Тұлға мен қол-аяқ сүйектерінің жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:13, реферат

Описание

Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ , оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бүзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Сүйектердің жыныстық ерекшеліктері әйелдердің иығы қушықтау да,жамбасы кеңдеу, аяқ-қолдары бір шама қысқалау, ал тұлғасы қысқалау болады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сүйекке жалпы мәлімет
2. Сүйектердің жыныстық ерекшеліктері
3. Сүйектердің жастық ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Абдурахманова Айтурған.pptx

— 610.91 Кб (Скачать документ)

Тұлға мен қол-аяқ сүйектерінің жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктері

 

Орындаған:Абдурахманова  А

Тобы:101 “А” ҚДС

Қабылдаған:Турекулова А.К.

Жоспар 

 

    • І. Кіріспе
    • ІІ. Негізгі бөлім

             1.  Сүйекке жалпы мәлімет

             2. Сүйектердің жыныстық ерекшеліктері

             3. Сүйектердің жастық ерекшеліктері 

    • ІІІ. Қорытынды
    • ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

   Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен  жас өспірімдердің сүйектері  серпімді, жұмсақ , оңай өзгергіш  келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды  дұрыс орындамағанда сүйектері  тез бүзылып, ден саулығына  зиян болады. Әсіресе мектепке  дейінгі және бастауыш сынып  оқушыларының сүйектері өте серпімді  болады. Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Сүйектердің жыныстық ерекшеліктері әйелдердің иығы қушықтау да,жамбасы кеңдеу, аяқ-қолдары бір шама қысқалау, ал тұлғасы қысқалау болады.

    • Osteologiya бұл сүйектер жайлы ілім болып табылады. Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты түлғасы. Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
    • Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Қаңқаның атқаратын механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетімен сипатталады.

 

Сүйек кұрылымы

 

Сүйек, os, ossis, тірі оррганизімнің мүшесі ретінде бірнеше тіндерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек тіні. Айтып кеткендей сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекте аралас болуы оған аса беріктікпен серпімділік қасиет береді. Бұған сұйектің жасқа байланысты өзгеруі де дәлел болады. Жас балалардың сүйегінде оссеин кобірек болғандықтан, олар өте иілгіш және көп сына бермейді. Керісінше қартайғанда, сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың арақатнасы өзгеріп, бейорганикалық заттар көбейгенде, сүйектің майысқақтығы кеміп, олар морт сынғыш келеді, соның нәтижесінде қарт кісілерді сүйектін сынуы жиі кездеседі.

    • Ересек  адамдар денесінің орташа ұзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде 154 см. Дененің бойлап өсуі 18-19 жаста, әйелдерде 16-17 жаста тоқтайды. Кей жағдайларда адамның бойының өсуі айтылған жаспен шектелмей 25 жасқа дейін жалғаса береді, ол көбінесе ішкі секреция бездері қызметінің артуына байланысты. Әйелдердің кеудесі еркектерден қысқалау және тарлау, соның салдарынан және жамбасынан көбірек көллбеулігінен әйелдін іші ұзындау келеді.

 

 

Ересек  адамдар  денесінің орташа ұзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде 154 см. Дененің бойлап өсуі 18-19 жаста, әйелдерде 16-17 жаста  тоқтайды. Кей жағдайларда адамның  бойының өсуі айтылған жаспен шектелмей 25 жасқа дейін жалғаса береді, ол көбінесе ішкі секреция бездері  қызметінің артуына байланысты. Әйелдердің кеудесі еркектерден қысқалау және тарлау, соның салдарынан және жамбасы кеңдеу аяқ-қолдары бір шама қысқалау, ал тұлғасы ұзындау

 

Сүйектің жыныстық ерекшеліктері

Тұлға сүйектері

 

    • Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде суйегі жатады. Омыртқа жотасы(columna vertebralis) – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа бағанасының жалпы ұзындығы ер адамда  73-75см, әйелдерде 69-71 см болады. Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары үзарып, жуандайды 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды.

 

 

 

          

    • Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дау болады. Адамның IV-V-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп қүйымшақ сүйегіне айналған. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

 

    • Көкірек қуысының сүйектері. Түлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын

қабырға және төс  сүйектері жатады.

    • Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрыш ында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.
    • Төс сүйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.
    • Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.

 

Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері.

 

    • Қол. Жүктіліктің 3 аптасынан мезенхима жасұшалары топталып, сүзгіш тәрізді қол бұршіктері пайда болады. Жұктіліктің 7 аптасында бармақ бұршіктері пайда болады,олар өз ара қосылған болыб, 8 аптасында 5 жеке бармақшаларға ажырайды. Жаңа туылған баланың қолы денесінен қысқа және аяқтан ұзындау болады. Қол сүйектері аяқ сүектеріне қарағанда жұкалау жеңілдеу жене өте қозғалмалы болып келеді.
    • Аяқ. Адамның аяқатры дененің кеңістікте орын аустыру қозғалу үшін ғана қызмет етеді, әрі сонымен бірге бүкіл дене салмағы түсетін тіреніш болып табылады, сондықтан төменгі қол-аяқ сүйектері қалындау, ауырлау және жоғарғы қолға қарағанда олардың араларының қозғалғыштығы әдеуір төмен.
    • Қол сүйектерінің белдеуі (cingulum membri superioris) екі жұп сүйектен тұрады бұғана және жауырын.Қолдын еркін бөлігінің қанқасы(skaleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.
    • Аяқ сүйектерінің белдеуі (cingulum membri inferioris) екі жұп жанбастан тұрады. Аяқтын еркін бөлігінің қанқасы (skeleton membri inferior liberi) ортан жіліктен, екі сирақ сұйегімен аяқ ұшы сұйектерінен құралады. 

Қол сүйектері

 

    • Қол сүйектерінің белдеуі (cingulum membri superioris) екі жұп сүйектен тұрады бұғана және жауырын.Қолдын еркін бөлігінің қанқасы(skaleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.
    • Ж а у ы р ы н - жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.
    • Бұғана бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ үшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.

  
                                                                                    
 
 
 
 
                                                 Қолдын еркін  бөлігі

 

Қолдын еркін бөлігінің  қанқасы(skaleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен қүралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады.

Тоқпан  жілік (humerus),

 

Жүктіліктің 8 аптасынан оның диафизінде пайда  болады. Туатын кезде тоқпан жіліктің проксималды эпифизі әліде шеміршектен  тұрады. Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Шынтақ жілік

( ulna) бірінші жүктіліктің 8 аптасында пайда бола бастайды. Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде

18-22 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл ерте қатады.

 

Жаңа туылған балада кәрі жілік (radius)қысқа және басы думалақ болады, мойны жақсы білінбейді. Кійіншелік сүйектін астынғы жағында үш бурыш сүек ойығы пайда болады. 1-7 жаста  сүйек тез өсіп,7 жаста үш кырлы болады. Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.

 

Қол ұшы сүйектері білезік, алақан және саусақтар құрамына кіретін  бунақтардан құралады. Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. Ең алдымен ІІІ-ші, ең соңында І-ші және V-ші сүйектері қатады.

 

Аяқ сүйектері

 

    • Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Әйелдердің жамбасы кеңдеу, ал ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дау болады.

Аяқтын  еркін бөлігінің қанқасы

 

    • Аяқтын еркін бөлігінің қанқасы (skeleton membri inferior liberi) ортан жіліктен, екі сирақ сұйегімен аяқ ұшы сұйектерінен құралады. Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер. Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.

 

    • Асықты (tibia)жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни үзарады. Асықты жіліктің шеміршектері бала неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.
    • Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен қүралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.

 

    • Бақайшақтар бес ұсақ жұмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда - 17, жігіттерде - 20 жасқа дейін өседі.
    • Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен қүралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері осе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.

 

Қорытынды

 

    • Жалпы алғанда сүйектін дамуы жас дәнекер тінді жасушалар – остеобласттар  есебіне  жүреді. Сүйектердің жастық және жыныстық ерекшеліктері ол сүйектердің атқаратын қызметтеріне байланысты болады. Қартайған сүйектін жас сүйектен ерекшелігі. Қартайғанда сүйек жүйесі едәір өзгеріске ұшырайды. Сүйек табақшаларының саны азайып, сүйектің босауы(остеопороз) байқалады және сүйек өсіндісі түрінде сүйектің артық пайда болуы, бұын шеміршегінде, байламдар және сіңірлерінің сүйекке бекитін жерінде ізбестену жүреді

Информация о работе Тұлға мен қол-аяқ сүйектерінің жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктері