Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 08:43, реферат
Антропометрия әдісі ( аnthropos-адам, metreo-өлшеймін) негізінде адам денесінің құрылымдық және қызметтік нышандарын өлшейді. Адам денесін өлшеуден басқа дененің кейбір өлшеуге қолайсыз бөліктерін көзбен бақылау арқылы көрген нышандарын тіркеп отырады. Адам денесін өлшеу әдісі қолайлы, оңай болғандықтан, оны спортшының дене шынықтыруын үнемі бақылау кезінде қолданады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне қарай спортшының қандай спорт түрінен жақсы нәтиже көрсетінін болжайды және спортшының жеке басына әлеуметтік күшті( жаттығу мөлшерін) есептеп беруге жәрдем етеді. Сондықтан адам денесін өлшеу әдісін әрбір студент (келешек ұстаз) бес саусағындай жатқа білетін болуы қажет.
1. Кіріспе:
Антропометрия әдісінің түсінігі.
2. Негізгі бөлім:
Адам денесін өлшеудің әртүрлі тәсілдері
3: Қорытынды бөлім:
Семей Мемлекеттік Медицина Академиясы
Қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасы
Тақырыбы: Тірі адамды зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері.
Семей 2009
Жоспар:
1. Кіріспе:
Антропометрия әдісінің түсінігі.
2. Негізгі бөлім:
Адам денесін өлшеудің әртүрлі тәсілдері
3: Қорытынды бөлім:
Антропометрия әдісі ( аnthropos-адам, metreo-өлшеймін) негізінде адам денесінің құрылымдық және қызметтік нышандарын өлшейді. Адам денесін өлшеуден басқа дененің кейбір өлшеуге қолайсыз бөліктерін көзбен бақылау арқылы көрген нышандарын тіркеп отырады. Адам денесін өлшеу әдісі қолайлы, оңай болғандықтан, оны спортшының дене шынықтыруын үнемі бақылау кезінде қолданады. Бұл көрсеткіштердің өзгеруіне қарай спортшының қандай спорт түрінен жақсы нәтиже көрсетінін болжайды және спортшының жеке басына әлеуметтік күшті( жаттығу мөлшерін) есептеп беруге жәрдем етеді. Сондықтан адам денесін өлшеу әдісін әрбір студент (келешек ұстаз) бес саусағындай жатқа білетін болуы қажет.
Адам денесін өлшеу кезінде мынадай белгілі талаптарды сақтаған жөн:
1. Денені түске дейінгі уақытта өлшеуі керек. Өйткені түстен кейін, әсіресе кешке қарай адамның бойы аздап шөгеді.
2. Дененің өлшейтін бөлігі жалаңаш болуы шарт. Тексерілетін адам жалаңаяқ немесе жұқа аяққаппен тегіс жерде тұрады. Сондықтан әсіресе қыста бөлме температурасының 18-20º-тан төмен болмағаны дұрыс.
3. Өлшенетін адам денесін тік ұстап, тұлғасын түзу, екі қолын екі жағына салбырата, тізесін түзу(жазылған қалыпта), екі өкшені бір-біріне тиістіріп, аяқ басын аздап аздап алшақтата ұстап тұруы тиіс. Құрсағын аздап ішке тартып, басын тік ұстаған кезде көзі мен құлағы бір деңгейде, дәлірек айтқанда, оң көз шарасының төменгі жиегі құлақ бүртігімен бір деңгейде болатындай қалыпта тұруы керек. Мұндай талап үш жасқа дейінгі балаға қойылады, керісінше оларды тегіс жерге жатқызып өлшесе де болады.
4. Әрбір адамның денесін өлшегенде оны зарықтырмай, өлшеуді өте тез (аз уақытта) бітіруге тырысу керек.
5. Денені
өлшеу кезінде бір көрсеткішті
2-3 рет қайталап өлшегенде
6. Тексерілетін
адамның қандай
7. Дене өлшемін алғанда дене ыңғайына арналған арнайы аспаптар (құралдар) қолданған жөн.
Дене
өлшеуге арналған мынадай
1) Темірден жасалған Мартиннің жылжымалы өлшеуіші (антропометр Мартина);
2) Ағаштан жасалған бой өлшеуіш.
3) Жуандық
өлшейтін үлкен және кіші
4) Темірден жасалған жылжымалы циркуль;
5) Темірден,
металдан немесе резина
6) Өлшем дәлдігі 50 граммдық медициналық таразы;
7) Семіздік өлшеуіш (калипер);
8) Күш өлшегіш (алақанға, табанға арналған)-динамометр;
9) Буын өлшеуіш (гониметр);
10) Табан өлшегіш (стопомеры) қолданады.
Адам тік тұрғанда және отырғанда бойының ұзындығын өте дәл өлшейтін құралдар-темірден жасалған Мартиннің жылжымалы дене өлшеуіші және ағаштан жасалған бой өлшеуіш (0,2-0,5 см дәлдікке дейін өлшей алады). Осы өлшеуіштермен қол-аяқтың, тұлғаның ( қар, білек, қол басы, сан, балтыр, аяқ, басы) ұзындықтарын да өлшеуге болады.
Жуандық өлшеуіш және
жылжымалы циркуль
Мүшенің шеңберін, айнала жиегін және олардың мөлтектерін миллиметрлік таспамен өлшеуге болады.
Тері астындағы май қабатының қатпар қалыңдығын семіздік өлшеуішпен (калипермен) анықтайды. Қатпарлардың қалыңдығына қарай тері астындағы майдың жиналу дәрежесі (семіз-арықтығы) айқындалады.
Күш өлшеуіштерді (динамометр) тек алақанға салып, саусақтармен сығу және табанға салып, тұлғаны жазу үдерістерін анықтау үшін ғана емес, дене бөліктеріндегі күшті зерттеуге де пайдалануға болады.
Буын өлшеуіші арқылы буынның қозғалу мүмкіндігін градус арқылы анықтайды. Денедегі буындардың қозғалғыштығын анықтау арқылы спортшының ептілігіне, денесінің иілгіштігіне баға беріледі.
Адамның дене құрылысына, дамуына баға беруде спортшыны арнайы құрылым өлшеуіші (мофометрия) торының тұсында суретке түсіру әдісі де пайдаланылады.
Спорттағы дене өлшемдерін талдағанда оларды үш топқа: бойы, көлденеңі (диаметрі) және аумағы деп бөледі. Спорттағы дене өлшемдерінің барлығы тексерілетін адамда бірдей болуы және салыстырмалы дәлділігі тура келуі үшін дене өлшем нүктелері белгіленеді. Ондай белгілер: сүйектің томпақ жерлері, өсінділер, айдаршалар, байланысқан сүйек жиектері, тері-бұлшықет қатпары (бөкседе айқын көрінеді), емшек емізігі, кіндік, мықын, т.б. белгілерге қарай анықталады. Мұндай дене өлшемдері алғашқыда (әсіресе жаттығу кезінде) саусақпен сипалып, денені ауыртпай абайлап басып анықталады да бірнеше рет өлшеу үшін анықталған белгіні арнайы теріге жұғатын қаламмен (дермография қарындашымен) сызып, белгілейді.
Төмендегідей дене өлшем нүктелері өте жиі қолданады:
1. Тас төбе-адам денесін тік ұстап, алға қараған кезде көз шарасы мен құлақ бір деңгейде болғандағы төбенің ең жоғарғы нүктесі.
2. Төс басы-төс сүйектің алқа тәрізді бөлігіндегі мойындырық ойығының терең ортасы.
3. Төс етегі-төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісіндегі төс денесіне жалғасқан жерінің ортасы.
4. Топшалық-жауырын тапшысы өсіндісінің төменгі жиегі (топша буыны).
5. Шыбықтық-шыбық сүйектің ең жоғарғы басындағы сыртқы-алдыңғы беті, шынтақ буынының қар-шыбық бөлігіндегі саңылаудың тұсы.
6. Қоспалық-шыбық сүйектің төменгі басындағы біз өсіндісінің тұсы (қоспа буыны).
7. Саусақтық-алақан-саусақ буыны.
8. Ортан саусақ ұшы-ортан саусақтағы тырнақ бақайшағының тырнақ тырнақ асты жұмсақ бетінің төменгі ұшы.
9. Мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісі-мықын сүйектің алғы шығыңқы мүйісі.
10. Қасаға-шаттағы екі сүйектің қосылған қоспасы.
11. Мықын-қалқан қыры-мықын сүйектің оң сол жағына сыртқа қарай шығыңқы қыр нүктесі.
12. Жіліншіктің жоғарғы басының ішкі жағы-тізе буының ортаңғы бетіндегі байлам тұсы.
13. Жіліншіктің төменгі басының ішкі жағы-тілерсек буынының ортаңғы беті, оның тобық басының асты.
14. Өкше-өкшенің ең артқы нүктесі.
15. Аяқ ұшы-1 немесе 2 немесе 3 тырнақ башпайының жұмсақ бастары.
Дене өлшеуіштерін үнемі жоғары қаратып ұстау керек. Денедегі өлшеу нүктелерін жоғарыдан төмен қарай өлшейді. Жұп нүктелер (симметриялы дененің оң жағынан), ал жеке нүктелер (симметриясыз) дененің сол жағынан өлшенеді.
Дененің ұзынша өлшемінің анықтамасы. Дененің ұзынша өлшемін анықтағанда екі дене өлшем аралығын кескінді түрде тік жазықтыққа қарастырады.
Кескінді өлшеудің
екі жолы бар. Бірінші жолы-
Адамның бойы-еденнен тас-төбе нүктесі аралығындағы қашықтық.
Тұлға ұзындығы-еденнен төс басы және қасаға нүктелерінің айырмасына (немесе төс басы мен қасаға арасына) тура келеді.
Дене ұзындығы-аяқтан басқа дейінгі бөлік.
Қолдың ұзындығы-еденнен топшы және ортан саусақтың ұшы нүктелерінің айырмасына (немесе топшы мен ортан саусақ арасына) тең өлшем.
Қардың ұзындығы-еденнен топшы және шыбықтық нүктелердің айырмасы (немесе шыбықтық пен шыбықтың біз өсіндісі арасына) тура келетін өлшем.
Қолбасы ұзындығы-еденнен шыбықтың біз өсіндісі және ортан саусақ ұшы нүктелерінің айырмасы(немесе шыбықтың біз өсіндісі мен ортан саусақ ұшының арасына) тең өлшем.
Аяқтың ұзындығы-еденнен мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісі және қасағаға дейінгі өлшемге тең.
Санның ұзындығы-еденнен ұршық және жоғарғы жіліншіктің жоғарғы басының ішкі беті нүктелерінің айырмасы (немесе ұршық пен тізе буыны арасына) тең өлшем.
Балтырдың ұзындығы-еденнен жіліншіктің жоғарғы басының ішкі беті (тізе буыны) және жіліншіктің төменгі тобық басының асты (тілерсек буыны) нүктелерінің айырмасы (немесе тізе буыны мен тілерсек буынының арасына) тең өлшем.
Аяқбасының ұзындығы-өкше мен аяқ ұшы нүктелерінің арасына тең өлшем.
Адам денесінің көлденең өлшемінің анықтамасы.
Дененің көлденең
өлшемдерін анықтаған кезде
Дененің көлденең өлшемдері мынадай болады.
Жауырын кеңдігі немесе топша аралық диаметрі-екі қолды түсіріп, денені еркін ұстаған күйдегі оң және сол топша нүктелерінің ара қашықтығына тең өлшем.
Мықын кеңдігі немесе мықын-қалқан қырының диаметрі-оң және сол мықын-қалқан қырының ара қашықтығына тура келетін өлшем.
Кеуденің көлденең өлшемі-екі қолтық астындағы ең кеңейген қабыртқа иіндерінің арақашықтығына тең.
Кеуденің алды-арты өлшемі-төст
Шынтақтың көлденең өлшемі немесе қардың төменгі бөлігінің диаметрі-жілік басының сыртқы және ішкі айдаршаларының ара қашықтығы.
Қоспаның көлденең өлшемі немесе білектің төменгі бөлігінің диаметрі-шыбық және шынтақ сүйектердің біз тәрізді өсінділерінің ара қашықтығы.
Тізенің көлденең өлшемі немесе санның төменгі бөлігінің диаметрі-ортан жіліктің сыртқы және ішкі ортадағы айдаршаларының ара қашықтығы.
Тілерсектің көлденең
өлшемі немесе балтырдың
Адам денесінің жуандық (құшақ) өлшемінің анықтамасы. Бұл өлшемнің миллиметрлік таспа арқылы өлшенетіні жоғарыда айтылды. Өлшейтін адамға бетпе-бет тұрып, таспамен құшақтай өлшеген кезде көлденең жазықтықтағы таспаның нөлдік белгісі тұсындағы сан көрсеткіші алынады. Таспамен өлшегенде оның ізі денеге батпауын және теріні таспаның қатпарлап қыспауын қадағалау керек. Егер таспа матадан жасалса, оны пайдаланар алдында бірнеше рет созып, босату арқылы реттеп алған жөн және мұндай таспаны 30-50 адам өлшеу соңынан міндетті түрде ауыстыру керек.
Адам денесінің жуандық өлшемдері мынадай:
Тыныштық қалыптағы кеуде
Тыныс алғандағы кеуденің жуандығы-өлшеу тәсілі жоғарыдағыдай, бірақ тыныс ішке тартылған кезде ғана өлшем алу керек. Бұл кезде тексерілуші екі иығын жоғары көтермей, бір қалыпты тұратын болсын.
Тыныс шығарғандағы кеуденің жуандығы-өлшеу тәсілі бұрынғыдай, бірақ тыныс барынша шығарылған кезде ғана өлшеу керек. Сонда тыныс толық шығарылып, тыныс алынған кезде кеуде аумағының көрсеткіштерінің айырмасына қарай кеуде қуысының қызметі толық анықталады.
Қар бұлшықетінің жуандығы, бос күйінде-қол еркін төмен салбырап тұрғанда қардың алдыңғы және артқы топ бұлшықеттерінің аумағы көлденең жазықтықта таспаны орап өлшенеді.
Білектің жуандығы-қол еркін төмен салбырап тұрғанда білектің ең жуан жері жоғарыдағыдай әдіспен өлшенеді.
Санның жуандығы-өлшеу әдісі жоғарыдағыдай, таспаны екі бөксенің төменгі жиегінен (қатпарынан) таңып, санның сыртқы бүйір жағына түйістіру арқылы өлшемі алынады.
Балтырдың жуандығы-балтырдың үш басты бұлшықетінің күшті дамыған тұсынан бұрынғы әдіспен өлшем алынады.
Тері-май қатпарының қалыңдығын ангықтау. Тері-май қатпарының қалыңдығын арнайы құрал-калипермен өлшейді.
Өлшеу кезінде тері бетінің 1мм аумағына 10г салмақтан аспауына, сондай –ақ саусақпен қамтып ұстайтын тері аумағы 20-40мм шамадан кем болмауына көңіл аудару керек. Оның үстіне тері-май қатпарының қалыңдығын тек белгіленген нүктелерден ғана анықтау қажет. Мұндай нүктелердің 8 белгіленген аймақтары бар:
1) арқа аймағында-жауырынның
төменгі бұрышы астындағы
2) көкірек аймағында-көкіректің
үлкен бұлшықетінің қолтық
3) құрсақ аймағында-кіндікке жақын оң жағындағы қатпардың қалыңдығы;
4) қардың алдыңғы аймағында-екі басты бұлшықеттің (орта шенінде) үстіндегі қатпардың қалыңдығы;
5) қардың артқы аймағында-үш басты бұлшықеттің үстіңгі қатпарының қалыңдығы;
6) қолбасының сырты-үшінші алақан сүйегінің үстіндегі тері-май қабаттарының қалыңдығы;
7) санның алдыңғы беті-шат байламынан аздап төмен, санның тік бұлшықетінің үстіндегі тері-май қатпарының қалыңдығы;
8) балтырдың артқы беті-нағыз балтыр бұлшықетінің сыртқы басындағы аймақтың тері-май қатпары қалыңдығын атауға болады.