Көз және оның құрылысы, гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:55, реферат

Описание

Көз – оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады.

Содержание

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Көз алмасының жеке бөлімдері мен оның қызметі
Тор қабықтың құрылысы
Көз ұясының құрылысы
Қабақтардың, конъюктива мен жас ағзаларының ерекшелігі мен қызметі
Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі
Көз гигиенасы
Қорытынды бөлім

Работа состоит из  1 файл

реферат көз құрылысы.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

 Қабақтар – жылжымалы жапқыштар тәрізді көз алмасының алдыңғы бетін жауып тұрады да оны сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды. Кірпікті қағу кезінде олар көз алмасының алдымен жылжи қозғалып, көздің жасын біркелкі таратады және қасаң қабық пен дәнекер қабықтардың қажетті ылғалдануына, көз алмасының қасаң қабығы мен дәнекер қабық беттеріне түскен ұсақ бөгде заттарды жуып, олардың шығып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қасаң қабық эпителиінің сәл ғана кебе бастауы оның көптеген нерв талшықтарын тітіркендіреді, ал бұған жауап ретінде көзде кірпік қағу болады. Қабақтардың шеттерінің сыртқы және ішкі ұштары бір - бірімен бірігіп, миндальдың дәні тәрізді көздің саңылауын құрайды. Көз саңылауының сыртқы бұрышы сүйір, ішкі бұрышы таға тәрізді бүгіліспен доғалданған. Осы иіліс жас көлшігі деп аталатын кеңістікті шектейді.

    Қабақ терісі  өте жұқа және оңай әжімделеді. Теріде нәзік түктер, тер мен май бездері бар. Шел клеткасы өте болбыр және онда май тіпті жоқ. Көз саңылауы ашылғанда жоғарғы қабақ терісі қастың үстіңгі доғасынан төмендеуде теріге бірігетін қабақты көтеретін бұлшықет талшықтарымен ішке тартылады, соның нәтижесіне терең жоғарғы шара – қабақтық қатпар пайда болады. Сәл ғана білінетін көлденең қатпарын көз шарасының төменгі қырына сәйкес төменгі қабақта да бар. Тері астында көздің айналма бұлшықеті орналасқан. Оны шаралық және қабақтық деп екі бөлікке ажыратады. Көздің айналма бұлшықетінің қабақтық бөлік талшықтарының ішкі байламының артқы иінінен басталып жас қалтасының үстімен өтіп сүйекке бірігетін жерін Горнер жас бұлшықеті деп атайды. Кірпіктердің түптерімен шеміршек бездерінің шығарғыш өзекшелерінің аралықтарымен қабақ қырын бойлай жүретін қабақтық   бұлшықет талшықтарын кірпіктік  немесе Риолан бұлшықеті деп атайды. Қабақтардың алдыңғы қырында 2-3 қатар болып кірпіктер өседі. Жоғарғы қабақтардағы кірпіктер әдетте төменгі қабақтардағы кірпіктерден ұзындау және саны жағынан көп. Әрбір кірпіктің түбінің маңында май мен өзгерген тер бездері орналасқан және де олардың шығарғыш өзекшелері кірпіктердің қалташаларына ашылады. Ішкі бұрышқа жақын қабақтардың ішкі шеті бүгіліп кішкене төмпешіктер жас бүртіктерін жасайды. Олардың төбелерінде кішкене жас  өзекшелерінің басталатын жері – жас тесікшелері ашылып тұрады. Жоғарғы қабақ шеміршегінің жоғарғы көз шаралық шетіне қабақты көтеретін бұлшықет бірігеді.

    Конъюктива – қабақтардың артқы беттері мен көз алмасының алдыңғы жақ бетін қасаң қабыққа дейін жауып тұрған жұқа эпителилі қабық.  Қасаң қабықтың мөлдір эпителиі мен алдыңғы шекаралық пластинкасы генетикалы дәнекер қабыққа жатады. Көз жұмылғанда конъюктива қабақ пен  көз алмасы аралығында жіңішке саңылау – кеңістік – конъюктивалық қуыс қалта жасайды. Конъюктива қабығы маңызды физиологиялық қызмет атқарады. Жоғары дәрежелі сезгіш нервпен нервтелгендіктен қорғау ролін қамтамасыз етеді: өте ұсақ зат түскенде ол бөгде затты сезеді де жас шығаруды үдете түседі, қабақ қағу да жиілейді де нәтижесінде бөгде зат конъюктива қуысынан шығарылып тасталады. Конъюктива бездері шығарған заттары көз алмасының алдыңғы бетін ұдайы ылғалдап, майлап, оның қозғалысындағы үйкелісті азайтып отырады. Бұдан басқа осы заттар қасаң қабықты қоректендіру және барьерлік қызметін де атқарады. Конъюктива балалық шақта біршама құрғақтау, жұқа, нәзік, онда жас пен шырыш бездері аз және жетілмеген. Конъюктиваны сыртқы және ішкі қабақтық артериялар мен алдыңғы кірпіктік артериялар қоректендіреді. Алдыңғы және артқы артериялар өзара кең көлемде байланысып анастамоздар жасайды. Конъюктивадан қан беттік және алдыңғы кірпіктік веналар арқылы қайтып ағады. Конъюктивада жайылған лимфа тамырлар жүйесі бар. Конъюктива үшкіл нервтің 1-ші және 2-ші тармақтарымен нервтеледі.

       Жас безі – көз шарасының сыртқы жоғарғы шетінде өзі аттас ойықта орналасқан. Көздің шаралық фасциясы жас безін үлкен шаралық және кіші қабақтық бөліктерге бөледі. Шаралық бөлігі маңдай сүйегінің салбыраңқы көз үстілік қырымен жасырынып, жас шұңқырына батып тұрады да сыйпауға келмейді. Жас безін көз артериясының бұтағы мен жас артериясы қанмен қамтамасыз етеді. Жас безінің нервтенуі күрделі: үшкіл нервтің бірінші тармағынан шығатын жас нервісі қамтамасыз етеді, парасимпатикалық және симпатикалық нерв талшықтарымен де нервтеледі. Жас мүшелері маңызды қорғау және трофикалық қызметін атқарады. Көздің жас сұйықтығы қасаң қабықты үздіксіз ылғалдап оның оптикалық қабілетін арттыруға, көзге түскен тозаңдарды жуып шығарып тұруға қажетті. Төменгі қабақтың ішкі қыры мен көз алмасының арасындағы кеңістік жас жылғашасы арқылы жас сұйықтығы жас көлшігіне қарай ағады.

    Жас тесіктері – әрбір қабақта бір-бірден, қабақтардың ішкі бұрышқа жақын жеріндегі қыр аралық кеңістіктің артқы қырына жақын орналасқан жас бүртігінің төбесінде орналасқан. Олар көз алмасына қарай бұрылып, жас көлшігі маңында көз алмасымен тығыз жанасқан. Өзекшелердің көлденең бөліктері қабақтардың ішкі жабысқан байламының артымен жүріп отырып жас қалташасының сырт бетіне келіп оған қосылады. Жас шұңқыры жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық бұтағы мен жас сүйегінің қосылған жерінде орналасып, алдынан жоғарғы жақ сүйегіндегі алдыңғы жас қырымен, артынан жас сүйегіндегі артқы жас қырымен шектелген.  Төменге қарай шұңқыр жас мұрын өзегіне өтеді.

    Жас қалташасы -  төмен қарай жас мұрын өзегіне өтеді де, мұрынның төменгі қуысына ашылады. Қалташа мен өзек іші жағынан шырыш шығаратын бокал клеткалары бар цилиндр эпителилі шырышты қабықпен төселген. Шырышты қабаттың асты аденоидты тінге бай. Жас қалташасының алдыңғы қабырғасының төменгі бөлігінде созылғыш тіндер өте аз және бұл қабырға қарсылығының ең аз жері болады. Жас қалташасының флегмонасы кезінде дәл осы жерден кескен орынды болады. Жас өзекшесі, қалташасы және жас мұрын өзегі бойында бүгіліс, тарылу, қақпақты қатпарлар бар. Олар өзекшелер ауызында, жас қалташасының мұрын жас өзегіне өтетін жері мен осы өзектердің шығатын жерлерінде үнемі болады.                       

Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі - ішкі ұйқы артериясының (a. carotis interna) бір тармағы – көз артериясы (a. ophthalmica) көз алмасы мен оның қосымша мүшелерін қоректендірудің негізгі коллекторы болады. Көздің артериясы көру нервісінің каналы арқылы көз шарасына еніп, көру нервісі мен сыртқы тік бұлшықет аралығында жатады. Содан соң ішке бұрылып көру нервісінің үстімен, кейде астымен доға жасап өтеді. Көз шарасының ішкі қабырғасына жақын өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Ол тармақтар көздің шаралық пердесін тесіп өтіп сыртқа шығады. Артқы ұзын және қысқа кірпіктік артериялар көз артериясының бағанынан бөлініп шығып, көз алмасының артқы бөлігінде көру нервісінің маңында ақ қабықтағы тесіктер арқылы көз алмасының ішіне енеді. Алдыңғы кірпіктік артериялар мен артқы ұзын кірпіктік артериялар өзара жалғаспай тұрғанда олардан кері жүретін тармақтар бөлінеді де артқа бағытталып, артқы қысқа кірпіктік артериялармен байланысады. Сонымен, меншікті тамырлы қабық артқы қысқа кірпіктік артериялармен, ал нұрлы қабық пен кірпікті дене алдыңғы кірпіктік және артқы ұзын кірпіктік артериялармен қоректенеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы және артқы бөліктерінің бөлек -бөлек қан айналысы олардың жеке – жеке зақымға ұшырауын түсіндіреді. 

    Алдыңғы кірпіктік  артериялар лимбке, эписклераға  және лимб маңындағы дәнекер  қабыққа да қантамырлар береді. Веналық қан айналысы екі көздік веналармен іске асырылады. Нұрлы қабық пен кірпікті денеден веналық қан негізінен алдыңғы кірпіктік  веналарға ағып қайта құйылады. Меншікті тамырлы қабықтан веналық қанның ағып шығуы иірімді веналар арқылы жүзеге асады. Жоғарғы көз венасы бұрыштық вена арқылы беттің терілік веналарымен жалғасады, ол көз шарасынан жоғарғы шаралық саңылау арқылы шығып, қанды бас қуысына әкетеді де, веналық қуысталған қойнауына құйылады. Төменгі көз венасы төменгі екі иірімді веналар мен кейбір алдыңғы кірпіктік  веналардың қосылуынан пайда болады.

   Көз шарасы мен көздің нервтенулері - көздің және көз шарасы тіндерінің сезгіштік нервтенуін үшкіл нервтің бірінші тармағы – көздік нерв жүзеге асырады. Көздік нерв көз шарасына жоғарғы шаралық саңылау арқылы енеді де, өзінің көз жастық , мұрын-кірпіктік  және маңдайлық  үш тармағына бөлінеді. Көздің жастық нерві жас безін, көз алмасы мен қабақтық дәнекер қабығының сыртқы самайлық  бөліктерін, қабақтың сыртқы бұрыштан жоғарғы жерінің терісін нервтендіреді. Ұзын кірпіктік нерв тармақшалары көз алмасының артқы бөлігіне келіп, ақ қабықты тесіп өтеді. Олар меншікті тамырлы қабық үстіндегі кеңістікте кірпікті дене жанында қалың өрім жасайды, осы өрім тармақшалары қасаң

 

қабыққа еніп, оның орталық  бөлігінің сезгіштігін қамтамасыз етеді. Маңдайлық

нерв көз шарасы үстілік  және шығыршық үстілік болып екі  тармақшаларға бөлінеді. Кірпіктік  немесе цилиарлы түйін шеткі нервтік  түйін болады. Кірпіктік түйіннен 4-6 қысқа кірпіктік нервтер шығып, көз алмасының ақ қабығының артқы бөлігінен көздің ішіне енеді де, көз тіндерін сезгіш, пара  және симпатикалық талшықтармен қамтамасыз етеді. Қозғағыш нервтерге көз-қимыл, шығыршықтық,

сыртқы әкеткіш, бет  нервтері жатады.   Қабақтың айналма бұлшықетін бет нервісінің талшықтары нервтендіріп, жоғарғы қиғаш бұлшықетті шығыршықтық нерв нервтендіреді. 

Көздің бірқалыпты көруін сақтау. 
Оған қол жеткізу үшін тиісті гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет, онсыз көз талады, бұлдырап, шаншылып ауырады, содан бас сырқырайды. Көздің шаршауына басты себептердің бірі жұмыс орнында жарықтың жеткіліксіздігі, яғни біркелкі жарықтың болмауы, немесе жарықтың мөлшерден күштілігі. Электр шамының қызған қылы тым шақырайып көзге зиянын тигізбесін десеңіз қалпақты, күңгірт не ақ түсті шамдарды пайдаланыңыз. Жұмыс істеп отырғанында шам адамның сол жағында тұруға тиіс. Қағаз жазғанда, кітап оқығанда тым еңбектеп жатып, шұқшиюға, қағазды көзге тым жақын ұстауға болмайды. Кітапқа тым еңкейіп қарау омыртқаны қисайтып, алыстан көрмеушілікке ұшыратады. Көзден қағазға дейінгі аралықтың 35-40 сантиметр болуы шарт. Телехабарларды көргенде экраннан 2,5 метр алысырақ отырған дұрыс. Транспорттакітап,журнал,газет оқуға болмайды. Өйткені оныұстап отыру ыңғайсыз, әрі оқуға жарық жеткіліксіз. 
Көздің аурулары мен жарақаты.

Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қраңыз [1]). Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.  
Көздің кейбір аурулары инфекциялық сипатта. Олар: коньюктивит, трахома және тағы басқа. Негізінен, инфекция жұғатын заттар: жамылғы-төсеніш, сүзгі, бет орамал. Әрине, олар таза болса, зиянды емес. Сондай-ақ, көп жағдайда инфекция кір қолдан да түседі. Көзді аман сақтауда тазалық гигиенасының маңызы өте айрықша. Адам қартайғанда да көзі қарауытады, ол катарактаға ұшырайды. Егерде адам көзіндегі сұйықтың қалыпты айналу жағдайы бұзылса, көз ішінің қысымы жоғарылайды, глоукома ауруы пайда болады. Адамның ішкі органдары сырқатқа шалдықса да ол көзге әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырының жүйесі ауырса да, адам уланса да, ағзадағы зат алмасу бұзылса да, ішкі секреция бездері зақымданса да, көз маңайында ауру процесстері басталса да көзді ауыртады. Бір көздің жарақаттануы екінші көзге де әсер етеді. Сондықтан да дереу дәрігерге қаралу қажет. Көзге абайсызда сілті, қышқыл тиіп күйдірсе оны дереу кранның суына тосу – алғашқы жүзеге асырылатын шара болып саналады.  
Көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен көз аурулары көп. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына механикалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық – химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б.Көзге ақ түсу, лейкома (Leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін. 
Көз қызарса. 
Кәдімгі пиязды (репчатый) суда қайнатып, аздаған бал немесе бор қышқылын қосады да, көзді күніне сонымен 4-5 рет шаяды. Екінші тәсіл: шыны ыдысқа екі шай қасық жолжелкеннің (подорожник) піскен дәнін сеуіп, үстіне екі шай қасық салқын су құяды. Араластырып, тағы да алты ас қасық қайнаған су қосады. Суығанға дейін шайқап тұру керек. Сүзгіден өткізіп, көздің қабынған тұсына дәкеге малып басады. 
Көзілдірік кию. 
Көздің көруі нашарлағанда дәрігер кеңес берсе, дереу көзілдірік киген дұрыс. Көзілдірікті дер кезінде кию, оны дұрыс таңдап алу көздің бірқалыпты көруіне

жәрдемдеседі. Үнемі көзілдірік киіп жүретін адамдар оны пайдаланбаса басы ауырады, көзі суырып, мазасы кетеді. Көз шаршаса адамның жұмыс  қабілеті де төмендейді. Көзілдірікке қойылатын талаптар: оның құлақ қыстырмасы самай мен құлақты қыспасын; тіреу табақшасы мұрынның екі жағына дәл келсін; көзілдірікті тек қана жұмсақ шүберекпен сүрту керектігі ешқашан естен шықпасын; көзілдірікті кигенде екі көз де әйнектің дәл ортасынан қарайтындай болсын; ал

әйнек көзден бірдей қашықтықта орналассын. Көзді күн көзінен  сақтау үшін әйнегі күңгіртін киеді. Аса күшті жарықта жұмыс істейтіндер  арнайы қорғаныш көзілдірік тағады.

Көз гигиенасы.

1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;

2. Жұмыс орнындағы  жарықты реттеп отыру; ол тым  шаңқиған жарық немесе тым  көмескі, әлсіз болмауы керек.

3. Үстелге коятын шамның  жарығын сол жақтан түсіру.

4. Кітапты окығанда, іс  тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта  ұстау.

5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.

6. Витаминді (әсіресе  «А») тамақ ішу.

7. Ой еңбегі мен  дене еңбегін алмастырып отыру.

8. Темекі тартпау, ішімдік  ішпеу.

9. Кітапты көлікте,  жатып оқымау.

10. Серуендегенде, орман-тоғай  аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.

11. Көзге бөгде заттардың  тиюі өте зиян, мұндайда көзге  ақ түседі. Көз зақымданғанда  көрсетілетін алғашқы жәрдем  егер көзге бөгде зат түссе,  дереу кайнатылған жылы сумен  көзді сыртынан ішіне карай  жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты  сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.

Көз зақымданғанда көрсететін алғашқы жәрдем. Үй тұрмысында, далада, мектепте, қимыл кезінде көзге зақым келуі мүмкін. Күнделікті тұрмыста қолданылатын электр құралдары мен газбен әр түрлі сұйықтық, қатты денелер, әйнектермен жұмыс істегенде барынша мұқият болу керек. Егер жарақат пайда болса, оған микроб түсіп, көздің жұмысын нашарлатады, сондықтан көзге қауіпті жұмыстарды істегенде жай шыны салынған көзілдірік кию қажет. Мұндай көзілдірік қатты заттардың ұшқыны мен химиялық сұйық заттардың көзге шашырауынан сақтайды.

Егер көзге қоқым  түссе, онда оны дымқыл қол орамалмен  немесе мақтамен сүртіп алған дұрыс. Ал көз ауыр жарақаттанса, онда көзді таза таңғышпен байлап, зардап шегушіні ауруханаға тез арада жеткізген жөн. Ал көзге ұнтақ, қышқыл, сілті және улы заттар түссе, оны дереу таза сумен 15— 20 минуттай жуып, дереу дәрігерге

Информация о работе Көз және оның құрылысы, гигиенасы