Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 17:10, лекция
Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады
Онтогонез (грек. on – табыс септігінің жалғауы,
ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез
ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің
соңына дейінгі барлық өзгерістердің
жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында
дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері
өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі
көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау
болатын клетканың ішінде организмнің
одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір
тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код
түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама
бойынша Онтогенез барысында ұрықтың
әрбір клеткасындағы ядро мен цитопла
Реттелу кезеңдері
Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар
Жоғары сатылы өсімдіктердің Онтогенезі төрт сатыдан тұрады: эмбрионалдық, ювенилдік, толықсып көбею және қартайып, тіршілігін тоқтату. Онтогенез барысында өсімдік клеткаларының, ұлпалары мен органдарының құрылымдық және функционалдық жетілуі жүріп, әр түрлі бөліктерінің арасындағы байланыстар күрделілене түсіп, өсімдік организмі біртұтас жүйе ретінде қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырайды. Онтогенез сатыларының ретімен жүруін фитогормондар және өсімдік органдарының арасында толассыз жүріп жататын метаболиттер алмасу механизмі қамтамасыз етеді.
Онтогенез дегеніміз өсімдіктің зиготадан бастап
табиғи жолмен қурап өлгенге дейінгі аралықтағы
дербес дамуы. Онтогенез үш кезеңнен тұрады:
ұрыққа дейінгі (проэмбрио-нальды), ұрықтық
(эмбриональды), ұрықтан кейінгі (постэм-бриональды).
Тұқымды өсімдіктерде онтогенез әдетте
тұқымның өсе бастаған кезінен бастап,
өсімдік толық өліп қурағанға дейінгі
аралықта байқалады.
Онтогенездің ұзақтығы өсімдіктердің
әртүрлі систематикалық топтарыңда бірдей
болмайды: бактерияларда ол оншақты минутқа,
ал баобабалар мен секвойяларда мыңдаған
жылдарға созылады.Онтогенезде вегетативті
органдардың өсуі мен дән байлауьшың ара
қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бүткіл
өмірінде бірақ рет дән байлайтын монокарпты
өсімдіктер мен бірге бірнеше рет дән
байлайтын — поликарпты өсімдіктер де
болады. Монокарпты өсімдіктерге бір жылдық,
өмірінің екінші жылында ғана гүлдейтін
екі жылдық шөптесін өсімдіктер (сәбіз,
қызылша) және тіптен вегетативтік органдары
бірнеше жыл өсіп, үлкен мөлшерге жеткеннен
соң барып гүлдейтін көп жылдық өсімдіктер
жатады (агавалар мен бамбуктер). Монокарпты
өсімдіктер гүлдеп болған соң өледі. Поликарпты
өсімдіктерге жыл сайын гүлдеп дән байлайтын,
көп жылдық өсімдіктер жатады. Өсімдіктердің
бұл тобының вегетативтік органдары жыл
сайын өсіп отырады.
Онтогенездің барысыңда өсімдіктер жүйелі
түрде белгілі бір фазалардан өтеді. Өсімдіктердің
әртүрлі топтарында бұл фазалар әртүрлі
болуы мүмкін, сол топқа ғана тән болуы
мүмкін. Мысалы, бір жылдық қос жарнақтыларда
мынадай фазаларды белгілейді: дәннің
өсуі, өскіннің пайда болуы, нағыз жапырақтың
алғашқы жұбының түзілуі, өркеннің пайда
болуы, бітеу гүлдің (бутон) түзілуі, гүлдеуі,
дән байлауы, ал бір жылдық астық тұқымдастарында
-тұқымның өсуі, өскіннің пайда болуы,
түптенуі, түтіктің түзілуі, бас байлауы,
гүлдеуі, дөннің толысуы және дәннің пісуі.
Жыныссыз көбейгенде онтогенез аналық
организмнің бөлінуінен немесе маманданған
клетканың пайда болуынан немесе клеткалардың
тобының түзілуінен (мысалы, өнім бүршіктері)
басталады. Олардан жаңа организмнің бастамасы
(зачаток) пайда болады.
Себілетін өсімдіктер үшін, онтогенезде
олардың жеклеген органдарының пайда
болуының заңдылықтары мен қалыптасуының
мезгілін білудің маңызы үлкен. Ф.М.Куперман
мен оның ғылыми қызметкерлері өсімдіктердің
жекелеген органдарының пайда болуы мен
қалыптасуының жүйелілігін және қарқындылығын,
басқаша айтқанда оргоногенездің кезеңдерін
фундаменталдық тұрғыдан жан-жақты зерттеп,
оларды бақылаудың тәсілдерін жолға қойған.
Осы тәсілді пайдалана отырып, агроном
астықтың түсімінің қалыптасуы туралы
мәліметтер алады және оргоногенездің
қарқыңдылығын жеделдетуге немесе тежеуге
қажетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады.Ұрықтанғаннан
кейінгі жасушаны зигота деп атайтындығы
баршамызға белгілі. Ағзаның жеке дамуы
немесе-онтогенез ұрықтанудың соңынан
жүретін күрделі әрекет.
Онтагенез екі кезңнен тұрады: эмбриордық
(ұрықтану) даму және постэмбриондық дааму
, яғни ағзаның жұмыртқа қабығын жарып
шыққаннан кейінгім кезеңі.
Бөлшектіудің нәтижесінде бір қабаты
ұрық - бластуланың түзілуі.
Сары уызы мол жұмыртқа жасушаларының
тек цитоплазманың ядро орналасқан үстіңгі
жақбөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары
уызы бөлшектенбейді. Сары уызы аз жұмыртқа
жасушалары толық бөлшектенеді, оны қандауыршаның
жұмыртқа жасушалары мысалында қарастырыйық.
Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен
соңбірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге
айналады- осы әрекетібөлшектену деп атайды.
Ұрықтанғанжауша, яғни зигота көріп отырғандай
әуелібойлай бөлініп төрт жасуша түзіледі.
Бұдан кейінгі бөлінукөлденең бағыттажүріп
сегізжасуша қалыптасады. Одан әрі бойлай
бөліну мен көлденең бөлінукезектесіп,16,
32, 64, 128, т. б. блостомерлергеайналады. Осындаймитозжолымен
бөлінудің нәтижесінде пайда болған бөлшектерді
бластомерлердеп атайды.
Алғашқы блостомерлердің санының өсуі
геометриялық прогрессияға сай келеді.
Бөлшектену жедел жүретін болғандықтан,
бластомерлер өспейді, керісінше олардыңкөлемі
кішірейе түседі. Бөлшектенудің нәтижесіндепайда
болған жасушалардан іші қуыс шар түзіледі.
Бұл бір қабатты ұрық - бластуланың қалыптасқандығын
көрсетеді. Сонымен бөлшектену кезеңі
шар тәрізді бластуланың қалыптасуымен
аяқталады.
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы.
Дамудың келесі сатысындабластула қабатының
қабырғасы ішкеқарай жиырылу арқылы жасушаның
ішкі қабатының қабырғасы ішкі қарайжиырылуарқылыжасушаның
ішкі қабаты пайда болады. Осының нәтижесінде
қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабаты
даму сатысын гаструла деп атайды. Бұл
екі қакбат ұрық жапырақшалары деп те
аталады.
Ішкі қабат - энтодерманемесе ішкі ұрық
жапырақшасы деп аталады. Энтодерманың
ішкі қуысыбірінші реттік ішекқуысы болып
саналады, ал оның сыртқа ашылатын тесігі
бірінщі реттік ақуыздың бастамасы.
Мүшелердің дамуы. Гаструла сатысы аяқталғаннан
кейін де жасушаның бөлінуі журе береді,
бұдан кейінгі сатыны - нейрула деп атайды.
Бұл сатының негізгі ерекшілігі, осы кезденбастап
келешек дәрнәсілдің немесеересек ағзаның
жеке мүшелрі дамуы.
Нейрулла сатысында эктодерма қабатының
бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі.
Осы жасушалардан жүйке тақташасы түзіледі
де, соңынан ол жүйке түтігіне айналады.
Бұлми мен жұлынның дамуына бастама береді.
Мидың дамуына байланысты эктодерма қабатының
басқа бөлімінен әр түрлі мүшелер пайда
болады. Сыртқа жабын тері мүшесі, есту
мүшесі және иіс сезім мүшелері пайда
болады, осыдан кейін ұрықтың дамуына
жеделдей түседі екен. Дәл осы мерзімге
энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен
ішкі мүшелерінің бастамасы алғашқы ішектің
асқорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқыбез,
т. б. дами бастайды. Жасушадағы Эмбриондық
даму басталған кезде мүшелерінің дамуын
қамтамасыз ететін хромасомалардың әр
түрлі кесіндісінің жұмысы күшейе түседі.
Постэмбриондық даму.Постэмбриондық даму
ағзаның жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан
кейін, ал ұрығы құрсаққа дамитын сүтқоректіңлерде
туа салысымен басталады.
Дұрысдамуға жорғалаушыларды, құстар
сүтқоректілердің дамуын мысалға клтіруге
болды, омыртқасыз жануарларда сүліктер
қырықаяқтар және өрмекшілер де осы жолмен
дамиды.