«АСТАНА
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Кафедра: Патологиялық анатомия
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Кардиосклероз. Түрлер,
себептер мен марфологиялық сипаттамасы.
Орындаған: 399-ЖМ студенттері Тексерген:Смаилова
Г.Қ.
Астана 2012 ж
Жоспар
1 . Кіріспе
Кардиосклерозға жалпы түсінік
2 . Негізгі бөлім
Этиологиясы (шығу тегі)
Жіктелуі
Салдары
3 . Қорытынды
4 . Қолданылған әдебиеттер
1 . Кіріспе
Кардиосклерозға
жалпы түсінік
- Кардиосклероз деп- жүрек бұлшық етінің өлімінен соң немесе сонымен бірге жүретін, жүрек бұлшық етінде дәнекер тінінің ошақты немесе жайылмалы өсуі.
Этиологиясы
(шығу тегі)
- Кардиосклероз ЖИА-ның бір көрінісі болуы мүмкін.
- Коронарлы атеросклероздың нәтижесінде жүрек қанайналымы бұзылып,жүрек бұлшықеттерінде оттегілік ашығу,содан олардың өліеттенуі жүреді.Осы кезде жүрек бұлшықет талшықтарын дәнекер тіні ауыстырады.
Этиологиясы
(шығу тегі)
- Миокард инфарктісінен соң постинфарктілік ошақты кардиосклероз дамиды.
- Кардиосклероздың тағы бір жиі себебі миокардиттер болып табылады.Сирек жағдайда кардиомиопатиядан соң дамиды.
- Өте сирек жағдайда біріншілік процесс ретінде көрінеді.
Жіктелуі
(түрлері).
Постинфарктілік
Орын
басушы
Миокардиопатиядан
кейінгі миокардиттік
Біріншілік
Ошақты
(тыртықты) кардиосклероз
Миокардиосклероз
Диффузды
кардиосклероз
Постинфарктілік кардиосклероз
Постинфарктілік
кардиосклероз - ірі және майда
ошақты инфаркттен соң ,өлі
бұлшықет аймақтарына дәнекер
тіні орын басуының нәтижесінде
дамиды.Тыртықтың көлемі миокард
инфарктісінің үлкендігіне байланысты.
Орынбасушы кардиосклероз
- Орынбасушы кардиосклероз –жүректің тәждік артериясын стеноздайтын атеросклероз кезінде, миокардта ошақты некроздық өзгеріссіз болады. Ол кезде біртіндеп және жай дамып келе жатқан дистрофия,атрофия және миокардта оттегі жеткіліксіздігі мен зат алмасу бұзылыстарынан болатын бұлшықет талшықтарының жуандауымен сипатталатын өлімі дамиды. Кардиосклероздың бұл түрі гипертониялық аурулардан соң дамиды. Бұндай кезде миокардта бірнеше бұлшықет талшықтарының немесе олардың топтарының орнын басатын микроскопиялық тыртықтар пайда болады.
Миокардиттік кардиосклероз
- Миокардиттік кардиосклероз - миокардиттен соң дамиды.Ол ошақты және жайылмалы болуы мүмкін. Кардиомиопатиялардан кейінгі кардиосклероз көбіне жайылмалы фиброзбен сипатталады: дистрофиялық өзгерістерге ұшыраған және атрофияланушы, өліеттенген бұлшықет талшықтарын дәнекер тіні алмастырады.
Біріншілік кардиосклероз
Біріншілік
кардиосклероз кейбір коллагенді
аурулардың нәтижесінде, туа пайда
болған фиброэластозда, жатырішілік
эндокардитте пайда болады.Кардиосклерозды
2-ге бөледі:
Диффузды кардиосклероз
- Диффузды кардиосклероз – миокардты бірыңғай дәнекер тіні элементтерінің жабуымен сипатталады және жүрек бұлшықетінің бірыңғай зақымдануы кезінде дамиды.
Ошақты (тыртықты) кардиосклероз
- Ошақты (тыртықты) кардиосклероз – көлемі жағынан әртүрлі, бөлек тыртықты учаскілердің дамуымен көрінеді. Ошақты кардиосклероз миокард инфарктісінен кейін немесе сирек жағдайда қабынудан соң дамиды.
Миокардиосклероз
- Миокардиосклероз - аритмия және жүрекшеішілік өткізгіштіктің бұзылысы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде көрінеді. Атеросклеротикалық кардиосклероз қақпақшалық,соның ішінде тек митральды және аортальды қақпақшаның бұзылыстарын шақырады.
- Фотода кардиосклероз.
- Науқаста постинфарктік кардиосклероз, екіншілік өлім себебі болатын аритмиядан тоқ ішектің рагі дамыған.
- Жоғарылаған интоксикация жүрек жеткіліксіздігін ушықтырып,өлім себебі болады.
Диагноз
Ірі ошақты кардиосклероз,
аритмия, тоқ ішектің жоғарылаған
бөлігіндегі рак
- Асқынуы: жүректі май басу,кардиальды бауыр циррозы, асцит, анасарка
- Қатар жүреді: Атеросклеротикалық бүріскен бүйрек, бүйректің ретинционды кистасы, созылмалы панкреатит.
Салдары
мен асқынулар
- Кардиосклероз созылмалы ишимиялық ауру ретінде атеросклеротикалық диффузды майда ошақты немесе постинфарктті ірі ошақты болады.Осылардың негізінде созылмалы жүрек анивризмасы (постинфарктті өзгерістер) дамуы мүмкін. Созылмалы жүрек аневризмасы- инфарктің орнына пайда болған тыртықты дәнекер тіні жүрек қабырғасын басқанда, трансмуральді инфарктан соң дамиды. Ол жұқарып,қанның қысымымен ісінеді, осыдан қатпарланған тромбтық массаға толы аневризмалық қапшық пайда болады.
Салдары
мен асқынулар
- Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (жүректе әрдайым қалдық қан қалып отырады),тромбоэмболиялық асқынулар және перикард қуысының тампонадасымен жүретін аневризма қабырғасының жарылуы созылмалы жүрек аневризмасына байланысты болады. Осы асқынулар созылмалы ишимиялық жүрек ауруында жиі өлім себебі болады. Жүректің көлденеңінен кеңеюі (шар тәрізді), май тінінің басуы, бұлшықеттің ашық сұр түсі созылмалы жүрек декомпенсациясын көрсетеді.Ірі ошақты кардиосклерозбен байланысты аритмия дамуы мүмкін. Мұндай аурумен ауыратын науқастарда әрдайым инфарктің қайталану қаупі бар.
Қолданылған
әдебиеттре
- Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия: қайта өңделген екінші басылымы.-Алматы,Білім:2008.
- Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: өңделіп,толықтырылған 3-ші басылым.Алматы,2007.
- Рақышев А.Р. Адам анатомиясы,Алматы,2004
- Струков А.И,Серов В.В. Учебник.Патанатомия.4-ое изд,стереотипное.-Москва.Медицина,1995
- Большая медицинская энциклопедия,Электронды анықтама.
- А.Сапарғалиева, Жүрек аурулары бойынша лекция