Ағзаға есірткінің әсер етуінің басқа да реакциясы бар. Ол жиі қолданудың әсерінен пайда болады. Есірткі ағзаның табиғи гормондарын алмастырып, арнайы эффектілерді реттейтіндіктен жағдай жасайды, ағза өзінің алмастырушысына «сеніп», сәйкес гормондарды бөлуді толығымен тоқтатуы мүмкін. Мысалы, апиындарды қолдануда адам толығымен жағымды эмоцияны сезіну қызметінен айырылады, оның ағзасы жөтелмен, аурумен күресе алмайды. Есірткінің қарастырылған әрекеттерінің әсерінен ағзада тәуелділік пайда болады. Тәуелділік психикалық және физикалық болып бөлінеді.  
 
    Егер есірткі ағзаға түспесе (қанағаттану орталығының тежелуі, жоғары сезімталдық, есірткіні қолдануды тиған кездегі науқастық), науқас ауыр жағдайда болады, ауыр физикалық және психикалық бұзылулар пайда болады, ұстама аурудың, естің бұзылу психозы, галлюцинация, саңдырақтаудың пайда болуы мүмкін. Ағза жүйесінің барлық функциялары бұзылып, қан қысымы төмендеп, тамыр соғуы жиіленеді. Бұлшық ет қысым әсерінде болады, қатты бұлшық ет аурулары, қалшылдау, селкілдеу және сіңір тартылуы болуы мүмкін, науқастар ыңғайлы жағдайды таба алмай, тынымсыз қозғалыста болады, бұл тез әлсіреуге және қозғалмай қалуына әкеледі, науқастар қантамырларындағы жиі қышудың болуына наразылық білдіреді. Есірткіге тек психологиялық, теориялық қана тәуелді болған адам өз-өзіне зақым келтірмесе, мұндай жағдайға төзуі мүмкін. Кокаин және апиынның әсерінен пайда болған физикалық тәуелділік келесідей сезіледі. Заталмасу бұзылып, ағза өзгереді және есірткісіз қызмет ете алмайды. Мұндай жағдайларда науқастарға аз мөлшерде есірткі белгіленеді. Мысалы, героинге тәуелділікке кейбір жағдайларда өмір бойғы жаңа әдістік емдеу белгіленеді (инсулинді алатын диабетпен ауратындарды салыстыруға болады).  
 
    Наркологтарда «наркогендік» деген түсінік бар. Наркогеңдік бұл -құмарлықты тудырудағы есірткі күші. Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда -есірткі әсерінен ағзаның физикалық және психикалық тәуелділігі. Психикалық тәуелділік бірінші-екінші егуден кейін болатын, алфизикалық тәуелділіктің барлық белгілері үшінші-бесінші егуден кейін байқалатын есірткілер бар. Психикалық тәуелділікте өте бұзушылық қасиетке ие. Есірткі қолдануда физикалық тәуелділік нашақормен аурудың ауыр белгісі ретінде сезіледі. Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқу, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы депрессия, не отыра алмауда, не жата алмауда, өзіндік денесін ұстай алмаудағы жоғары абыржылық. Нашақордың бозарған, жүдеу түрі көзге түседі. Ішек-қарын жолындағы жайсыздық, қанды іш өтуі де болуы ықтимал. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне -жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Тәбеттің болмауы. Ауыр ұйқысыздықтың болуы. Бірақ нашақорлардың айтуы бойынша ең ауыры бұл «сыздау» – барлық бұлшық еттердегі, барлық денедегі қатты және азапты ауру.  
 
   Есірткі заттарының әсерінен тұлға өзгеріске ұшырайды. Мінездің акцентуациялануынан, психопатиядан, мидың органикалық зақымдануынан тұлғаның қоғамға бейімделуі қиындай түседі. Ал бұл есірткі заттардың қолдануына септеседі (проблемалардың жоқтығы, қоршағандарға деген себепсіз қайырымдылық сезімдері). Нашақор өмір қиындығынан шығуды нашақорлық елітпеден іздейді. Есірткіге тәуелділерде медикаменттерге деген ізденімпаздық, психикалық жағдайларының өзгерістігі, басқа нашақорлармен топтасу пайда болады. Тәуелді тұлғаны сипаттайтын қасиеттердің бірі кез келген іске деген қызығушылықтың жоғалуы, әуес ісінен бас тартуы. Нашақор үшін қоғамдық құндылықтар жоқ, оның жалғыз құндылығы -есеңгіреу (мастану).  
 

                        Алкагольдің адам ағзасына әсері

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты  өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті  нәрсені ала алмайсың. Адам баласының  жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді  дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың  қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады  емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы  құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі  билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін  көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.

Алкогольдің өсер ұрпақ үшін  зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.

Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі  бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан  жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын  уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы  зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен  екісі және  балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының нормативі бойынша  жан басына шаққанда алкогольдік  ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын елдің генофонды деградацияға ұшырайды. Ал Қазақстанда жан басына шаққанда алкогольдік ішімдікті пайдалану  көрсеткіші 12 литрді құрап отыр. Бұл  көрсеткіш орыс ұлтының тағдырына  алаңдап отырған Ресей еліндегіден 1,5 литрге артық екен. Дүниежүзілік сауда ұйымының тізімінде Ресей 22 -орында тұрса, Қазақстан бұл тізімнің алғашқы ондығына еніп, 8-орыннан  көрініп отыр. Ал бірінші орын африкалық Уганда мемлекетінің еншісінде екен.

1915 жылы Пироговтық съезде  орыстың атақты дәрігерлері «Арақтың  адам денесінде зиянды әсер  етпейтін мүшесі жоқ, ол барлық  ағзадағы нүктелерге дейін улы  әсерін тигізеді» деген пікірге  тоқтаған. Арақ ішуге әуестік  ерте ме, кеш пе, әйтеуір «алқаштық»  ауруға душар етпей қоймайды. Ішкіштік кеселге тап болған  маскүнем ата-аналардан туған  балалардың денсаулықтарында зор  кінәраттардың болатынын  көптеген дәрігерлер өз зерттеулерінде дәлелдеп келеді.  Мысалы, француз дәрігері  Доньсе 10 маскүнемдікке салынған отбасының 57 сәбиіне зерттеу жүргізгенде, олардың 25-і қызыл шақа кездерінде шетінеп кеткен, 5 бала тырысқақ ауруымен ауырады екен. Тағы бесеуінде ауыр ми ісіктері кездессе, 12 баланың он екі мүшесінде кемістік байқалғаны дәлелденген. 

Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі шектен тыс көп мөлшерде пайдаланудың және оған құмартудың әсерінен болатын организмдегі тәндік және психикалық ауытқулар мен ағзаның бірқатар қызметтік бұзылыстарына соқтыратын, ал ішімдікті қолдануды күрт тотқатқан  жағдайда-абстиненттік синдроммен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.

Маскүнемдіктің  алғашқы белгілерінің бірі алкогольге құмарту, оны пайдалануда өзін-өзі  тоқтата алмау, алкогольдік ішімдіктерді көтере алмай, жылдам мас болу. Бұл  қарапайым көңіл көтеру мақсаты  емес, бұл мастыққа жетуге құмарту.  
Маскүнемдіктің даму кезеңдері  
1. Тұрмыстық маскүнемдік: 
- алкоголь ішімдіктерін аз мөлшерден тұрақты қабылдау (мысалы, жұмыс күні 1 шөлмек сыра және демалыс күндері 2 шөлмектен артық); 
- алкогольді ішімдіктерін көп мөлшерде қолдану (мысалы, мейрамдар сайын); 
- алкоголь ішімдіктерін көп мөлшерде үнемі қабылдау. 
2. Маскүнемдік: 
- алкоголь ішімдіктеріне дәнігу; 
- ішімдік мөлшеріне бақылауды жоғалту; 
- құсу қорғаныс рефлексінен айрылу; 
- «бас жазу» синдромы немесе абстиненттік синдром (үнемі ішкісі келу, өйткені адам алкогольсіз қалыпты жұмыс атқара алмайды); 
- алкогольге төзімділік (тұрақтылық); 
- ұмытшақтық, жадында сақтай алмау; 
- алкоголь ішімдіктерін үнемі пайдалану. 
Маскүнемдік төрт синдроммен сипатталады, олардың кезекті дамуы аурудың сатысын анықтайды.  
1. Әрекеттіліктің өзгерген синдромы: 
- алкоголь ішімдіктеріне төзімділіктің өзгеруі, алкогольді көп мөлшерде қолданғанда қорғаныс реакцияларының жоғалуы, алкоголь ішімдіктерін үнемі пайдалануға бейімділік және іс-әрекетінің қайшылығы, мас кезінде есін білмеуі. 
2. Психикалық тәуелділіктің синдромы: 
- мастыққа құмарлық – атап айтқанда беймазалық, сау кездегі психикалық жайсыздық және мас кезіндегі уақытша психикалық қызметтердің «жақсаруы». 
3. Тән тәуелділігінің синдромы: 
- мас болуға құштарлық, ішілген ішімдіктің мөлшерін қадағалай алмауы, абстиненцияның байқалуы, мас кезде дене қозғалысының ретсіздігі. 
4. Ақырғы синдром: 
- психикалық және әлеуметтік қайшылықтар, созылмалы үлану. Психикалық зардаптар: енжарлық, адамгершілік құндылықтардың жоғалуы, құбылмалы көңіл-күй, жабырқаушылық, ашушандылық, өзіне-өзі қол жұмсауға беталыс. Психикалық ауытқулар (елестер, сандырақ ойлар) пайда болуы мүмкін. 
Ө.ОНЕКИН, 
дәрігер.

Информация о работе Есірткі мен алкагольдің адам ағзасы дамуына әсері