Табан күмбезінің жалпаюы – жалпақтабандылық деп аталады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 11:43, реферат

Описание

Жалпақтбандылық – табанның жиі кездесетін деформация түрі, артқы пронация,pronacia posterior, мен алдыңғы бөліктің әкетілуімен,көлденең және тік бойы күмбездерінің ұлғаюымен сипатталған күмбездің жалпаюы.
Адамда жалпақ табандылықтың дамуы дене салмағының ұлғаюы салдарынан спортсмендерде жүктемені шектен тыс т
түсіру нәтижесінде пайда болады. Жалпақтабандылық себебі еңбекпен тұрмыс шарттарына сәйкес келмейтін аяқ киім киюден де болады. Жүрген кезде адам денесі көптеген соққыға ұщырайды, ол табан серпінділігіне сәйкес келеді.

Работа состоит из  1 файл

Табан күмбезінің жалпаюы.doc

— 59.50 Кб (Скачать документ)

    Табан күмбезінің жалпаюы – жалпақтабандылық деп аталады.                          

   Жалпақтбандылық – табанның жиі кездесетін деформация түрі, артқы пронация,pronacia posterior, мен алдыңғы бөліктің әкетілуімен,көлденең және тік бойы күмбездерінің ұлғаюымен сипатталған күмбездің жалпаюы.

   Адамда жалпақ табандылықтың  дамуы дене салмағының ұлғаюы  салдарынан спортсмендерде жүктемені шектен тыс т

түсіру нәтижесінде пайда болады. Жалпақтабандылық себебі еңбекпен тұрмыс шарттарына сәйкес келмейтін аяқ киім киюден де болады. Жүрген кезде адам денесі көптеген соққыға ұщырайды, ол табан серпінділігіне сәйкес келеді.                                                              Жалпақтабандылық басқа табан деформацияларына қарағанда жиі кездеседі – 89,53 ℅, соның ішінде көлденең жалпатабандылық-55,23℅, ал тік жалпақтабандылық 29,3℅, балға тәрізді саусақтар 9,9℅ құрайды.

   Этиология бойынша жалпақтабандылықтың  бес түрін ажыратады: туа біткен,рахиттік, салданған, жарақаттық, статистикалық.  Жалпақтабандылық дамуына көп жүру және ұзақ уақыт тұрып тұру салдарынан болатын құбылыс.

   Аяқ басының серпінділік  қызметін көлденең және тік  күмбездер атқарады, ол сүйек,  буын және табан бұлшықеттерінің  күрделі жүйесінің арқасында  іске асады. Бұлшықет – байлам  аппаратының күш түсуі кезінде күмбездердің бірінің немесе екеуінің де жалпақтануы дамиды.

                               Жалпақтабандылық түрлері

       

   С.Ф.Годуновтың айтуы бойынша  ерте мектеп жасынан балаларда  жалпақтабандылықты даму фазасы  ретінде қарастыруымыз керек. Өсу деңгейіне байланысты жалпақтабан көп балаларда 7-8 жасында жоғалады,ал табан қызметі қалпына келеді.

                    

   Туа біткен және жүре пайда болған жалпақтабандылықта болады. Туа біткен жалпақтабандылық сирек кездеседі. Әдетте бұл тік жалпақтабандылық, ол табан пронациясымен бірігеді (жалпақ вальгусты табан). Бұл жалпақтабандылықтың себебі табан элементтерінің құрсақ ішілік дұрыс дамымауы. Түа біткен жалпақтабандылықты 5-6 жасында ертерек анықтау қиынға соғады, өйткені осы жастан барлық балаларды жалпақтабанның барлық элементтері анықталады. Дегенмен 3℅ жағдайда жалпақтабандылық туа біткен болады.  

   Жүре пайда  болған жалпақтабандылық себебі  -  аяқ бұлшықеттерінің салдануы мен әлсізднуі, жарақаттан кейін асқыну, кальций-фосфор алмасуының бұзылуы, рахит. Жүре пайда болған жалпақ табандылық тік (табанның тік күмбезінің жалпаюы) және көлденең (табанның алдыңғы бөлімінің өзгеруі) болуы мүмкін. Егер тік және көлденең күмбездердің жалпаюы болса , онда комбинирленген жалпақ табандылық туралы айтуға болады.

 


 

 

 

 

   Көлденең  жалпақтабандылық кезінде табанның                                    көлденең күмбезі жалпаяды, оның алдыңғы бөлімі барлық бес табан сүйектерінің бастарына тіреледі, ал қалыпты жағдайда 1 және 5-ші табан сүйектеріне сүйенеді, аяқ бсыны ұзындығы табан сүйектерінің веер тәрізді ажырауынан, 1-ші саусақ сыртқа қарай шығыңқы тұруы және ортаңғы саусақтың  балға тәрізді түрге ену деформациясы байқалады.

                                                                            Көлденеең жалпақтабандылық  табанның түзу проекциясына күш түсіру арқылы рентгенограммада анықталады.Табанның тік проекциялық рентгенограммасы вертикаль бағытта өлшемдері13*18 немесе 18*24 см таспада жасалады.Адам аяғымен таспаның үстіне орындыққа сүйене отырып тұрады. Орталық сәуле вертикаль бағытта таспаның ортсына қарай бағытталады. Көлденең күмбезде 1-ші саусақ пен 1-ші табан сүйегі остерінің арасындағы бұрышты анықтайды. Қалыптыда ол15˚.

   Процесс барысында 1-ші  табан сүйек ішке ығысады, ал 2-өкшеге қарай бағытталады,асқыну кезінде 1-ші табан сүйек медиальды бағытталады, ал қалған сүйектер өкшеге ығысады. Барлық сүйекаралық кеңістіктер кеңейеді.

   Жалпақтабандылықтың асқынуына  байланысты табанға түскен күш  өзгереді, сыртқа ығысады. Негізгі  күш 2 және 3 табан сүйектеріне түседі. Олар гипертрофильденеді. Олардың дафизі кртикальді қабатпен жабылған, периостоздар пайда болады. Артынан 1 саусақ сыртқа ығысады (Hallux valgus)                 

   Айқын көрінген көлденең  жалпақтабандылық кезінде 2 және  3 саусақтардың балға тәрізді қисаюы туындайды. 1 табан сүйектің басы дегенеративті-дистрофиялық өзгеріске ұшырайды, ол деформацияланады, үлкейеді және киста тәрізді өзгеріске ұшырайды. 

   Көлденең жалпақтабандылық  салдарынан, табанның көлденең жалпақтануы әлсіз болса да ескеру керек. ЖЖалпақтабандылық пайда болып, жылдам прогрессирленетін ауруға жатады. Сондықтан көлднең уүмбез мүлдем анықталмау керек. Бұл саусақтардың деформациясыныың  себебі, олар балға тәрізді пішінге ие болады.

   Жалпақтабанды  адамдар аяқтарын ажыратып, тізесін әлсіз бүгіп, қоларын бұлғап жүреді. Оларда әдетте табанның ішкі жағы тозады. Жалпақтабандылықты нақты анықтау үшін дәргер – оттопедке қарлу керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                Тік жалпақтабандылық кезінде табанның жүкпен бүйір проекциясындағы рентгенограмма анықталады.

   Жалпақтабандылық  дене салмағымен тікелей байланысты: дене салмағы ауыр болса, аяқ  басына үлкен күш түсіп, жалпақтабандылық  ұзыннан болады. Бұл патология  көбінесе әйелдеде кездеседі.  Тік жалпақтабандылық әсіресе 16-25 жаста, алкөлденең жалпақтабандылық 35-50 жаста кездеседі.                                 

   Бүйір проекциясындағы  табан рентгенограммасы вертикальді  өлшемдері 18-24 немесе 24-30 см таспада  көрсетілеі.Зерттелуші 5см биіктіктегі  ағаш затта тұрады. Оның сыртқы жиегі ағаш заттың сыртқы шетіне сәйкес, ал екінші аяғын артқа әкетіп,қолмен орындыққы тіреледі. Касета ағаш заттың ішкі жиегінде үстелде табан маңайында ұзын қабырғамен орналасады және қолға тығыз жанасады.Орталық сәулені табнның сыртқы беті арқылыгоризонталь таспа ортасына бағыттайды. 

   Тік жалпақтабандылықтың дәрежелері

   I Кез бұрышы 131-140, күмбез биіктігі 25-35 мм. Табан сүйегінің деформациясы жоқ.

II Күмбез бұрышы 141-155, күмбез биіктігі 17-24мм. Өкше сүйегі қысқарған, мойны анықталған. Тобық – ладье тәрізді байламда деформацияланған артроз немесе табанның сыртқы беткейінде байлам аппаратының тармақсыздануы болуы мүмкін.

III Күмбез бұрышы 156 және одан да биік, күмбез биіктігі 17мм-ден төмен.

   Әлсіз көрінген жалпақтабандылық  кезінде (І-дәреже) физикалық күш түсуден кейін аяқ шаршайды, өкшеге басқанда ауырсынады. Жүрісі өзгереді.

  ІІ-дәрежедегі жалпақтабанды  адамдарда ауырсыну тек өкшеде  ғана емес, сонымен қатар балтыр аймағында сезіледі. Ол қатты және жиі ауырады. Табан бұлшықеттері серпінділігін жоғалтады, жүрісі өзгереді.

  Жалпақтабандылықтың  ІІІ-ші дәрежессі – табанның  сыртқы айқын деформациясы. Әдетте  науқастар дәргерге осы дәреже  де барады. Өйткені табанда, балтырда ауырсыну, ісіну. Сондай-ақ тізе буындарда жиі сезіледі.Әсіресе белде қатты ауырсыну болып, бос ауырсыну ппайда болады. Далпақтабанның ІІІдәрежесінде спортпен айналысу мүмкін емес, жүрісі өзгеріп, баяулайды, қиындайды. Әдеттегі аяқ киіммен адам жүре алмайды.Жарақаттық жалпақтабандылық табан буынын немесе өкше сүйектерін сындырғаннан кейін пайда болады.Салданған жалпақтабандылық аяқ басы бұлшықеттерінің мен    балтырдан басталатын бұлшықеттердің салдануынан, мысалы полиомиелиттен кейін дамиды.

   Рахиттік жалпақтабандылық табанның әлсізденген сүйектеріне дене салмағының артуынан түсетін ауырлықтан пайда болады.            

   Cтатикалық балтыр және табан бұлшықетерінің, байлам аппараттарының және сүйектерінің әлсіреуі нәтижесіеде болады. Статикалық жалпақтабандылықтың дамуы әртүрлі болады: дене салмағының көбеюі, тұрып жұмыс істеу, физиологиялық қартаю кезеңіндегі бұлшықеттердің күшінің азаюы. Табан деформациясын дамуына ықпал ететін себептергемамандықпен байланыстытабанның шаршауы (аяқ басының құрылымы қалыпты әйел 7-8 сағат тігін цехында өткізсе, осы ауруға тап болады), үй-тұрмыс жұмыстарынжүргізетінадам, ыңғайсыз аяқ киім кию және т.б. жатады.  

      Жалпақтабандылықтың алдын алу

   Дұрыс жүрісті  тәрбиелеу – жүріс кезінде  аяқ басын ажыратпауға тырысу керек, яғни табанның ішкі жиегіне күш түсірмеу үшін.Ұзақ уақыт тұратын маманды адамдарға аяқ басын паралель орналастырып, анда- санда демалдырып отыру ұсынылады (күніне 3-4 рет табаннның сыртқы жағына тұрып, осы қалыпта 30-40 сек тұру керек).Жұмыс күнінің соңында жылы ванналар ұсынылады (су температурасы 35-36) .Негізгі әдістер:сипалау, уқалау, әр бағытта қозғалту, саусақ жастықшаларымен соққылау.

   Бір курс ұзақтығы 1,5-2 ай, бір процедура уақыты 10-12 мин.  Арнайы шынықтыру әдістері ескеріледі: тегіс емес беткеймен, құммен аяқкиімсіз жүру, аяқ ұшымен жүру, секіру, ойындар (волейбол, баскетбол) . Аяқққа сәйкес келетін аяқ-киім кию керек.

                             Жалпақтабандылықты емдеу

Емдеу үшін ұсынылатын электростимуляторлар:

  1. Электроостимуляторлар ЭСРВ-01 комплектацияда: электронды блок ЭСРВ-01 және биокомпресс БиКир. Процедура ұзақтығы 3-4 сағат,курсы 25-30 күн.
  2. Электростимулятор «ПАТРА» комплектацияда: Патра-микро немесе Патра-мини ауырсыну синдромдарынан құтылуға көмектеседі. Ұлпаның трофиктерін жақсартады, табанның бұлшықетті-байлам аппараттарын күшейтеді.

    Патра –  микроны қолданған кезде аяқты  тұздалған суы бар ыдысқа салу  керек,ал Тустеп басының элекроттарының  суда ұстау керек,біреуін үлкен  саусақ маңына,ал екіншісін өкше маңында.Суды 2-3 см.құяды.Табандарды жақындатып,ал тізені алшақтатып табан сыртындағы бұлшықеттерді жаттықтыруға болады.Керісінше тізені жақындатып,ал табанды алшақтатып табанның ішкі жағындағы бұлшықеттерді жаттықтыруға болады.Патра-миниді сусыз қолдануға болады,екі полюсті электродты табанға тікелей орнату арқылы.Процедура ұзақтығы 20-30 минут,курсы 20-25 күн.

                         Жалпақтабандылықты массаж арқылы емдеу.          Массаж –жалпақтабандылықты емдеудің жақсы бір тәсілі болып табылады. Ол ауырсынуды басып,лимфа- және қан айналуды жақсартады,әлсізденген бұлшықеттерді қатайтады.Массажды келесі тізбек арқылы жүргізу қажет:балтыр бұлшықетінің массажы,балтырдың сыртқы жағының

массажы,табанның ішкі жағының  массажы,табанның массажы,балтыр бұлшықетінің массажы,табан массажы.                

Балтыр бұлшықетінің массажы.

Балтыр бұлшықетінің массажын жасар алдында,массаж жасалатын  адамды екі бетімен жатқызып,балтыр табан буындарының астына валик  салу керек.

  Жасау керек қимылдар:

 Сипалау:   а)тік сызықты ;

                    б)кезектеп.

Уқалау:  а)тұмсық тәрізді; б)көлденең.

 Жаттықтыру :

а)бір реттік;

б)қос сақиналы;

в)комбинерленген;

г)дөңгелек тәрізді бүгілген саусақ фалангтарымен,алдымен бір  қолмен ,кейіннен екі қолмен;

д)дөңгелек тәрізді тұмсық тәрізді.Тік сызықты сипалау.

 

                    Қорытынды       

   Жалпақтабандылық  салдарынан өсіп-бітетін тырнақ  дамиды. Табан, тізе, сан, арқада  ауырсыны жүреді.Аяққа отырғанша,  сәл иілу және отырған кезде  тепе-теңдік сақтау қиын. «Ауыр»  жүріс, яғни жүру кезінде қорбаңдау. Деформацияланған табан (жалпақтабан, қисық, пропорциясыз аяқ саусақтарының ұзаруы, үлкен саусақтағы сүйек, кеңейген табан), тізе (сыртқа немесе ішке қараған), сан (шыққан). Пропорциясыз дамыған және дамымаған аяқ бұлшықеттері.

     Сондықтан  жалпақтабандылықтың барлық алдын  алу шараларын әр адам орындауы  тиіс.Егер жалпақтабандылық ауруына  дұшар болса,тез арада ортопед  дәрігерге барып,барлық емделу  шараларын қолданғаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Қолданылған әдебиеттер

1. Ракышев А.Р.  Адам анатомиясы 1,11 том 2004

2. Ракышев А.Р.  Адам анатомиясынын атласы, 1, II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3.  Жумабаев  У., Әубәкіров Э.Б, Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы,  атлас. 1,11,III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Жоспар:

       Кіріспе

Табан  күмбездері

       Негізгі бөлім

1.Табан күмбезінің  жалпаюы

2.Жалпақ табандылық түрлері:

                 а)тік жалпақтабандылық 

                 б)көлденең жалпақтабандылық

                 в)жалпақтабандылықтың үш дәрежесі

3.Жалпақтабандылықтың  алдын алу

4.Жалпақтабандылықты  емдеу 

        5.Қорытынды.

6.Қолданылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  Денсаулық Сақтау Министрлігі.

              Семей Мемлекеттік Медицина Университеті.

                   Анатомия және гистология кафедрасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      ЭССЕ

 

 

Тақырыбы:Табан  күмбездері,табан күмбездерін қатайту механизмдері.Жалпақтабандылық.

 

 

                                             

 

                                                   

Информация о работе Табан күмбезінің жалпаюы – жалпақтабандылық деп аталады