Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 21:12, доклад
Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты болып тұлғалық - бағдарлық білім беруге көшу саналады. Оның ерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, тұлғаның мәдени-ағарту кеңістігінде өзін-өзі көрсете білу тәсілдерінен байқалады. Тұлғалық - бағдарлық білім берудің мақсаты – тұлғаны жан-жақты мәдени дамыту болып табылады.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қазіргі таңдағы мектепті
дамытудың негізгі бағыты болып
тұлғалық - бағдарлық білім беруге
көшу саналады. Оның ерекше сипаты
балаға деген аялы көзқарастан, оның
өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі,
руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі
қажеттілігі мен сұранысын
«Технология» білім беру
саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді
талап етеді. Адамның қайсыбірі
болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде
әрдайым түрлі проблемалық
Оқушылардың, соның ішінде
5-9 сынып оқушыларының технологиялық
мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы
зерттеулерде көрініс алмаған, әйтседе
кейбір еңбектерде оқушыларды еңбекке,
экономикаға, эстетикаға, адамгершілікке
тәрбиелеу проблемасын
Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік ерекшеліктеріне тарихшы-этнографтар (М.Қадырбаев, А.Оразбаев, Қ.Ақышев және т.б.), философтар (Ж.Әлібеков, Б.Байжігітов, Қ.Нұрланова және т.б.), өнертанушылар (Қ.Ибраева, С.Арғынбаев, Д.Шоқпарұлы және т.б.), филологтар да (Р.Шойбеков, М.Өмірбекова және т.б.) аса мән берген.
Демек, қазақ халқының сәндік-қолданбалы
өнері арқылы оқушылардың технологиялық
мәдениетін қалыптастыру қажеттігі
мен оның ғылыми-теориялық негіздерінің
және әдістемелік жабдықтарының
жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы
арасында қарама-қайшылық анық байқалады.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы
өнері арқылы оқушылардың технологиялық
мәдениетін қалыптастырудың тиімді
педагогикалық шарттарын
Бүгінгі таңдағы жаңа технологиялық
кезең әлеуметтік, экологиялық, экономикалық,
психологиялық, эстетикалық және т.б.
факторлар мен салдарларды
Қазіргі таңдағы технология түсінігі адамның түрлі іс-әрекет саласын, осы іс-әрекет пен соған қажетті техникаға қызмет атқаратын білім жиынтығын көрсететін ерекше бір ұғым. Оны адамның теориялық білімді жүйелі түрде қолданудағы ұтымды іс-әрекетінің тәсілі ретінде сипаттауға болады.
Технология қайсы бір болмасын табиғаттың, әлеуметтік объектілер мен іс-әрекеттер туралы білімді түрлендірудің тиімді әдістері бойынша ғылыми-практикалық білімнің негізгі формасы ретінде алға шыға отырып белгілі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Оның әдеттегі ғылыми білімнен ерекшелігі, ол білім ретінде «не» деген, ал технологиялық білім ретінде «қалай» - деген сұраққа жауап береді.
«Технология» ұғымы түрлі іс-әрекет саласында қолданылатындықтан, оған осы жұмысқа байланысты нақты анықтама беру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман әдебиеттерде бұл ұғымды төрт деңгейде қарастыру ұсынылады: философиялық (анықтама өте қысқа нақты беріледі және онда міндетті түрде тектілік белгісінің болуы ескеріледі); пәнаралық (тектіліктен басқа көрнекі белгілері болуы қажет); қортындылау (ең алдымен кішігірім белгілер көрініс алады); эмпирикалық (бұл ерекшеліктер ұғымдарды практика саласында қысқарта пайдалану арқылы толықтырылады).
Біз өз зерттеуімізде «технология» - бұл жоспар бойынша және адамның, қоғамның, табиғатты қорғаудың мүддесіне негізделген болмысты, қуат пен ақпаратты оңтайлы түрлендіріп, пайдаланудағы мәдениет саласы» - деген философиялық деңгейдегі анықтаманы тірек етеміз және қайсыбір технология болмасын жалпыламалық белгілермен (адамдардың кез-келген іс-әрекетінің тәсілі болып табылады; түрлеріндіруші қасиетке ие; практикалық іс-әрекетте ғылыми білімді қолдану нәтижесі болып табылады) сипатталатынына тоқталамыз.
Технологияға көзқарастың өзгеруі мектептегі қазіргі технологиялық даярлықтың ерекшелігін анықтайды. Ол материалдық өндіріс саласына және адамның түрлі іс-әрекетін жүзеге асыруда меңгеретін тәсілдеріне бағытталады. Бұл оқушылардың технологиялық даярлығындағы ерекшеліктерді анықтауды және адамның іс-әрекетіндегі белгілерді ескеруді талап етеді.
Түрлеріндіру іс-әрекеті
көптеген нақты формаларда байқалады
және танымдық әрі құрылымдық-бағдарлы
іс-әрекет мазмұнына қарама-қарсы
келеді. Мысалы, егер танымдық іс-әрекетті
объективті шындықты бейнелеу мен көрсету
негізінде, білім алу процесі
ретінде сипаттау болса, түрлендіру,
негізінен жаңа, бұрынғысынан да жақсы
өнімді, материалды және идеалды өнімді
алуға мүмкіндік береді. Түрлендіру
іс-әрекеті еңбекке қарағанда
анағұрлым кең көлемде
«Технологиялық мәдениеттің» тірек ұғымына жақындастыратын көпқырлы «технология» ұғымына жасаған талдау бізге ғалымдардың оған берген тұжырымдамалық тәсілдерін жүйеге келтіруге және оның жалпы белгілері мен мазмұндық сипатын (лингвистикалық, салалық, ғылыми, мәдени, жүйелілік) ашып көрсетуге септігін тигізді.
«Мәдениет» ұғымына келетін болсақ, ол әлеуметті-философиялық білімнің іргелі категориясының бірі болып табылады, оның ғылымда әлі де болса, нақты белгіленген теориялық статусы жоқ екені белгілі.
Әдебиеттерге жасаған талдау, мәдениеттануда зерттеудің екі бағыты қарастырылатынын көрсетеді: қоғамдық (әлеуметтік) мәдениет және тұлғалық мәдениет. Бірінші бағыттың өкілдері, мәдениеттің бейімділік функциясына яғни қоғамның өзін-өзі сақтауы мен дамуына аса назар аударады. Екінші бағыттың өкілдері мәдениеттің тұлғалық саласын зерттейді, адамға қарым-қатынас және іс-әрекет субъектісі ретінде, әрі оның шығармашылық белсенділігі мен өзіндік жетілуіне зейін аударады, мәдениетті тұлғаның өздігінен дамудағы тәсілі ретіндеанықтайды. Бұл бағыттар әртүрлі мәдениет иеленуші субъектілерінің мәдени процестерін өзара толықтырады және өзіндік ерекшеліктерін мазмұндайды.
Мәдениет адамның іс-әрекетінің нәтижелері мен тәсілдерінің өзара байланыстылығымен сипатталады. Екінші жағынан, іс-әрекет өзінің барлық түрлері мен формаларында адамның мәдениетті жасау процесін, пайдаланылып жүрген мәдениет формаларын меңгеруін және жаңадан жасауын көрсетеді.
Мәдениет, өз кезегінде аса бір жалпылама формада табиғаттың заңдарына, қоғамның сұранысына және қоғамдық өмір әрекеттерінің мақсаттарына сәйкес әлемді түрлердірудегі іс-әрекеттің қабілеті болып табылады. Осыған орай технология және мәдениет «табиғат – тәжірибе – адам – ғылым...» адам әрекетінің жалпы негіздеріне, олардың техникалық құралдарда, барлық әлеуметтік мәдени білімдерде жүзеге асырулу тәсілдеріне қатысты барлық жүйесімен өзара байланысты.
Мәдениет адамның материалдық-
«Технологиялық мәдениет»
түсінігі 1995 ж. Москвада «Технология»
бағдарламасының проблемалары, перспективалары,
жүзеге асыру және ендіру тәжерибесі»
тақырыбына өткен 2-ші халықаралық конференция
шешімінде пайда болды. Онда «тұлғаны
дамытудың негізгі шарттарының
бірі ретінде жастардың
Технологиялық мәдениеттің
құрылымы мен мазмұнын анықтауда
біз, ол элементтердің динамикалық
жиынтығын құрайды деген
Технологиялық мәдениетті төмендегідей өзара байланыстағы құрылымдық компоненттер арқылы көрсетеміз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.
Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның түрлендіру әрекеті процесіне қажетті құндылық бағдарының, мотивтерінің, құзырлық іскерлігі мен адамгершілік-ерік қасиеттерінің кешенімен сипатталады.
Мазмұндық компонент тұлғаның түрлендіру әрекетінің әдістері мен тәсілдері туралы ғылыми және технологиялық білімінің жиынтығын құрайды.
Іс-әрекеттік компонент
тұлғаның меңгерген білім, іскерлік,
дағдысының негізінде алдыға қойған
мақсатқа жетудегі әр түрлі технологияларды
пайдалану қабілеті ретінде сипатталады.
Диссертацияда аталған
Әдетте тұлғаның маңызды
көрінісі, кешенді білімнің – технологиялық
мәдениеттің компоненті сияқты ұзақ,
адамның өмір бойына қалыптасады. Адам
балалық шақтан бастап қазіргі қоғамның
технологиялық мәдениетінің даму деңгейін
көрсететін нақты білімді, іс-әрекет
тәсілдерін меңгере бастайды. Технологиялық
мәдениетті балалық шақта қалыптастыру
айналадағы адамдарға еліктеуге
негізделеді. Мектепке келісімен, бала
технологиялық мәдениеттің
«Технология» білім беру саласы оқушыларды практикалық оқытудың жаңа сатысы болып табылады. Бұл пән оқушыларды еңбекке оқытудың бұрынғы дамытудағы бағыттарын оқушыларға қоршаған ортаның техника-технологиялық саласы туралы толық мағлұмат беретін интеграцияланған бір моделіне жинақтайды, технологиялық мәдениетті саналы түрде меңгеріп алуға септігін тигізеді.
Соңғы жылдары «Технология»
пәні оқушыларға білім беру саласында
қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін
меңгерту мәселесіне аса мән беріп
отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ
халқының сәндік-қолданбалы өнерінің
оқушылардың технологиялық
«Сәндік-қолданбалы өнер»
ұғымы ХХ ғасырдың екінші
Жіктемелердің ішінде біз
Ұ.Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен
қолдаймыз, өйткені бұл қазақ
халқының сәндік-қолданбалы өнерінің
атқаратын міндеттерін